"Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 434-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      ескертпеде:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл блокқа пилоттық органдардың бірінші басшыларының кеңесшілері, жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің лауазымдары жатқызылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басшысы құрылымдық бөлімшелерді және олардың қызметкерлерінің жекелеген лауазымдарын, мемлекеттік органның алдында қандай да бір уақыт кезеңінде тұрған басым міндеттерге қарай функционалдық блоктарға бөлуді дербес жүзеге асырады.";

      2) қызмет бабында пайдалану үшін;

      3) көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

      Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларында:

      28-тармақ төртінші абзацындағы "жауапкершілігі үшін белгіленуі мүмкін." деген сөздер "жауапкершілігі үшін;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "4) міндеттер шеңберінің кеңеюі, ерекше маңызды (күрделі) тапсырмаларды орындағаны, кезек күттірмейтін және алдын ала болжауға болмайтын, көп уақытты қажетсінетін, қосымша зерделеуді, мұқият талдау мен қорытуды талап ететін жұмыс көлемі үшін белгіленуі мүмкін.

      Пилоттық органдардың мемлекеттік қызметшілерінің санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда пилоттық органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат есебінен пилоттық органдардың "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылардың өзге түрлері белгіленуі мүмкін.";

      31-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) осы Қағидалардың 28-тармағының 4) тармақшасында белгіленген жағдайда – ай сайын лауазымдық айлықақының жүз пайызға дейінгі мөлшерінде.".

      2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 939 "О некоторых вопросах оплаты труда административных государственных служащих в пилотном режиме"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 142.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 939 "О некоторых вопросах оплаты труда административных государственных служащих в пилотном режиме" (САПП Республики Казахстан, 2017 г., № 68-69-70, ст. 434) следующие изменения и дополнения:

      1) в приложении 2 к указанному постановлению:

      в примечании:

      абзац пятый изложить в следующей редакции:

      "К данному блоку могут быть отнесены должности советников первых руководителей пилотных органов, должности структурного подразделения, осуществляющего функции по мобилизационной подготовке и гражданской обороне.";

      дополнить абзацем одиннадцатым следующего содержания:

      "Руководитель Министерства юстиции Республики Казахстан самостоятельно осуществляет распределение структурных подразделений и их отдельных должностей сотрудников в функциональные блоки в зависимости от приоритетных задач, стоящих перед государственным органом в том или ином временном периоде.";

      2) для служебного пользования;

      3) в приложении 4 к указанному постановлению:

      в Правилах выплаты бонусов, оказания материальной помощи административным государственным служащим, а также установления надбавок к должностным окладам административных государственных служащих корпуса "Б" пилотных органов:

      пункт 28 дополнить абзацами пятым и шестым следующего содержания:

      "4) расширение круга обязанностей, выполнение заданий особой важности (сложности), неотложный и заранее непредвиденный объем работы, затратный по времени, требующий дополнительного изучения, тщательного анализа и обобщения.

      В случае принятия решения о сокращении численности государственных служащих пилотных органов, могут устанавливаться иные виды надбавок к должностным окладам административных государственных служащих корпуса "Б" пилотных органов за счет средств, предусмотренных на обеспечение деятельности пилотных органов, исчисленных в соответствии с утвержденными лимитами штатной численности.";

      пункт 31 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:

      "4) подпунктом 4) пункта 28 настоящих Правил – ежемесячно в размере до ста процентов от должностного оклада.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2018 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев