"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасың Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 295 қаулысына қосымша |
"Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге республикалық меншіктен берілетін мүліктер тізбесі
Р/с | Мүліктің атауы | Мекенжайы | Алаңы (м2) | Салынған жылы |
пәтер | Астана қ., Байтұрсынов к-сі, № 1-үй, 1616-пәтер | 98,9 | 2010 ж. | |
пәтер | Астана қ., Байтұрсынов к-сі, № 1-үй, 1819-пәтер | 66,6 | 2010 ж. |