"Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 18 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі –
қарыз алушы) "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 262 "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамына кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 60000000000 (алпыс миллиард) теңге сомасында бюджеттік кредит (бұдан әрі – кредит) берілсін.

      2. Қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:

      1) кредит берудің мақсаты агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады;

      2) кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен 2018 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімге жылдық 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;

      3) қарыз алушының кредитті игеру кезеңі әкімші қарыз алушының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі шотына қаражат аударған күннен басталады және 2018 жылғы 1 қарашада аяқталады.

      3. Кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі қосымша талаптар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредит шартында белгіленеді.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және қарыз алушы кредит шартының тараптары болып табылады.

      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының 4-тармағында көрсетілген кредит шартын жасасуды;

      2) кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Об определении условий предоставления бюджетного кредита акционерному обществу "Аграрная кредитная корпорация"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2018 года № 18

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Предоставить акционерному обществу "Аграрная кредитная корпорация" (далее – заемщик) в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 ноября 2017 года "О республиканском бюджете на 2018 – 2020 годы" бюджетный кредит в сумме 60000000000 (шестьдесят миллиардов) тенге (далее – кредит), предусмотренный по бюджетной программе 262 "Кредитование акционерного общества "Аграрная кредитная корпорация" для проведения мероприятий по поддержке субъектов агропромышленного комплекса".

      2. Определить следующие условия предоставления кредита заемщику:

      1) целью предоставления кредита является проведение мероприятий по поддержке субъектов агропромышленного комплекса;

      2) кредит предоставляется заемщику в тенге на условиях срочности, платности и возвратности сроком до 20 декабря 2018 года по ставке вознаграждения, равной 0,01 (ноль целых одна сотая) процента годовых;

      3) период освоения кредита заемщиком начинается с даты перечисления средств администратором на счет заемщика в банке второго уровня Республики Казахстан и заканчивается 1 ноября 2018 года.

      3. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредита устанавливаются в кредитном договоре в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      4. Сторонами кредитного договора являются Министерство финансов Республики Казахстан, Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан и заемщик.

      5. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан и Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) заключение кредитного договора, указанного в пункте 4 настоящего постановления;

      2) контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, погашения и обслуживания кредита.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев