Жамбыл облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 тамыздағы № 485 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысының мынадай мәдениет және білім беру ұйымдарына:

      1) "Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қалалық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Ықылас Дүкенұлының есімі;

      2) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Кенен Әзірбаевтың есімі;

      3) "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

О присвоении наименований организациям культуры и образования Жамбылской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2018 года № 485.

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1996 года № 281 "Об утверждении Правил присвоения наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическим и другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., № 11, ст. 81) Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Присвоить следующим организациям культуры и образования Жамбылской области:

      1) государственному коммунальному казенному предприятию "Городской дом культуры" Отдела культуры и развития языков акимата города Тараза" имя Ыкыласа Дукенулы;

      2) коммунальному государственному казенному предприятию "Жамбылская областная филармония" управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области имя Кенена Азербаева;

      3) коммунальному государственному учреждению "Средняя школа № 10 отдела образования акимата города Тараза" имя Сагадата Нурмагамбетова.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев