Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 399 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ 399 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақтың 96) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "96) аумақтық әділет органдарының қызметін қамтамасыз ету және оларға заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылық ету;";

      16-тармақтың 119), 120), 121) және 122) тармақшалары алып тасталсын.

      2. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      9-бөлімде:

      мына:

      "

9

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

19852

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

19862

      ";

      11-бөлімде:

      мына:

      "

11

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2594

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2584

      ".

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлiк есебі мен қаржылық есептiлiгі саласындағы, аудиторлық қызмет саласындағы және аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру, бағалау қызметі саласындағы қызметтерді реттеу және бағалау қызметі саласындағы бақылауды жүзеге асыру;

      8) ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлiк есебі мен қаржылық есептiлiгі, аудиторлық қызмет, бағалау қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету;";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік, ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау, аудиторлық қызмет, бағалау қызметі, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеу, экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, сондай-ақ қаржы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында жинақтау, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті жинақтау бойынша саясатты қалыптастыру және іске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 14-2), 14-3) және 14-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-2) бағалау қызметi саласындағы бағалау стандарттарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеу және бекiту;

      14-3) бағалау туралы есеп нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      14-4) бағалау туралы есеп сараптамасын өткізу тәртібін, сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптарды және оны бекіту тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "71) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк, аудиторлық және бағалау қызметтері мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік органдармен және кәсіби ұйымдармен өзара іс-кимыл;";

      мынадай мазмұндағы 74-1), 74-2), 74-3), 74-4) және 74-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "74-1) бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту;

      74-2) бағалау қызметі саласындағы реттеушілік әсерге талдау жүргізу;

      74-3) бағалау қызметі саласындағы оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасын және сағаттар көлемін бекіту;

      74-4) бағалаушылар палаталарының қағидалары мен стандарттарын келісу;

      74-5) бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және бағалаушылар палатасының өз мүшелерінің "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты өтініштерді қарастырудың талаптарын бекіту;";

      ведомстволардың функцияларында:

      119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "119) құзыреті шегінде аудиторлық қызмет пен аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық ұйымдардың қызметі, бағалау қызметі салаларында бағалаушылар палаталарының "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды, бағалаушылар палатасының жарғысы мен өзі қабылдаған қағидалары мен стандарттарын орындауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 125-1), 125-2), 125-3) және 125-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "125-1) бағалаушылар палаталарының қызметі туралы ақпаратты сұрату;

      125-2) біліктілік комиссиясының құрамына өкілдерді жіберу;

      125-3) бағалаушылар палатасын "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы талап қоюды сотқа беру;";

      125-4) бағалаушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдарының тізілімін жүргізу;".

      4. "Сот-сараптама, адвокаттық және нотариаттық қызметті, мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қыркүйектегі № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 51-52, 408-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот-сараптама, адвокаттық және нотариаттық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы";

      1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары алып тасталсын;

      1-тармақтың 2) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары алып тасталсын.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июня 2018 года № 399.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 июня 2018 года № 399

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 "Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 41, ст.532):

      в Положении о Министерстве юстиции Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      подпункт 96) пункта 16 изложить в следующей редакции:

      "96) обеспечение деятельности территориальных органов юстиции и оказание им методического руководства по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств, прав на недвижимое имущество;";

      подпункты 119), 120), 121) и 122) пункта 16 исключить.

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений":

      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:

      в разделе 9:

      строку:

      "

99

Министерство финансов Республики Казахстан с учетом его территориальных органов и подведомственных ему государственных учреждений, в том числе:

19852

  "

      изложить в следующей редакции:

      "

99

Министерство финансов Республики Казахстан с учетом его территориальных органов и подведомственных ему государственных учреждений, в том числе:

19862

  ";

      в разделе 11:

      строку:

      "

111

Министерство юстиции Республики Казахстан с учетом его территориальных органов и подведомственных ему государственных учреждений, в том числе:

2594

  "

      изложить в следующей редакции:

      "

111

Министерство юстиции Республики Казахстан с учетом его территориальных органов и подведомственных ему государственных учреждений, в том числе:

2584

  ".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 22, ст. 205):

      в Положении о Министерстве финансов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      подпункты 7) и 8) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "7) регулирование деятельности в сфере бухгалтерского учета и финансовой отчетности организаций и государственных учреждений, в областях аудиторской деятельности и осуществление контроля за деятельностью аудиторских и профессиональных организаций, оценочной деятельности и осуществление контроля в области оценочной деятельности;

      8) обеспечение формирования и реализации государственной политики в области бухгалтерского учета и финансовой отчетности организаций и государственных учреждений, аудиторской деятельности, оценочной деятельности;";

      в пункте 16:

      в функциях центрального аппарата:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) формирование и реализация государственной политики в области бюджетного планирования, исполнения бюджета, бухгалтерского и бюджетного учета, финансовой и бюджетной отчетности, внутреннего государственного аудита и финансового контроля, аудиторской деятельности, оценочной деятельности, управления правительственным и гарантированным государством долгом и долгом перед государством, государственных закупок, государственное регулирование в области реабилитации и банкротства (за исключением банков, страховых (перестраховочных) организаций и накопительных пенсионных фондов), участие в формировании и реализации политики по предупреждению, выявлению, пресечению, раскрытию и расследованию экономических и финансовых преступлений и правонарушений, а также участие в формировании и реализация политики по накоплению в Национальный фонд Республики Казахстан финансовых активов, а также иного имущества, за исключением нематериальных активов;";

      дополнить подпунктами 14-2), 14-3) и 14-4) следующего содержания:

      "14-2) разработка и утверждение стандартов оценки и иных нормативных правовых актов в области оценочной деятельности;

      14-3) разработка и утверждение требований к форме и содержанию отчета об оценке;

      14-4) разработка и утверждение порядка проведения экспертизы отчета об оценке, требований к экспертному заключению и порядку его утверждения;";

      подпункт 71) изложить в следующей редакции:

      "71) взаимодействие по вопросам бухгалтерского учета и финансовой отчетности, аудиторской и оценочной деятельности с иными государственными органами и профессиональными организациями;";

      дополнить подпунктами 74-1), 74-2), 74-3), 74-4) и 74-5) следующего содержания:

      "74-1) утверждение правил проведения квалификационного экзамена для подтверждения квалификаций кандидатов в оценщики, эксперты;

      74-2) проведение анализа регуляторного воздействия в области оценочной деятельности;

      74-3) утверждение типовой программы обучения, профессиональной переподготовки в области оценочной деятельности и объема часов;

      74-4) согласование правил и стандартов палат оценщиков;

      74-5) утверждение типового кодекса деловой и профессиональной этики оценщиков и требований к рассмотрению палатой оценщиков обращений касательно нарушения ее членами требований Закона Республики Казахстан "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан", стандартов и правил палаты оценщиков;";

      в функциях ведомств:

      подпункт 119) изложить в следующей редакции:

      "119) осуществление государственного контроля в пределах компетенции в областях аудиторской деятельности и деятельности аккредитованных профессиональных аудиторских организаций и аудиторских организаций, оценочной деятельности, за соблюдением палатами оценщиков требований, предусмотренных Законом Республики Казахстан "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан", устава палаты оценщиков и принятых ею правил и стандартов;";

      дополнить подпунктами 125-1), 125-2), 125-3) и 125-4) следующего содержания:

      "125-1) запрашивание информации о деятельности палат оценщиков;

      125-2) делегирование представителей в состав квалификационной комиссии;

      125-3) подача иска в суд о принудительной ликвидации палаты оценщиков по основаниям, предусмотренным Законом Республики Казахстан "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан";

      125-4) ведение реестра саморегулируемых организаций оценщиков;".

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 26 сентября 2015 года № 790 "О некоторых вопросах лицензирования судебно-экспертной, адвокатской и нотариальной деятельности, деятельности по оценке имущества (за исключением объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов) и объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 51-52, ст. 408):

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "О некоторых вопросах лицензирования судебно-экспертной, адвокатской и нотариальной деятельности";

      абзацы пятый и шестой подпункта 1) пункта 1 исключить;

      абзацы четвертый и пятый подпункта 2) пункта 1 исключить.