1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына "Эйр Астана" акционерлік қоғамымен жалпы алаңы 6415,4 шаршы метр (кадастрлық нөмірі 20:317:011:037:31) ангар кешені мен кеңсе үй-жайлары объектілерін кемінде бір жылдан кем емес мерзімге жалға беру түрінде пайдалану құқығына және жалпы ауданы 3,5897 гектар (кадастрлық нөмірі 20-317-011-037) жер учаскесіне жекеменшік құқығына үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |