"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі" мемлекеттік мекемесінің балансынан заңнамада белгіленген тәртіппен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі |
|
№ 461 қаулысына қосымша |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі
Р/с | Мүліктің атауы | Орналасуы | Өлшем бірлігі |
Алаңы/ | Кадастрлық нөмірі |
1 | Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты |
Қостанай қаласы, Карбышев көшесі, 12/10 | ш.м. | 2 647,4 | 12:193:041:1649:1/А |
2 | Автокөліктерді тіркеу ғимараты | ш.м. | 423,6 | 12:193:041:1649:2/Б | |
3 | Курсанттарға арналған павильон | ш.м. | 18,7 | 12:193:041:1649:3/В | |
4 | Дизельдік электр станциясы | ш.м. | 7,9 | 12:193:041:1649:4/Д | |
5 | Блокты-модульдік қазандық | ш.м. | 16,2 | 12:193:041:1649:5/Е | |
6 | Жер учаскесі | гектар | 4,0366 |
12:193:041:1649 | |
7 | Су құбыры желілері | қума м. | 275,3 | 12:193:041:1649:1/XII | |
8 | Байланыс желісі | м. | 655,3 | 12:193:041:1649:1/X | |
9 | Жылу желісі | қума м. | 206 | 12:193:041:1649:1/VIII | |
10 | Кәріз желілері | қума м. | 855,2 | 12:193:041:1649:1/XI | |
11 | Төмен және жоғарғы қысымдағы газ құбыры | қума м. | 45,2 | 12:193:041:1649:1/IX | |
12 | Электр беру желісі | м. | 1 576 | 12:193:041:1649:1/VII | |
13 | Аумақты абаттандыру | - | - |