2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Түркістан қаласының Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің және Ащысай ауылы аумағының айналасында орналасқан жалпы алаңы 721745,0 гектар жерді Кентау қаласының шекарасына қосу арқылы Түркістан және Кентау қалаларының шекараларын өзгерту туралы "Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 23/271-VI шешіміне және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 159 қаулысына, "Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 159 және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 23/271-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26/299-VI шешіміне және Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 196 қаулысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 430 қаулысына қосымша |
Кентау қаласының шекарасына қосылатын Түркістан облысы Түркістан қаласының жерлері бөлігінің экспликациясы
гектар
Ауданның атауы | Кентау қаласының шекарасына қосылатын жерлердің алаңы (гектар) | оның ішінде: | ||||||
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері, (гектар) |
елді мекендер жерлері |
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер |
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер |
орман қорының жері |
су қорының жері | босалқы жерлер (гектар) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Түркістан қаласының ауылдық округтерінің жерлері | 721 745,0 | 364 918 | 57 827 | 4920 | 39 424 | 66 145 | 2 429 | 186 082 |
Жердің жиыны: | 721 745,0 | 364 918 | 57 827 | 4920 | 39 424 | 66 145 | 2 429 | 186 082 |