Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2018 жылға арналған негізгі бағыттары жөніндегі мәлімдемесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 40 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаты туралы елдің қалың жұртшылығын хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2018 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі мақұлдансын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2018 жылғы 6 ақпандағы
  № 40 қаулысымен
  мақұлданған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2018 жылға арналған негізгі бағыттары жөніндегі мәлімдемесі

      2017 жылы Қазақстан экономикасы 4,0 %-ды құрап, серпінді өсуге шықты. Оң үрдіске инвестициялық белсенділік жылдамдығын және инфляциялық процестердің тұрақтылығын қоса алғанда, сыртқы және ішкі оң факторлар әсер етті.

      Негізгі капиталға түсетін инвестициялардың өсу қарқыны 2016 жылмен салыстырғанда 5,5 %-ды құрап, 2,7 есе жеделдеді. 2017 жылдың басынан бастап жылдық инфляция деңгейі белгіленген дәлізде (6,0-8,0 %) сақталды және желтоқсан айының қорытындысы бойынша 7,1 %-дан асқан жоқ.

      Негізгі сауда әріптестерінің қолайлы экономикалық ахуалы мен әлемдік тауар нарығындағы бағалар коньюнктурасының жақсаруы экспорт және сауда теңгерімінің өсуіне жағдай жасады. Сыртқы сауда айналымы 2017 жылғы 11 ай ішінде 69,5 млрд. АҚШ долл. дейін 25,1 %-ға, оның ішінде экспорт – 43,1 млрд. АҚШ долл. дейін 31,6%-ға, импорт – 26,4 млрд. АҚШ долл. дейін 15,8 %-ға ұлғайды. Сауда теңгерімінің сальдосы 1,7 есе ұлғайды. Жалпы елдің халықаралық резервтері 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 88,8 млрд. АҚШ долл. құрады.

      2018 жылға халықаралық қаржы ұйымдары әлемдік экономиканың дамуын 2017 жылғы 3,5 %-бен салыстырғанда, 3,8 %-ға (консенсус-болжам) дейін жеделдетуді болжауда.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) 2018 жылғы басты міндеті тұрақты экономикалық өсуді 3,0-4,0 % деңгейінде және жылдық инфляция деңгейін 5,0-7,0 % дәлізінде қамтамасыз ету болады.

      Осыған байланысты Елбасының Қазақстан халқына "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Жолдауының негізгі ережелерін ескере отырып, экономикалық саясаттың 2018 жылға арналған басты бағыттары мыналар болып табылады:

      1) макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау;

      2) қолайлы бизнес ахуалды қамтамасыз ету;

      3) цифрлық құрамдауышты қоса алғанда, экономика салаларын дамыту;

      4) көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту.

      Макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау ақша-кредит және бюджет-салық саясаттарының келісілген шаралары есебінен, сондай-ақ қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады.

      Инфляциялық таргеттеу режимінде жүргізілетін Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты 2018 жылы жылдық инфляция 5,0-7,0 % дәлізінде 2020 жылдың соңына қарай 4,0 %-ға дейін біртіндеп төмендету бойынша нысаналы бағдарға қол жеткізуге бағытталады. Инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін ақша-кредит саясатының құралдары пайдаланылатын болады, оның ішінде нақты және болжамды инфляция деңгейіне қарай базалық мөлшерлемесі белгіленеді. Ұлттық Банк еркін құбылмалы айырбас бағамының режимін мүлтіксіз ұстануды және коммуникациялық белсенділікті жақсартуды жалғастырады. Кәсіпкерлік белсенділікті жақсарту үшін экономика салаларындағы нақты тиімділікті есепке алатын мөлшерлемелермен бизнеске ұзақ мерзімді кредиттеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады.

      Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберінде Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының банк секторының қаржы тұрақтылығын арттыру бағдарламасын іске асыруды жалғастырады, экономиканың нақты секторын кредиттеуге қолдау көрсетеді. 2018 жылы номиналды жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) өсу қарқынымен салыстыруға келетін, банктерді қалпына келтіру процесінде кредиттеудің бірқалыпты өсу қарқыны күтілуде.

      Қаржылық реттеу саясаты инвестициялық шешімдердің сапасын арттыруға, қаржы компаниялары басшыларының және тәуелсіз аудиторлардың қаржылық есептілік сапасы үшін жауапкершілігін күшейтуге, экономикалық қызметте азаматтардың жинақ ақшаларын тиімді пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталатын болады. Қаржы компанияларын реттеу режимі, пайдалы банктерді, тұрақты емес банктерді сауықтырудың нарықтық әдістерінің табысты жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға, дәрменсіз және үмітсіз банктерді нарықтан реттеп шығаруға бағытталады. Қаржылық өзара қатынастарды дамыту кедергілері және атап айтқанда, кредиторлардың құқықтарын іске асыру және олардың талап ету құқықтарын басқаларға беру кедергілері жойылатын болады.

      Үкіметтің басты назары азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағаларының, монополистер қызметтері тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеуге тоғыстырылады, сондай-ақ жасанды тапшылық, баға жөнінде сөз байласу және жосықсыз бәсеке құру мүмкіндігі жойылады.

      Бюджет саясаты 2018 жылы экономиканың өсуіне, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға және мемлекеттік қаржы тұрақтылығын сақтауға жәрдемдесуге бағытталады. Бұл ретте мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

      Мемлекеттік қаржы тұрақтылығын арттыру мақсатында бюджет тапшылығын 2017 жылғы ЖІӨ қатысты 2,9 %-дан 2018 жылы ЖІӨ қатысты 1,1 %-ға дейін төмендету жоспарлануда. Бұл Үкімет борышын ЖІӨ қатысты 20,0 %-дан аспайтын деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Мұнай емес тапшылықты, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетін кепілдендірілген трансферттерді 2,6 трлн. теңгеге дейін төмендету арқылы, ЖІӨ қатысты 7,4 %-ға дейін төмендету жоспарлануда.

      Жергілікті бюджеттердің қаржылық дербестігін арттыру мақсатында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, халық саны 2 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдық округ деңгейінде дербес бюджеттер және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі енгізілді.

      Салық саясаты жаңа Салық кодексі шеңберінде экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етумен қоса икемді әрі қолайлы салық жүйесін құруға және салықтық әкімшілік етуді жеңілдетуге бағытталады. Басты міндеттердің бірі өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды ресмилендіруді ынталандыру, салық салудың сараланған тәсілі және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін нығайту бойынша тетіктер әзірлеу болып табылады.

      Қолайлы бизнес ортаны қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің күшті орта табын құру мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасады.

      Doing Business рейтингісі шеңберінде бизнес-ахуалды жақсарту жөніндегі түзетулердің алтыншы топтамасы әзірленді, Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігі жаһандық индексінің индикаторларын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдік ынтымақтастық бағдарламасын жақсарту бойынша шаралар жоспарын іске асыру жалғасады. Бизнес-ахуалды түбегейлі жақсарту бойынша, әсіресе, өңірлік деңгейде, салықтық және өзге де әкімшілендіруді жеңілдету арқылы бизнесті көлеңкеден шығаруды ынталандыру бойынша жүйелік шаралардың жаңа топтамасы дайындалатын болады.

      Бәсекеге қабілеттілікті және өндірістік емес шығындарды қысқарту есебінен кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін бизнес шығасыларын жаппай төмендету жөніндегі жұмыс жалғасады. Қолайлы бәсекелес орта құру мақсатында жүргізілетін заңнамалық тексеріс шеңберінде анықталған бәсекеге кедергі келтіретін нормаларды жоюға бағытталған бірқатар түзетулер әзірленді.

      Заңнамалық деңгейде бизнесті құқықтық реттеу жағдайын жақсарту көзделген және кәсіпкерлікті дамыту кедергілері азайтылатын болады. Мәселен, 2018 жылы 114 бақылау аясы ішінен 25-ін және 18 бақылау аясы ішінен 3-ін қысқарту, тексерулердің жалпы санын 30 %-ға және бизнес мемлекеттік органдарға ұсынатын есептілік санын 30 %-ға қысқарту жоспарлануда.

      Экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту жекешелендіру бағдарламасын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. "Қазақтелеком" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ сияқты бірқатар ірі активтер IPO/SPO-ға шығарылатын болады.

      Инвестициялық саясат жеке инвестицияларды барынша көптеп тартуға және экономиканы қаржыландырудағы банк секторының рөлін қалыпқа келтіруге бағытталатын болады. Ол үшін инвестициялық ахуалды ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

      2018 жылдан бастап "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) жұмысын бастайды, ол қаржы хабына және инвестициялық белсенділік орталығына айналады. Үкімет, Ұлттық Банк және АХҚО барлық қажетті инфрақұрылымды және негізгі институттар: қаржы соты, реттеуіш, төрелік орталық құру бойынша үлкен жұмыс атқарды.

      Венчурлық қаржыландырудың жеке нарығын және нақты сектордан жаңа технологияларға деген сұранысты ынталандыруды көздейтін заң жобасының тұжырымдамасы және тиісті заң жобасы әзірленетін болады.

      Цифрлық құрамдауышты қоса алғанда, экономика салаларын дамыту мақсатында Индустрияландыру картасы жобасының жобалық қуатына шығуды қамтамасыз ету, сондай-ақ жоғарғы технологиялы өндірістер үлесін ұлғайту арқылы индустрияландыру саясаты жалғасатын болады. 3D-принтинг, Big data және бұлтты технологиялар сияқты "Индустрия 4.0." элементтерін енгізуді ынталандыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

      2018 жылы инновацияларға, технологиялар трансфертіне және өңдеу өнеркәсібін цифрландыруға жәрдем беруге назар аудара отырып, "цифрлық дәуір" өнеркәсібінің қалыптасуына бағытталған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеу басталады.

      Шикізат әлеуетін бағалау және елдің минералды-шикізат базасын қалпына келтіруді қамтамасыз ету мақсатында "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" жаңа Кодексті іске асыру басталады және жер қойнауын геологиялық зерделеу жанданатын болады. Ақпараттық-технологиялық платформаларды енгізу арқылы пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі тәсілдерді жақсарту бойынша шаралар кешені әзірленеді.

      Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту аяқталады, бұл елдің ішкі нарығын жоғарғы сапалы экологиялық К4 және К5 класты бензинмен қамтамасыз етеді.

      Агроөнеркәсіптік кешенде саланың энергиямен жарақталуын арттыру, қаржыландырудың қолжетімділігі есебінен, егіс алаңдары құрылымының әртараптандырылуын және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттыру бойынша жұмыстар жалғасады.

      Халықаралық нарықта "Қазақстанда жасалған" табиғи азық-түлік өнімдерінің брендін алға жылжыту үшін әрбір өнімнің шикізатты өсіру, сақтау және өңдеу сатысынан ішкі және экспорттық нарықтарға тасымалдауға дейінгі "тізбегін" қолдау тетігі әзірленетін болады.

      Субсидиялардың тиімділігін талдау жалғасады және өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру, асыл тұқымды мал үлесін ұлғайту және жем-азық базасын дамыту бойынша шаралар қабылданады.

      Көліктік-логистикалық инфрақұрылымның одан әрі дамуына "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыру ықпал ететін болады.

      Астана мен Алматы аралығындағы Орталық-Оңтүстік және Астана мен Өскемен аралығындағы Орталық-Шығыс дәліздерінің құрылысы жалғасады. Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірінде туризмді және Қытай Халық Республикасымен тауар айналымын ұлғайтуды қамтамасыз ететін Алматы–Өскемен, Қалбатау–Майқапшағай, Үшарал–Достық, батыста Ақтөбе–Атырау–Астрахань, оңтүстікте Меркі–Бурылбайтал жолдары реконструкцияланады. Жаңа жолдарды сапалы күтіп ұстау және қолайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы ұзақтығы 469 шақырым республикалық маңызы бар автожолдарда кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізу жоспарлануда. Орта мерзімді перспективада өңірішілік мобильділікті жақсарту үшін жергілікті автожолдар желісін жөндеу және реконструкциялауды қаржыландыру артады.

      Каспий бағытын дамыту шеңберінде тасымалдау көлемін және жылдамдығын арттыру үшін заманауи порт инфрақұрылымын қалыптастыру процесі аяқталады.

      Британ моделіне көшу арқылы азаматтық авиация саласын тиімді реттеуді жақсарту бойынша жұмыс жеделдетіледі.

      Көліктік ағымдарды тиімді басқару және инфрақұрылымның одан әрі даму қажеттілігін анықтау мақсатында цифрлық технологияларды қолданумен Интеллектуалдық көліктік жүйені кезең-кезеңмен енгізу жөнінде жоспар қабылданады.

      Жалпы 2018 жылы экономикалық саясат тұрақты экономикалық өсуді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, банк секторының тұрақтылығы, инвестициялық және бизнес ахуалды жақсарту, сондай-ақ экономика салаларын дамыту арқылы ынталандыруға бағытталады.

О Заявлении Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан об основных направлениях экономической политики на 2018 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 февраля 2018 года № 40.

      В целях информирования широкой общественности страны об экономической политике Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Одобрить прилагаемое Заявление Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан об основных направлениях экономической политики на 2018 год.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Одобрено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 6 февраля 2018 года № 40

Заявление
Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан об основных направлениях экономической политики на 2018 год

      В 2017 году экономика Казахстана вышла на динамичный рост, составив 4,0 %. Позитивная тенденция поддерживалась положительными внешними и внутренними факторами, включая ускорение инвестиционной активности и стабилизацию инфляционных процессов.

      Темпы роста инвестиций в основной капитал ускорились в 2,7 раза по сравнению с 2016 годом, составив 5,5 %. С начала 2017 года уровень годовой инфляции находился в установленном коридоре (6,0-8,0 %) и по итогам декабря не превысил 7,1 %.

      Благоприятная экономическая ситуация у основных торговых партнеров и улучшение конъюнктуры цен на мировых товарных рынках стимулировали рост экспорта и торгового баланса. Внешнеторговый оборот за 11 месяцев 2017 года увеличился на 25,1 % до 69,5 млрд. долл. США, в том числе экспорт – на 31,6 % до 43,1 млрд. долл. США, импорт – на 15,8 % до 26,4 млрд. долл. США. Сальдо торгового баланса увеличилось в 1,7 раза. В целом международные резервы страны на 1 января 2018 года составили 88,8 млрд. долл. США.

      На 2018 год международные финансовые организации прогнозируют ускорение развития мировой экономики до 3,8 % (консенсус-прогноз) по сравнению с 3,5 % в 2017 году.

      Основной задачей Правительства Республики Казахстан (далее – Правительство) и Национального Банка Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) в 2018 году станет обеспечение устойчивого экономического роста на уровне 3,0-4,0 % и уровня инфляции на конец года в коридоре 5,0-7,0 %.

      В этой связи, с учетом основных положений Послания Главы государства народу Казахстана "Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции", основными направлениями экономической политики на 2018 год станут:

      1) сохранение макроэкономической стабильности;

      2) обеспечение благоприятного бизнес-климата;

      3) развитие отраслей экономики, включая цифровую компоненту;

      4) развитие транспортно-логистической инфраструктуры.

      Сохранение макроэкономической стабильности будет осуществляться за счет согласованных мер денежно-кредитной и бюджетно-налоговой политик, а также за счет обеспечения финансовой стабильности.

      Денежно-кредитная политика Национального Банка, проводимая в режиме инфляционного таргетирования, в 2018 году будет направлена на достижение целевого ориентира по годовой инфляции в коридоре 5,0-7,0 % с постепенным снижением до 4,0 % к концу 2020 года. Для достижения целей по инфляции будут использоваться инструменты денежно-кредитной политики, в том числе, устанавливаться базовая ставка в зависимости от фактического и прогнозируемого уровня инфляции. Национальный Банк продолжит неукоснительно следовать режиму свободно плавающего обменного курса и улучшать коммуникационную активность. Для улучшения предпринимательской активности будут приняты меры по обеспечению долгосрочного кредитования бизнеса по ставкам, учитывающим реальную рентабельность в отраслях экономики.

      В рамках обеспечения финансовой устойчивости Национальным Банком будет продолжена реализация Программы повышения финансовой устойчивости банковского сектора Республики Казахстан, что окажет поддержку кредитованию реального сектора экономики. В 2018 году в процессе оздоровления банков ожидаются умеренные темпы роста кредитования, сопоставимые с темпами роста номинального валового внутреннего продукта (далее – ВВП).

      Политика финансового регулирования будет направлена на повышение качества инвестиционных решений, усиление ответственности руководителей финансовых компаний и независимых аудиторов за качество финансовой отчетности, создание условий для эффективного использования сбережений граждан в экономической деятельности. Режим регулирования финансовых компаний будет направлен на создание условий для успешного функционирования здоровых банков, рыночных методов оздоровления менее устойчивых банков и упорядоченный вывод с рынка несостоятельных и безнадежных банков. Будут устраняться барьеры для развития финансовых взаимоотношений и, в частности, барьеры для реализации прав кредиторов и переуступки их прав требований.

      Основное внимание Правительства будет сфокусировано на недопущение необоснованного роста цен на продовольственные и непродовольственные товары, тарифов на услуги монополистов, а также будут устраняться возможности создания искусственного дефицита, ценового сговора и недобросовестной конкуренции.

      Бюджетная политика в 2018 году будет направлена на содействие росту экономики, развитие государственно-частного партнерства и поддержание устойчивости государственных финансов. При этом все социальные обязательства государства будут выполняться в полном объеме.

      В целях повышения устойчивости государственных финансов планируется снизить дефицит бюджета с 2,9 % к ВВП в 2017 году до 1,1 % к ВВП в 2018 году. Это позволит удерживать долг Правительства на уровне не более 20,0 % к ВВП. Ненефтяной дефицит планируется снизить до 7,4 % к ВВП, в том числе через снижение гарантированного трансферта из Национального фонда Республики Казахстан до 2,6 трлн. тенге.

      В целях повышения финансовой самостоятельности местных бюджетов с 1 января 2018 года внедрены самостоятельные бюджеты и коммунальная собственность местного самоуправления на уровне города районного значения, села, поселка, сельского округа с численностью населения свыше 2 тысяч человек.

      Налоговая политика будет направлена на создание гибкой и благоприятной налоговой среды с обеспечением стабильного роста экономики в рамках нового Налогового кодекса и упрощения налогового администрирования. Одной из основных задач станет выработка механизмов по стимулированию формализации самозанятых лиц, дифференцированному подходу налогообложения и укреплению доходной части местных бюджетов.

      В целях обеспечения благоприятной бизнес-среды и создания сильного среднего класса предпринимателей продолжится реализация Программы по обеспечению продуктивной занятости и развитию массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы.

      Разработан шестой пакет поправок по улучшению бизнес-климата в рамках рейтинга Doing Business, продолжится реализация плана мер по улучшению индикаторов Глобального индекса конкурентоспособности Всемирного экономического форума и Страновой программы сотрудничества с Организацией экономического сотрудничества и развития (далее – ОЭСР). Будет подготовлен новый пакет системных мер по кардинальному улучшению бизнес-климата, особенно на региональном уровне, стимулированию вывода бизнеса из тени через упрощение налогового и иного администрирования.

      Продолжится работа по фронтальному снижению издержек бизнеса, которая будет способствовать повышению конкурентоспособности и эффективности деятельности предприятий за счет сокращения непроизводственных затрат. С целью создания благоприятной конкурентной среды разработан ряд поправок, направленных на устранение норм, препятствующих конкуренции, которые выявлены в рамках проводимой ревизии законодательства.

      На законодательном уровне предусмотрено улучшение условий правового регулирования бизнеса и будут снижены барьеры развития предпринимательства. Так, в 2018 году планируется сократить 25 сфер контроля из 114 и 3 сферы надзора из 18, снизить общее количество проверок на 30 % и сократить количество отчетности, предоставляемой бизнесом государственным органам на 30 %.

      Сокращение присутствия государства в экономике будет осуществляться путем реализации программы приватизации. Будут выведены на IPO/SPO ряд крупных активов, таких как АО "Казахтелеком", АО "Эйр Астана", АО "Национальная атомная компания "Казатомпром".

      Инвестиционная политика будет направлена на максимальное привлечение частных инвестиций и восстановление роли банковского сектора в финансировании экономики. Для этого будет продолжена работа по совершенствованию инвестиционного климата до уровня стран ОЭСР.

      С 2018 года начал функционировать Международный финансовый центр "Астана" (далее – МФЦА), который станет финансовым хабом и центром инвестиционной активности. Правительство, Национальный Банк и МФЦА проделали большую работу по подготовке всей необходимой инфраструктуры и созданию основных институтов: финансового суда, регулятора, арбитражного центра.

      Будут разработаны концепция законопроекта и соответствующий законопроект, предусматривающий стимулирование частного рынка венчурного финансирования и спроса на новые технологии со стороны реального сектора.

      В целях развития отраслей экономики, включая цифровую компоненту, будет продолжена политика индустриализации через обеспечение выхода на проектную мощность проектов Карты индустриализации, а также увеличение доли высокотехнологических производств. Будет проведена работа по стимулированию внедрения элементов "Индустрии 4.0.", таких как Big data, облачные технологии и 3D-принтинг.

      В 2018 году начнется разработка третьей пятилетки индустриализации, направленной на становление промышленности "цифровой эпохи" с акцентированием на инновации, трансферт технологий и содействие цифровизации обрабатывающей промышленности.

      В целях оценки сырьевого потенциала и обеспечения восполнения минерально-сырьевой базы страны начнется реализация нового Кодекса "О недрах и недропользовании" и будет активизировано геологическое изучение недр. Будет разработан комплекс мер по улучшению подходов при извлечении полезных ископаемых путем внедрения информационно-технологических платформ.

      Завершится модернизация нефтеперерабатывающих заводов, что обеспечит внутренний рынок страны высококачественным бензином экологического класса К4 и К5.

      В агропромышленном комплексе продолжится работа по повышению производительности труда за счет увеличения энерговооруженности отрасли, доступности финансирования, диверсификации структуры посевных площадей и экспорта переработанной сельхозпродукции.

      Для продвижения бренда натуральных продуктов питания "Сделано в Казахстане" на международных рынках будет выработан механизм поддержки каждой продуктовой "цепочки": от стадии выращивания, хранения и переработки сырья до его транспортировки на внутреннем и экспортных рынках.

      Продолжится анализ эффективности субсидий и будут приняты меры по совершенствованию системы обязательного страхования в растениеводстве, увеличению доли племенного скота и развитию кормовой базы.

      Дальнейшему развитию транспортно-логистической инфраструктуры будет способствовать продолжение реализации Государственной программы инфраструктурного развития "Нұрлы жол" на 2015 – 2019 годы.

      Продолжится строительство коридоров Центр-Юг между Астаной и Алматой и Центр-Восток между Астаной и Оскеменом. В восточном и юго-восточном регионе реконструируются дороги Алматы-Оскемен, Калбатау-Майкапшагай, Ушарал-Достык, которые обеспечат развитие туризма и увеличение товарооборота с Китайской Народной Республикой, на западе – автодорога Актобе-Атырау-Астрахань, на юге – Мерке-Бурылбайтал. В целях качественного содержания новых дорог и обеспечения комфортного и безопасного движения в 2018 году планируется дальнейшее поэтапное внедрение системы платности на автодорогах республиканского значения общей протяженностью 469 км. Для улучшения внутрирегиональной мобильности в среднесрочной перспективе увеличится финансирование ремонта и реконструкции местной сети автодорог.

      В рамках развития каспийского направления завершится процесс формирования современной портовой инфраструктуры для увеличения объемов и скорости перевозок.

      Будет ускорена работа по улучшению эффективности регулирования отрасли гражданской авиации путем перехода на британскую модель.

      В целях эффективного управления транспортными потоками и определения потребности дальнейшего развития инфраструктуры будет принят План по поэтапному внедрению Интеллектуальной транспортной системы с применением цифровых технологий.

      В целом экономическая политика в 2018 году будет направлена на стимулирование устойчивого экономического роста через обеспечение макроэкономической стабильности, устойчивости банковского сектора, улучшение инвестиционного и бизнес-климата, а также через развитие отраслей экономики.