Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 421-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 8 және 9-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10-2 және 10-3-жолдармен толықтырылсын:
"
10-2. | Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы | Қаржымині | Наурыз | Сәуір | Тамыз | Қ.Е. Баеділов |
10-3. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қаржымині | Наурыз | Сәуір | Тамыз | Қ.Е. Баеділов |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |