Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері - республикалық мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 942 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық бөлімшелері - республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі қосу жолымен.
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
6. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
7. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
8. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
9. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
10. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
11. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
12. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
13. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
14. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
15. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
16. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 942 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 628-құжат):
4-1-тармақ алып тасталсын.
2. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
7-бөлімде:
мына:
"
7 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 8 023 |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 7 803 |
".
3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 27-1), 27-2) және 27-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"27-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық көмек көлемінің көрсетілуін және ресурстарды тиімді пайдаланудың қамтамасыз етілуін мониторингтеу;
27-2) медициналық ұйымдар қызметкерлерінің ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі жұмысының түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағдарланған уәждеу жүйесін бағалауды жүргізу;
27-3) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде іске асырылатын бағдарламалар мен бағыттардың енгізілуін және орындалуын үйлестіру мен мониторингті жүзеге асыру;";
62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"62) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының үлгілік нысанын бекіту;";
108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"108) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту;";
109), 112) тармақшалар алып тасталсын;
27), 28), 30), 31), 32), 33) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 102-1), 102-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"102-1) ТМККК шеңберінде республикалық бюджет қаражатының есебінен және МӘМС жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтер белгілеуге дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бөлігінде қатысу, сондай-ақ оларды жоспарлау және есепке алу;
102-2) денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінде дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың анықтамалықтарын қалыптастыруға қатысу;";
ведомстволардың қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тiзбесiнде:
"2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық бөлімшелері" деген бөлім алып тасталсын.