Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар белгілеу және басым жобаларды іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 296 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 24-25, 154-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары көміртекті феррохром өндірісін ұлғайту" басым жобасын (өтініш беруші – "Қазхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 29 тамызда № 14170 болып тіркелген) регламенттеледі.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |