1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресу жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 597 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресу жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспар:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-1-жолмен толықтырылсын:
"
34-1. | Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын өзектендіру | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы 3-тоқсан | талап етілмейді |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 36-1-жолмен толықтырылсын:
"
36-1. | Туберкулезбен сырқаттанушылық фактілерін жасырғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселесін пысықтау | ақпарат | ДСМ | 2018-2019 жылдар | талап етілмейді |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 63-1-жолмен толықтырылсын:
"
63-1. | Пенитенциарлық жүйеде туберкулезге қарсы көмек көрсету жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын өзектендіру | жоспар | ІІМ ДСМ | 2018 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |