Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 550 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 22-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 4 маусымдағы
№ 323 қаулысымен
бекітілген

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 және 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларымен бекітілген тізбелер (бұдан әрі – тізбе) бойынша ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрі – Ұлттық қор) түсетін түсімдердің тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.08.2022 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      компаниялардың активтері – тізбеде көрсетілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтері;

      мемлекет тікелей қатысатын компаниялар – Қазақстан Республикасының Үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган мемлекеттің атынан жалғыз акционері болып табылатын компаниялар;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Ұлттық қорға түсетін қаражат түсімдерінің тәртібі

      3. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражатты Ұлттық қорға жіберу мемлекет тікелей қатысатын компания акционерінің шешімі негізінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден және (немесе) жария орналастыру шеңберінде компаниялар акцияларының қосымша эмиссиясы нәтижесінде түскен қаражатты қоспағанда, мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісін бөлу түрінде және 100 % (жүз пайыз) мөлшерде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.08.2022 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.08.2022 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Қор тобы борыштық міндеттемелерді өтеуге (Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді өтеуді есепке алмағанда) және (немесе) "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген міндеттерді іске асыруға жіберетін, Қорға келіп түскен қаражаттың 50 % (елу пайызынан) аспауға тиіс қаражатты қоспағанда, Қор тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен қаражат 100 % (жүз пайыз) мөлшерде таза кірісті бөлу түрінде Ұлттық қорға аударылады.

      Бәсекелес ортаға беруден түскен және борыштық міндеттемелерді өтеуге және (немесе) "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына көрсетілген міндеттерді іске асыруға жұмсалатын қаражаттың мөлшері мен нысаналы пайдаланылуы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес айқындалады.

      "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Еngineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.08.2022 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5-1. Ұлттық қорға Қор тобы жіберетін қаражат акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аударылады.

      Активтерді бәсекелес ортаға беруден түскен, ұлттық басқарушы холдингтер (Қорды қоспағанда), ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар Ұлттық қорға жіберетін қаражат сатушының шотына түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аударылады.

      Ескерту. 2-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.03.2021 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.08.2022 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар тиісті қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі бесінші айдан кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:

      1) әрбір ұйым бөлінісінде, оның ішінде мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың өздерінің активтерін сатудан түскен іс жүзіндегі түсімдерінің мөлшері туралы есепті кезеңдегі ақпаратты;

      2) егер актив қаражатты бөліп төлеу шартымен сатылған болса, тізбеде көрсетілген компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат түсімдерінің кестелерін ұсынады.

      7. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісі есебінен түсетін түсімдер ретінде Ұлттық қорға аударатын қаражат Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша жалғыз акционердің шешімі негізінде қолма қол ақшасыз нысанда аударылады.

      8. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді өтеуге жолдайтын қаражат мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың директорлар кеңесінің шешімі негізінде облигацияларды шығару проспекттісінің шарттарына сәйкес аударылады.

Об утверждении Правил поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2018 года № 323. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 550.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 11.07.2023 № 550 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3-1) пункта 2 статьи 22 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 4 июня 2018 года № 323

Правила поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 3-1) пункта 2 статьи 22 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и устанавливают порядок поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан (далее – Нацфонд) по перечням, утвержденным постановлениями Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1141 и от 29 декабря 2020 года № 908 (далее – перечень).

      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления Правительства РК от 02.08.2022 № 522 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      активы компаний – активы национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, указанных в перечне;

      компании с прямым государственным участием – компании, единственным акционером которых является государство в лице Правительства Республики Казахстан, либо государственного органа, уполномоченного Правительством Республики Казахстан, местного исполнительного органа;

      уполномоченный орган по государственному планированию – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области стратегического и экономического планирования, выработки и формирования бюджетной политики, а также формированию и реализации государственной политики в сфере регионального развития.

Глава 2. Порядок поступлений средств от передачи в конкурентную среду активов компаний в Нацфонд

      3. Направление средств от передачи в конкурентную среду активов компаний с прямым государственным участием в Нацфонд осуществляется на основании решения акционера компании с прямым государственным участием в виде распределения чистого дохода компаний с прямым государственным участием и в размере 100 % (сто процентов), за исключением средств, поступивших от передачи в конкурентную среду активов группы акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" (далее – Фонд) и (или) в результате дополнительной эмиссии акций компаний в рамках публичного размещения.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции постановления Правительства РК от 02.08.2022 № 522 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Исключен постановлением Правительства РК от 02.08.2022 № 522 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Средства, поступившие от передачи в конкурентную среду активов группы Фонда, в размере 100 % (сто процентов) перечисляются в Нацфонд в виде распределения чистого дохода, за исключением средств, направляемых группой Фонда на погашение долговых обязательств (без учета погашения обязательств перед Национальным фондом) и (или) реализацию задач, указанных в подпункте 7) пункта 2 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О Фонде национального благосостояния", которые не должны превышать 50 % (пятьдесят процентов) от поступивших средств в Фонд.

      Размер и целевое использование средств, направляемых на погашение долговых обязательств и (или) реализацию задач, указанных в подпункте 7) пункта 2 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О Фонде национального благосостояния", от поступивших от передачи в конкурентную среду активов, определяются в соответствии с решением Государственной комиссии по вопросам модернизации экономики Республики Казахстан.

      Размер средств, перечисляемых в Нацфонд за счет средств от передачи в конкурентную среду активов акционерного общества "Национальная компания "Казахстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)", корректируется в соответствии с решением Государственной комиссии по вопросам модернизации экономики Республики Казахстан на сумму, необходимую для погашения внутреннего долга.

      Сноска. Пункт 5 – в редакции постановления Правительства РК от 02.08.2022 № 522 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5-1. Средства, направляемые в Нацфонд группой Фонда, перечисляются в течение 30 (тридцать) календарных дней с даты, следующей за датой принятия общим собранием акционеров решения о выплате дивидендов по простым акциям общества.

      Средства, поступившие от передачи в конкурентную среду активов, направляемые в Нацфонд национальными управляющими холдингами (за исключением Фонда), национальными холдингами, национальными компаниями и их дочерними, зависимыми и иными юридическими лицами, являющимися аффилированными с ними, перечисляются в течение 30 (тридцать) календарных дней со дня поступления средств на счет продавца.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 5-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 30.03.2021 № 184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); в редакции постановления Правительства РК от 02.08.2022 № 522 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Компании с прямым государственным участием в срок не позднее пятого месяца, следующего после окончания соответствующего финансового года, представляют в уполномоченный орган по государственному планированию:

      1) информацию о размере фактических поступлений от продажи активов компаний за отчетный период в разрезе каждой организации, в том числе самими компаниями с прямым государственным участием;

      2) графики поступлений средств от передачи в конкурентную среду активов компаний, указанных в перечне, если продажа актива состоялась с условием выплаты средств в рассрочку.

      7. Средства, направляемые в Нацфонд компаниями с прямым государственным участием в качестве поступлений за счет чистого дохода компаний с прямым государственным участием, перечисляются в безналичной форме на основании решения единственного акционера по соответствующему коду Единой бюджетной классификации.

      8. Средства, направляемые компаниями с прямым государственным участием на погашение обязательств перед Нацфондом, перечисляются на основании решения совета директоров компаниями с прямым государственным участием в соответствии с условиями проспекта выпуска облигаций.