Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б.Сағынтаев |
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын
іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталык және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы қаңтардағы № Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
"Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Р/с | Іс-шаралардың атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Индустрияландыру - жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысы | ||||
---|---|---|---|---|
1. | Өнім экспорты мен технологиялар трансфертіне бағдарлана отырып, отандық кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған жаңа құралдарды жетілдіру және әзірлеу |
мемлекеттік | ИДМ, АКМ, АШМ, ЭМ, ¥ЭМ, Қаржымині, ҚАӨМ, "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
2. | Бірқатар өндірістік кәсіпорындарды цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және алынған тәжірибені одан әрі кеңінен тарату | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ИДМ, АКМ, ЭМ, ҚАӨМ, "Самұрық-Қазына" ¥ӘҚ" АҚ (келісім бойынша) |
2018-2022 |
3. | Назарбаев Университеті, Астана халықаралық қаржы орталығы және ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі инновациялық орталықтарында цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің экожүйесін дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу | АКМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ, "АХҚО" әкімшілігі" АҚ, "Зерде" холдингі" АҚ (Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі) | АКМ, ИДМ, БҒМ, ҰЭМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша), "АХҚО" әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі (келісім бойынша) | |
4. | "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының қызметіне талдау жүргізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ИДМ, ЭМ, Қаржымині, Алматы қаласының әкімдігі, "ИТП" ДКҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы мамыр |
5. | "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қызметін қайта ұйымдастыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ИДМ, АКМ, ҰЭМ, Әділетмині, ЭМ, Қаржымині, "ИТП" ДКҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан |
6. |
Заңнамаға мынадай: жаңа технологиялардың трансферт мәселелерін қоса алғанда, нақты сектордың оларға сұранысын; | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | АКМ, ҰЭМ, ИДМ, Қаржымині, АШМ, ЭМ, ҚАӨМ, ҰБ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ¥БХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ бойынша), "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісім бойынша) (келісім бойынша), Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек |
7. | Еңбек ресурстарының ағынын (өндірісті жаңғырту, цифрландыру кезінде босайтын Жұмыс күшін жұмысқа орналастыру, қайта оқыту) басқару жөніндегі жол картасын әзірлеу мен іске асыру және оның мониторингі | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | Еңбекмині, АКМ, ИДМ, ҰЭМ, ЭМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018-2019 жылдары тоқсан сайын |
8. |
"Цифрлық дәуір" өнеркәсібін (инновацияларға, технологиялар трансфертіне баса назар аудару, өңдеуші өнеркәсіпті цифрландыруға жәрдемдесу) қалыптастыруға бағытталған индустрияландырудың үшінші бесжылдығы тұжырымдамасын әзірлеу |
Қазақстан | ИДМ, ҰЭМ, ЭМ, АШМ, ҚАӨМ, АКМ, БҒМ, Еңбекмині, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша), "ИТП" ДКҚ (келісім бойынша), "Самұрық- Қазына"ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ (келісім бойынша) |
2018 жылғы желтоқсан |
9. | Зияткерлік меншік саласында сараптамалық ұйымдардың қызметі мен ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын әлемдік практикаға сәйкес келтіру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині, ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, БҒМ, АКМ | 2018 жылғы тамыз |
2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту | ||||
10. | Табиғи ресурстарды басқару кезінде кешенді ақпараттық-технологиялық тәсілдерді енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ИДМ, ЭМ, АКМ | 2018 жылғы маусым |
11. | Нормативтік құқықтық актілерге мынадай: кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуіне; энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды жетілдіруді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс | ИДМ, ЭМ, ¥ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек |
12. | "Жасыл технологияға" инвестициялау бөлігінде бизнесті ынталандыру жөніндегі шараларды пысықтау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс | ЭМ, ИДМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы тамыз |
13. | Шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай кәдеге жарату және өңдеу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау | ЭМ-ге ақпарат, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулылары | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек |
14. | Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі жобасының жаңа редакциясын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы | ЭМ, ИДМ, Қаржымині, Әділетмині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2019 жылғы желтоқсан |
3. "Ақылды технологиялар" - агроөнеркәсіптік кешенді қарқынды дамыту мүмкіндігі | ||||
15. |
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына мыналарды: | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, БҒМ, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "KAZAKHINVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Kazakh Export" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы шілде |
16. | Ауыл шаруашылығы кооперациясын одан әрі дамыту және оларды өңірде көбейту үшін өңірдің ерекшелігін ескере отырып, әрбір өңірде модельдік пилоттық ауыл шаруашылығы кооперациясын құру жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс | АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы наурыз |
17. | Халықаралық талаптарға сәйкес техникалық реттеу жүйесін жаңғырту жолымен техникалық регламенттерді бұза отырып өндірілген өнімнен елдің ішкі нарығын қорғауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне үсыныс | ИДМ, АШМ, ІІМ, ЭМ, Әділетмині, БП, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы маусым |
18. | Қауіпсіздікті және "фермадан үстелге" қағидаты бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін қадағалауды қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құру, сондай-ақ ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ветеринариялық қызмет деңгейі бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс | AШM, ДСМ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы мамыр |
19. | Жерді тиімді пайдалану бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ынталандыру және сарапшылар мен жұртшылықты тарта отырып, тиімсіз пайдаланушыларға шара қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс | АШМ, ¥ЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы маусым |
20. | Тиімсіз субсидияларды АӨК субъектілеріне арналған банк кредиттерін арзандатуға қайта бағдарлау және АӨК субъектілері үшін банктік кредиттеуге, микроқаржыландыруға және сақтандыруға қолжетімділікті кеңейту | АШМ бұйрығы | АШМ, ¥ЭМ, Қаржымині, ҰБ, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру | ||||
21. | Цифрлық технологияларды қолдана отырып, Интеллектуалды көлік жүйесін кезең-кезеңімен енгізу бойынша шаралар жоспарын әзірлеу және қабылдау | ИДМ мен АКМ бірлескен бұйрығы | ИДМ, Қаржымині, АКМ, АШМ, "ҚТЖ" ¥К" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
22. | "Блокчейн" сияқты заманауи технологияларды зерделеу және енгізуді қамтамасыз ету және жүк қозғалысын онлайн режімде мониторингілеу және кедендік рәсімдерді оңайлату үшін "ауқымды деректерді" талдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ИДМ, Қаржымині, АКМ, АШМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
23. | Ішкі өңірлік мобильділікті жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен реконструкциялауды қаржыландыруды ұлғайту, жергілікті бюджеттерді ескере отырып жыл сайын бөлінетін қаражаттың жалпы көлемін орта мерзімді перспективада 150 миллиард теңгеге дейін жеткізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылгы желтоқсан |
5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу | ||||
24. |
Мыналарды: құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, сондай-ақ ғимараттарды жобалауда және қала құрылысын жоспарлауда мүлде басқа тәсілдерді қолдануды; | ИДМ бұйрығы | ИДМ, ЭМ, ІІМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
25. | "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасына тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, оның ішінде құрылыс пен ипотекалық кредиттеуді арзандату, тұрғын үймен қамту көрсеткішін 2030 жылға қарай бір тұрғынға шаққанда 30 шаршы метрге дейін жеткізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ,ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, ҰБ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Бәйтерек" ¥БХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2019 жылғы маусым |
26. | Нормативтік құқықтық актілерге көппәтерлі тұрғын үйлерді интеллектуалды басқару жүйелерімен жарақтауды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ИДМ бұйрығы | ИДМ, АКМ, Қаржымині, ¥ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы желтоқсан |
27. | Табиғи монополиялар субъектілерін қызмет тиімділігін және реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасын арттыруға ынталандыруды көздейтін "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау |
Қазақстан | ¥ЭМ, "Атамекен" ҰТСП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
28. | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін барлық қаражат көздерінен жыл сайын кемінде 100 миллиард теңге бөлуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ, ИДМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек |
6. Қаржы секторын "қайта жаңғырту" | ||||
29. | Банктік портфельдерді "нашар" кредиттерден арылту ісін аяқтау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰБ, Қаржымині, ¥ЭМ, Әділетмині |
2018-2022 |
30. |
Мыналар: |
Қазақстан | ҰБ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині | 2018 жылғы сәуір |
31. | Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ | 2018 жылғы маусым |
32. |
Мыналар: | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰБ | 2018 жылғы шілде, желтоқсан |
33. | Бизнесті экономика салаларындағы нақты рентабельділікті есепке алатын мөлшерлемелермен ұзақ мерзімді кредиттеуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰБ, ҰЭМ, Қаржымині | 2018 жылғы шілде |
34. | Инвестициялық ахуалды жақсарту және қор нарығын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан | ҰБ, ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, "АХҚО" әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстан қор биржасы" АҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
35. | Астана халықаралық қаржы орталығының алаңын "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ұлттық компаниялары мен басқа компаниялар акцияларының ІРО өткізуге даярлауды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | АХҚО" әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы наурыз |
36. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ұлтгық компанияларының акцияларын жария орналастыруды кезең-кезеңімен өткізуді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "АХҚО" әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, ҰБ, "Қазақстан қор биржасы" АҚ (келісім бойынша) |
2018-2020 |
7. Адами капитал - жаңғыртудың негізі | ||||
37. |
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына: университеттер жанындағы педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамытуды; орта мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларының бейнесабақтарын жіне бейнедәрістерін интернетте орналыстыруды; цифрлық білім беру ресурстарын дамытуды, кең жолақты интернетке қосуды және мектептерді бейнежабдықтармен жабдықтауды; |
Қазақстан | БҒМ, ҰЭМ, ИДМ, АШМ, АКМ, Еңбекмині, Қаржымині, Әділетмині, ДСМ, МСМ, ЭМ, Қорғанысмині, ҚАӨМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), НЗМ (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
38. | Балалардың ерте жастан дамуы үшін олардың әлеуметтік дағдысын және өз бетінше оқу дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу | БҒМ бұйрығы | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, НЗМ (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
39. | Білім берудің барлық деңгейінде математика 1 және жаратылыстану ғылымдарын оқытудың сапасын арттыру |
Қазақстан | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2019 жылғы қыркүйек |
40. | Орта білім беруде оқушыға түсетін жүктемені төмендету бойынша шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, Еңбекмині, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), НЗМ (келісім бойынша) | 2018 жылғы тамыз |
41. | Білім беру мекемелерінің арасында бәсекелестікті арттыру және жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыруды енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
2018-2020 |
42. | Барлық өңірлерде оқушылар сарайының базасында компьютерлерді, зертханаларды және ЗД-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторлар желісін құру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, ҰЭМ, Әділетмині, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
2018-2019 |
43. | Терминдер мен ұғымдарды аудару тәсілдерін әзірлеу және бұрын аударылған терминдер мен ұғымдарды жалпыға бірдей танылған халықаралық аналогтарға сәйкестендіру тұрғысынан қайта қарау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, МСМ | 2018 жылғы желтоқсан |
44. | Білім берудің барлық деңгейінде 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшудің кестесін әзірлеу және бекіту | БҒМ бұйрығы | БҒМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы сәуір |
45. | Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, АКМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек |
46. | Жоғары білім беру ісінде ақпараттық технологиялар бойынша білім алған, жасанды интеллектпен және "ауқымды деректермен" жұмыс істеуді меңгерген түлектер санын көбейту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ, АКМ, ҚАӨМ |
2018-2020 |
47. | Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, ИДМ, МСМ, ҰЭМ, Қаржымині, ДСМ, АШМ, Қорғанысмині, ҚАӨМ, ЭМ, ІІМ | 2018 жылғы қараша |
48. | Жоғары оқу орындарының шетелдердің жетекші университеттерімен және зерттеу орталықтарымен, ірі кәсіпорындармен және трансұлттық компаниялармен бірлескен жобаларды іске асыруы | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, ИДМ, СІМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, АШМ, Қорғанысмині, МСМ, ІІМ, ДСМ |
2018-2019 |
49. | Басым қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін жеке сектор тарапынан міндетті қоса қаржыландыру талабын енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ, ИДМ, Қаржымині, ¥ЭМ, Әділетмині, МСМ, ДСМ, АШМ, Қорғанысмині, ҚАӨМ, ЭМ, ІІМ | 2018 жылғы қараша |
50. | Заңнамаға жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ жоғары оқу орындарының рейтингін жасауға және бағалауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін бекітуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан | БҒМ, Әділетмині, ¥ЭМ, "Атамекен" ¥КП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
51. | Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен мұғалімдердің лауазымдық жалақысын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 30%-ға көбейту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, Қаржымині, Еңбекмині | 2018 жылғы сәуір |
52. | Санахтар арасындағы алшақтықты арттырып, ұлттық біліктілік тест негізінде біліктілік деңгейін және оның өсуін ескеретін, мұғалімдер үшін жалақы деңгейін 50%-ға дейін арттыруға мүмкіндік беретін педагогтік шеберлік санаты үшін қосымша ақының жаңа кестесін енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ, Қаржымині, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы қараша |
53. | Қоғамдық денсаулықты басқару жөніндегі шаралар жоспарын әзірлеу және қабылдау | ДСМ бұйрығы | ДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы мамыр |
54. | Астана қаласында ғылыми онкологиялық орталық құру жөніндегі іс-шараларды көздей отырып, Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу және қабылдау | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСМ, Қаржымині, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы маусым |
55. | Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін жетілдіру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы мамыр |
56. | Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қөмек тізбесін әзірлеу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2019 жылғы мамыр |
57. | Ақпараттық жүйелерді интеграциялау, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, "қағаз қолданбайтын ауруханаға" көшу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ДСМ, АКМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018-2020 жылдардағы қаңтар, шілде |
58. | Медицинада инновациялық технологияларды енгізу (жасанды интеллект, генетикалық талдау негізінде медицинаны дербестендіру) | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ДСМ, АКМ | 2018-2020 жылдардағы қаңтар, шілде |
59. | Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан, оның ішінде МЖӘ тетіктерін қолдана отырып университет клиникаларын ашу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс | ДСМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2018-2019 |
60. | "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің жаңа редакциясын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы | ДСМ, Әділетмині, Қаржымині, ¥ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2019 жылғы маусым |
61. | Жұмысшыларға қажетті білімді, дағдыларды және құзыретті нақты бекіту арқылы барлық негізгі басым мамандықтар бойынша заманауи кәсіби стандарттарды әзірлеу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | Еңбекмині, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
2018-2019 |
62. | Кәсіби стандарттардың талаптарына негізделе отырып, білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу және/немесе қолданыстағыларын жаңарту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, АКМ, Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
2018-2019 |
63. | Бейресми өз-өзін жұмыспен қамтыған халықты ресмилендіру және оларды ел экономикасына және тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша 2018 - 2019 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс- шаралар жоспарын (Жол картасын) іске асыру |
Қазақстан | Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, БҒМ, Әділетмині, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ¥КП (келісім бойынша) | 2018-2019 жылдары тоқсан сайын |
64. | Өз-өзін жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды қамтуды кеңейтуді көздейтін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасының жаңа құралдарын іске асыру және мониторингілеу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | Еңбекмині, АШМ, БҒМ, ҰЭМ, облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018-2019 жылдардағы қаңтар, шілде |
65. | Бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін ресмилендіруді, еңбек кітапшалары мен еңбек шарттарын электронды нысанға ауыстыруды көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бейресми жұмыспен қамтылған адамдардың қызметін ресмилендіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Еңбекмині, ҰЭМ, АШМ, БҒМ, Әділетмині, АКМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
66. | Республикада электрондық еңбек биржасын іске қосуды көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау |
Қазақстан | Еңбекмині, АКМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы наурыз |
67. | Әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін төлемдер параметрлерін жетілдіруді және олардың еңбек өтілімен өзара байланысын күшейтуді көздейтін "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын жаңа редакцияда әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Ецбекмині, ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ | 2018 жылғы желтоқсан |
68. | Кәмелеттік жастағы бала кезінен I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын ата-аналар үшін мемлекеттік жәрдемақы енгізуді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау |
Қазақстан | Еңбекмині, Қаржымині, Әділетмині | 2018 жылғы сәуір-мамыр |
8. Тиімді мемлекеттік басқару | ||||
69. | Бизнесті реттеуге қатысуды одан әрі азайтуға бағытталған Заң қабылдау |
Қазақстан | ҰЭМ | 2018 жылғы сәуір |
70. | Бизнестің "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қолдауды алу процесін цифрландыруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰЭМ, АКМ, МҚІСҚА, АШТМ, ИДМ, "Бәйтерек" ¥БХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ¥БХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
2018-2019 |
71. | Бизнес-климатты, әсіресе, өңірлік деңгейде жақсартуға және бизнесті қолдауға, оны көлеңкеден шығаруға бағытталған жүйелі шаралардың жаңа пакетін дайындау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰЭМ, МҚІСҚА, барлық орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
72. | Жекешелендіру объектілерінің тізбесін, оның ішінде мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының санын қысқарту есебінен кеңейту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойьшша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы тамыз |
73. | IPO-ға шығарылатын активтерді қоспағанда, жекешелендіру жоспарын іске асыруды жеделдету | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ¥БХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ¥БХ" АҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
74. | Жекешелендіруге жататын мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесін тексеру және айқындау, сондай-ақ әкімшілік шығыстарды азайту мақсатында оларды шоғырландыру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы тамыз |
75. | Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда факторлық-балдық шәкіл негізінде мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру |
Қазақстан | МКДСҚА, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, Астана қаласы мен Маңғыстау облысының әкімдіктері | 2018 жылғы қараша |
76. | Визалық рәсімдерді жеңілдетуді, "кіру-шығу" бақылауын цифрландыруды, инфрақұрылымды дамыту мен туризм саласындағы кедергілерді жоюды көздейтін сыртган келу туризмі мен ішкі туризмді дамыту бойынша шаралар кешенін қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | МСМ, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, АКМ, Әділетмині, ДСМ, СІМ, ИМ, ИДМ, БҒМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша), "Кагакһ Tourism" ҰК" АҚ (келісім бойынша), ҰҚК облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
77. | Бюджетаралық қатынастар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді, функцияларды бөлу және саны мәселелерін қарастыра отырып, шағын және орта бизнестен корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджеттерге беру үшін заңнамалық базаны дайындау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2018-2019 |
78. | Қазақстан Республикасының 2017 - 2020 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясына: нақты уақыт режимінде азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу және жедел ден қою үшін мемлекеттік органдардың заманауи цифрлық технологияларды қолдануы; мемлекеттің "электрондық шекарасын" және Қазақстан Республикасының аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды қоса алғанда, ақпараттық жүйелерді, қондырғыларды сенімді қорғау мен өндірістік және инфрақұрылым объектілерін басқаруға қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы | ҚАӨМ, АКМ, ҰҚК, барлық орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы желтоқсан |
9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі | ||||
79. |
Мыналар: |
Қазақстан | МҚІСҚА, БП, ЖС, Әділетмині,ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы наурыз |
80. | Қылмыстық және әкімшілік-деликтік процестерді, оның ішінде азаматтардың өтініштерін қарау мәселелерінде цифрландыруды кезең-кезеңмен қамтамасыз ету | бірлескен бұйрық | БП, ЖС, МҚІСҚА, ІІМ, ¥ҚК, Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы наурыз |
81. | "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау |
Қазақстан Республикасының | Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы маусым |
82. | Құқықтық мәртебесі мен соттылықты айқындай отырып, тергеу соттарын қалыптастыру | нормативтік құқықтық актілер | ЖС, ЖСК, ГП, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы наурыз |
83. | Ізгілендіру және әсіре қатаңдығын төмендету мақсатында, оның ішінде: әкімшілік құқық бұзушылықтың бірқатар құрамын азаматтық немесе тәртіптік жауапкершілік саласына ауыстыру; ықтимал жеңілдету және төмендету тұрғысынан әкімшілік әрекеттер санкциясын қайта қарау бөлігінде әкімшілік-деликтік зацнаманы одан әрі жетілдіру бойынша түзетулерді пысықтау |
Қазақстан | Әділетмині, БП, ЖС, МҚІСҚА, ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы наурыз 2018 жылғы қазан |
84. |
Заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша: азаматтарды қылмыстық процесте, оның ішінде негізсіз қылмыстық қудалау мен соттаудан қорғау деңгейін жоғарылатуға; құқық қорғау қызметінің ашықтығын күшейтуге, дәлелдеу стандарттарын енгізуге; |
Қазақстан | БП, ЖС, ҰҚК, МҚІСҚА, Әділетмині, ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы мамыр |
85. | Қылмыстық жазаларды орындау жүйесін одан әрі ізгілендіру бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан | ИМ, БП, МҚІСҚА, ¥ҚК, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 жылғы мамыр |
86. | Көшелерде және адам кеп жиналатын орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын бақылайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ІІМ, АКМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018-2019 жылдардағы мамыр |
10. "Ақылды қалалар" "ақылды ұлт" үшін | ||||
87. | Бар тәжірибе негізінде "Смарт Сити" "эталонды" стандартын қалыптастыру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | АКМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, ІІМ, Әділетмині, ИДМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде |
88. | Өңірлік деңгейде бұл жұмысты үйлестіруді күшейте отырып, тиімділігі аз жүйелерді енгізуге бюджет шығыстарын төмендету үшін "Смарт Ситидің" (бір өңір/елді мекен негізінде) озық шешімдерін тәжірибелік сынақтан өткізу тетіктерін әзірлеу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | АКМ, ҰЭМ, ИДМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, ІІМ, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АКМ |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі |
"АХҚО" әкімшілігі" АҚ | "Астана халықаралық қаржы орталығы" әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
"Атамекен" ҰКП |
Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
АШМ |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Әділетмині |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ | "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
БП |
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы |
БҒМ |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
ДІАҚМ |
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі |
ДСМ |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
Еңбекмині |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ЖС |
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
ЖСК |
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі |
"Зерде" ҰИХ" АҚ | "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы |
ИДМ |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі |
"ИТП" ДКҚ | "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры |
"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ |
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ |
"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
"KAZAKHINVEST" ҰК" АҚ |
"KAZAKEITNVEST" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы |
"Қазақстан қор биржасы" АҚ |
"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы |
ҚАӨМ |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Қаржымині |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
Қорғанысмині |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
МҚІСҚА |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
МЖӘ |
мемлекеттік-жекешелік әріптестік |
МСМ |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
"Назарбаев Университет" ДБҰ |
"Назарбаев Университета" дербес білім беру ұйымы |
НЗМ |
"Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы |
НҚА |
нормативтік құқықтық актілер |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы |
СІМ |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
ҰБ |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
ҰҚК |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ҰЭМ |
Қазақстан Республикасыньщ Ұлттық экономика министрлігі |
ІІМ |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ЭМ |
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
"Kazakh Export" АҚ |
"Kazakh Export" акционерлік қоғамы |
"Kazaich Tourism" ҰК" АҚ |
"Кагакһ Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |