Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 362 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарының шекараларын белгілеу туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 20/237-VI шешімімен және "Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 51 қаулысымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 22/264-VI шешімімен және "Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 51 бірлескен қаулысына Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 20/23 7-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 120 қаулысына келісім берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 22 маусымдағы
№ 362 қаулысына
қосымша




Оңтүстік Қазақстан облысында құрылатын аудандардың шекараларының сипаттамасы

      1. Құрылатын Сарыағаш ауданының аумағы 417074 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:

      солтүстік шекарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы мен Қазығұрт ауданының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;

      шығыс шекарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданынын, қолданыстағы шекарасы бойынша және Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Қыбрай ауданымен шектесетін Зах каналы арнасы бойынша өтетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтеді;

      оңтүстік шекарасы Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Қыбрай, Ташкент, Занги ата аудандарымен шектесетін Келес өзені арнасы бойынша өтетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы ақылы және одан әрі Оңтүстік Қазақстан облысы құрамында құрылатын Келес ауданының Біртілек, Ошақты, Бірлік, Жамбыл, Бозай ауылдық округтерінің қолданыстағы шекаралары арқылы өтеді;

      батыс шекарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданымен шектесетін Сырдария өзені арнасы арқылы өтеді.

      2. Құрылатын Келес ауданының аумағы 345129 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:

      солтүстік шекарасы Оңтүстік Қазақстан облысында құрылатын Сарыағаш ауданының Әлімтау, Дарбаза, Тегісшіл, Құркелес ауылдық округтері мен Көктерек кентінің қолданыстағы шекаралары арқылы өтеді;

      шығыс шекарасы Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Занги ата мен Янгиюль аудандарымен шектесетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтеді;

      оңтүстік шекарасы Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Чиназ ауданымен шектесетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы, одан әрі Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданымен шектесетін Сырдария өзенінің арнасы арқылы өтеді;

      батыс шекарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданымен шектесетін Сырдария өзені арнасы арқылы өтеді.

      3. Жетісай ауданы аумағының ауданы 104634,19 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:

      солтүстік шекарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Шардара су қоймасы бойынша өтеді;

      шығыс шекарасы құрылатын Мақтаарал ауданының шекарасы бойынша өтеді;

      оңтүстік шекарасы Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы Ақалтын ауданының шекарасы бойынша өтеді;

      батыс шекарасы Өзбекстан Республикасы Жызақ облысы Фариш және Мырзашөл аудандарының шекаралары арқылы өтеді.

      4. Мақтаарал ауданы аумағының ауданы 80763,81 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:

      солтүстік шекарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Шардара су қоймасы арқылы өтеді;

      шығыс шекарасы Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының Сырдария ауданының шекарасы бойынша өтеді;

      оңтүстік шекарасы Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының Мырзаабат, Ақалтын аудандарының шекарасы бойынша өтеді;

      батыс шекарасы құрылатын Жетісай ауданының шекарасы бойынша өтеді.

Об установлении границ Жетысайского, Мактааральского, Келесского, Сарыагашского районов Южно-Казахстанской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2018 года № 362.

      В соответствии со статьей 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Согласиться с решением Южно-Казахстанского областного маслихата от 20 февраля 2018 года № 20/237-VI и постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 20 февраля 2018 года № 51 "О некоторых вопросах административно-территориального устройства Южно-Казахстанской области", решением Южно-Казахстанского областного маслихата от 17 апреля 2018 года № 22/264-VI и постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 17 апреля 2018 года № 120 "О внесении изменений в совместное постановление акимата Южно-Казахстанской области от 20 февраля 2018 года № 51 и решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 20 февраля 2018 года № 20/237-VI "О некоторых вопросах административно-территориального устройства Южно-Казахстанской области" об установлении границ Жетысайского, Мактааральского, Келесского, Сарыагашского районов Южно-Казахстанской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 22 июня 2018 года № 362

Южно-Казахстанская область


Описание границ образуемых районов Южно-Казахстанской области

      1. Территория образуемого Сарыагашского района составляет 417074 гектара, границы обозначены следующим образом:

      северная граница проходит по существующим границам территорий, находящихся в административном подчинении города Арыс и Казыгуртского района Южно-Казахстанской области;

      восточная граница проходит по существующей границе Казыгуртского района Южно-Казахстанской области и Государственной границе Республики Казахстан, проходящей по руслу канала Зах, граничащей с районом Кибрай Ташкентской области Республики Узбекистан;

      южная граница проходит по Государственной границе Республики Казахстан, проходящей по руслу реки Келес, граничащей с районами Кибрай, Ташкент, Занги ата Ташкентской области Республики Узбекистан, далее проходит по существующим границам сельских округов Биртилек, Ошакты, Бирлик, Жамбыл, Бозай образуемого Келесского района в составе Южно- Казахстанской области;

      западная граница проходит по руслу реки Сырдарья, граничащей с Шардаринским районом Южно-Казахстанской области.

      2. Территория образуемого Келесского района составляет 345129 гектара, границы обозначены следующим образом:

      северная граница проходит по существующим границам сельских округов Алимтау, Дарбаза, Тегисшил, Куркелес и поселка Коктерек образуемого Сарыагашского района Южно-Казахстанской области;

      восточная граница проходит по Государственной границе Республики Казахстан, граничащей с районами Занги ата и Янгиюль Ташкентской области Республики Узбекистан;

      южная граница проходит по Государственной границе Республики Казахстан, граничащей с районом Чиназ Ташкентской области Республики Узбекистан, далее проходит по руслу реки Сырдарья, граничащей с Шардаринским районом Южно-Казахстанской области;

      западная граница проходит по руслу реки Сырдарья, граничащей с Шардаринским районом Южно-Казахстанской области.

      3. Площадь территории Жетысайского района составляет 104634,19 гектара, границы обозначены следующим образом:

      северная граница проходит по Шардаринскому водохранилищу Шардаринского района Южно-Казахстанской области;

      восточная граница проходит по границе образуемого Мактааральского района;

      южная граница проходит по границе Акалтынского района Сырдарьинской области Республики Узбекистан;

      западная граница проходит по границам Фаришского и Мырзачульского районов Жизакской области Республики Узбекистан.

      4. Площадь территории Мактааральского района составляет 80763,81 гектара, границы обозначены следующим образом:

      северная граница проходит по Шардаринскому водохранилищу Шардаринского района Южно-Казахстанской области;

      восточная граница проходит по границе Сырдарьинского района Сырдарьинской области Республики Узбекистан;

      южная граница проходит по границе Мырзаабатского, Акалтынского районов Сырдарьинской области Республики Узбекистан;

      западная граница проходит по границе образуемого Жетысайского района.