Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы 2001 жылғы 14 маусымдағы № 299 шартқа өзгеріс енгізу туралы қосымша келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы 2001 жылғы 14 маусымдағы № 299 шартқа өзгеріс енгізу туралы қосымша келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 267 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы 2001 жылғы 14 маусымдағы № 299 шартқа өзгеріс енгізу туралы қосымша келісім
Астана қаласы 201_ жылғы "__" _________
Бір тараптан, бұдан әрі Банк деп аталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және екінші тараптан, бұдан әрі Үкімет деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталып, төмендегілер туралы осы Қосымша келісімді жасасты.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа мынадай өзгеріс енгізілсін:
1.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1.1. Үкімет Банктегі Үкіметтің шоттарында шоғырландырылатын қаржы активтері түрінде Банкке Қорды сенімгерлік басқаруға береді, ал Банк Қордың қаржы активтерін инвестициялау жолымен Үкіметтің мүддесінде Қорды сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді. Қорды басқару тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында белгіленген шектеулерді сақтау кезінде белгілі бір уақыт кезеңіндегі Қор портфельдерінің үстеме кірістілігі болып табылады. Үстеме кірістілік іс жүзіндегі кірістілік пен Қордың эталондық портфелінің кірістілігі арасындағы айырма ретінде анықталады.".
Банктің атынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің атынанҚазақстан РеспубликасыныңҚаржы министрі |