Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы арасындағы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыру және өткізу бойынша хаттар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы арасындағы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыру және өткізу бойынша хаттар алмасу нысанындағы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Жоғары мәртебелі,
Мен 2018 жылғы 10 – 12 қазанда Астана қаласында жоспарланған Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның (бұдан әрі – Шекарааралық сулар туралы конвенция) Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты ұсыныстар беруді мәртебе санаймын.
Осы хатпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) мынадай міндеттемелерді қабылдауға келісім беретінін білдіруге рұқсат етіңіз:
1. Үкімет Шекарааралық сулар туралы конвенция Тараптары Кеңесі рәсімдерінің қағидаларына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (бұдан әрі – БҰҰ ЕЭК) Жауапты Хатшысымен бірлесіп Тараптар Кеңесіне қатысушыларды шақыратын болады, оған:
елдерден, оның ішінде БҰҰ ЕЭК өңірінен тыс елдерден;
мамандандырылған және тиісті мекемелерден;
басқа үкіметаралық ұйымдардан;
БҰҰ хатшылығының лауазымды адамдарынан;
тиісті үкіметтік емес ұйымдардың және ғылыми топтардың өкілдерін қоса алғанда басқа да шамамен 600 қатысушы кіретін болады.
2. Үкімет Шекарааралық сулар туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясы үшін I қосымшада сипатталғандай кеңес үшін үй-жайды және офистерді, кадрлық ресурстарды, кеңсе керек-жарағы мен жабдықтарды, телефон мен факс байланысын қамтамасыз ету, аударма бойынша қызметті қоса алғанда, тиісті құралдарды өтеусіз негізде, сондай-ақ қажет болған жағдайда, әуежай мен қонақ үй және/немесе қонақ үй мен конференц-залдар арасында көлікпен қамтамасыз етуді ұсынады. Үкімет төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету үшін тиісті медициналық құрал-жабдықтарды ұсынады, ал қатерлі төтенше жағдайда Үкімет шұғыл тасымалдау мен ауруханаға жатқызуды қамтамасыз етеді.
3. III қосымшада көрсетілгендей БҰҰ ЕЭК іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Бұдан басқа, БҰҰ ЕЭК БҰҰ-ның Өңірлік комиссиясының басшыларын, сондай-ақ БҰҰ-ның басқа жоғарғы басшыларын шақыруға көмек көрсетуі күтілуде.
4. 1992 жылғы 22 желтоқсанда Бас Ассамблея қабылдаған БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 47/202 қарарының А бөлімінің 17-тармағына сәйкес Үкімет Қазақстанда, Астана қаласында Шекарааралық сулар туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын өткізуге тікелей немесе жанама қатысы бар кез келген қосымша шығыстарға жауапкершілікті өзіне алады. Атап айтқанда, Үкімет бағалауы III қосымшада келтірілген шығыстар мен шығасыларды, оның ішінде БҰҰ-ның қағидалары мен ережелеріне сәйкес және жол жүру мен қол жүгін тасымалдау стандарттары бойынша әкімшілік тәжірибемен байланысты БҰҰ-ның лауазымды адамдарының іссапар шығындарын, испан және араб тілдеріне аудармашылардың төлемін және кеңеске қатысуға құқығы бар 10 қатысушының іссапар шығыстарын жабады.
5. Қазақстан қатысушы болып табылатын 1946 жылғы 13 ақпандағы БҰҰ артықшылықтары мен иммунитеті туралы конвенция Шекарааралық сулар туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясына қолданылатын болады, атап айтқанда:
Мемлекеттер өкілдеріне БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеті туралы конвенцияның IV бабында көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер қолданылады;
жұмыс отырысына байланысты қатысушы немесе функцияларды орындаушы БҰҰ-ның лауазымды адамдары БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияның V және VII баптарында көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады;
БҰҰ шақырған қатысушылар БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияның VI бабына сәйкес БҰҰ үшін іссапар барысында сарапшылар ұсынатын артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
Шекарааралық сулар туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясына қатысатын мамандандырылған мекемелердің лауазымды адамдарына БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияның VI және VII баптарында көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі.
6. БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияның ережелеріне жүгінбей Шекарааралық сулар туралы конвенция Тараптары Кеңесімен байланысты функцияларды атқаратын барлық қатысушылар және адамдар іс-шараларға қатысты өз функцияларын тәуелсіз орындау үшін қажетті артықшылықтар мен иммунитеттерді, құралдар мен этикетті пайдаланады.
7. Осы Келісімге сәйкес Үкімет ұсынатын персонал Шекарааралық сулар туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясына байланысты олардың ресми ретінде айтылған немесе жазылған сөздеріне және олар жасаған кез келген іс-әрекетке қатысты сот процестерінен иммунитеті пайдаланады.
8. Шекарааралық сулар туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясымен байланысты функцияларды орындайтын барлық қатысушылар және барлық тұлғалар Қазақстанға кедергісіз кіруге және одан кетуге құқылы. Визалар мен кіруге рұқсат қағаздар қажет болған жағдайда қысқа мерзімде және өтеусіз негізде ұсынылатын болады.
9. Шекарааралық сулар туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясының барысында Үкімет ұсынған бөлмелер, кеңселер және олармен байланысты кеңістіктер мен құралдар БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияның 3-бөлімінің II бабының мәнінде кеңес аймағын білдіреді және дайындық пен аяқтау кезеңдерін қоса алғанда, сессияны өткізу уақытында БҰҰ-ның үй-жайы болып табылады.
10. Үкімет (i) Шекарааралық сулар туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясының барысында ұсынылған залда немесе кеңселік үй-жайда адамға зиян келтіруге немесе мүліктің бүлінуіне; (ii) Үкімет ұсынған көлікке; (iii) Шекарааралық сулар туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясы үшін Үкімет ұсынған немесе ұйымдастырған персоналды жалдауға байланысты БҰҰ-ға қатысты барлық іс-әрекеттерге, дауларға немесе басқа да талаптарға жауапты болады; және Үкімет БҰҰ-ны және оның персоналын кез келген осындай іс-әрекеттен, даулардан немесе басқа талаптардан қорғайды.
11. Үкімет Шекарааралық сулар туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын шақыру туралы жергілікті билік органдарын хабардар етеді және тиісті полиция күзетін қамтамасыз етеді.
12. БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияның тиісті ережелерінің немесе кез келген қолданыла алатын басқа ықпалына түсетін дауды қоспағанда, осы уағдаластықтарды түсіндіруге немесе жүзеге асыруға қатысты кез келген дау, егер тараптар өзгеше келіспесе, құрамында үш төрешісі бар соттың қарауына ұсынылуы тиіс, олардың біреуін – БҰҰ-ның Бас хатшысы, екіншісін Үкімет тағайындайды, ал оның төрағасы болатын үшіншісін басқа екі төреші тағайындайды. Егер тараптардың бірі басқа тарап өзінің төрешісін тағайындағаны туралы хабардар еткен сәттен бастап үш ай ішінде төрешіні тағайындамаса немесе егер бастапқы екі төреші тағайындалғаннан немесе олардан екіншісі тағайындағаннан кейін үш ай ішінде Төрағаны тағайындамаса, онда мұндай төрешіні дауласушы тараптың кез келгенінің талабы бойынша Халықаралық соттың төрағасы тағайындайтын болады.
Егер тараптар өзгеше келісіп, сот жеке өзінің рәсімдерінің қағидаларын қолданады, өз мүшелеріне шығыстарын өтеуді және тараптар арасында шығыстарды бөлуді қамтамасыз етеді және барлық шешімдерді үштен екі көпшілік дауыспен қабылдайды. Барлық мәселелер бойынша шешімдер түпкілікті болады және тіпті, егер ол әрбір тараптың біреуінің жоқ кезінде шығарылса да, олардың екеуі үшін де міндетті болып табылады.
Мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда баяндалған мазмұнмен келісетінімді, осы хат және Сіздің жауап хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы арасындағы 2018 жылғы 10-12 қазан аралығында Астана қаласында Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыру және өткізу бойынша хаттар алмасу нысанындағы келісім болып саналатынын растаймын.
Келісім Сіз жауап берген күннен бастап күшіне енеді және Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын өткізу кезінде және оны дайындау мен аяқтау үшін қажетті қосымша кезеңде де күшінде болады.
Құрметпен, |
Ерлан Нысанбаев, |
Қазақстан Республикасының |
Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыру және өткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұйымдастырушылық және қаржылық міндеттемелері
I. Қатысу
1. Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясында (бұдан әрі – Тараптар Кеңесі) шамамен 400 ресми делегат қатысады деп болжануда. Бұдан басқа, Тараптар Кеңесіне жеке сектордан шамамен 120 делегат шақырылады. Осылайша, өкілдердің жалпы саны шамамен 600 адамды құрайды. Тараптар Кеңесімен байланысты қатарлас іс-шараларға, көрмелерге және басқа іс-шараларға 200-ге дейін қосымша қатысушы қатыса алады.
II. Қонақ үйлер мен Тараптар Кеңесі өткізілетін жерге дейін/жерден және әуежайға дейін/әуежайдан көлік
2. Қабылдаушы тарап қолжетімді бағамен жоғары деңгейдегі қонақ үй нөмірлерін жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге тиіс. Қонақ үйлер Тараптар Кеңесін өткізу орнынан жақын аралықта орналасуы тиіс. Бұл нөмірлерді Тараптар Кеңесі басталуына дейін кем дегенде үш ай бұрын және қонақ үйлердің бірінде Тараптар Кеңесі басталуына дейін кем дегенде екі апта бұрын броньдауға болады.
3. Қатысушылардың әртүрлі қаржылық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып, Тараптар Кеңесіне қатысушылар үшін орналастырудың бірнеше нұсқалары ұсынылуға тиіс. Атап айтқанда, Тараптар Кеңесі кезеңінде тәулігіне 120 АҚШ долларына баламадан аспайтын құны бойынша броньдау үшін кем дегенде 200 нөмір қолжетімді болуға тиіс.
4. Тараптар Кеңесінің қатысушыларына ұсынылған қонақ үйлердің тарифтері алдын ала төлемді қамтымауы тиіс. Әртүрлі тарифтер туралы ақпарат Тараптар Кеңесінің барлық тілдерінде арнайы сайтта орналастырылатын болады.
5. Тараптар Кеңесіне қатысушылар үшін қонақ үйлердегі нөмірлердің тарифтері туралы ақпаратты және әр қонақ үйдің қысқаша сипаттамасын қамтитын қонақ үйлердің алдын ала тізімін қабылдаушы тарап әзірлейді және оны түпкілікті мақұлдау үшін БҰҰ ЕЭК-тің Хатшылығына кем дегенде Тараптар Кеңесі басталуына дейін төрт ай бұрын ұсынады.
6. БҰҰ ЕЭК-пен келісілгеннен кейін тәуліктік тарифтерімен және қонақ үйлерге және басқа қабылдаушы тараптың броньдауға жауапты адамына қатысты тиісті ақпараттармен қонақ үйлердің түпкілікті тізімі Тараптар Кеңесіне дейін үш ай бұрын арнайы сайтта орналастырылатын болады.
7. Қабылдаушы тарап алдын ала келісілген қатысушылар тізіміне сәйкес әуежай мен қонақ үйлер арасында ресми делегациялар үшін трансферді қамтамасыз етуге тиіс. Дәл сондай трансфер қатысушыларды әуежайға апару үшін ұйымдастырылуға тиіс.
8. Астана қаласында қызмет атқаратын, шамамен алғандағы құнымен және телефон нөмірлерімен сенімді таксомоторлы компаниялар туралы ақпарат арнайы сайтта орналастырылатын болады. Тараптар Кеңесіне қатысушылар үшін кейбір таңдап алынған қонақ үйлер мен Тараптар Кеңесінің өткізу орны арасында жүру үшін берілетін, ақысыз тұрақты және жеткілікті көлікпен қамтамасыз ету ұсынылатын болады. Көлікпен қызмет көрсету кестесін қабылдаушы тарап алдын ала әзірлейді және БҰҰ ЕЭК Хатшылығымен келісілетін болады. Көлікпен қызмет көрсету қатарлас іс-шараларға қатысушылар үшін де қолжетімді, сондай-ақ осындай қатарлас іс-шаралардың уақытына бейімделген болуы тиіс. Өткізу орнынан/орнына тасымалдауға арналған автобустардың қажетті санымен қамтамасыз ету үшін кестеде әрбір қонақ үйде тұратын қатысушылар саны ескерілетін болады. Кесте ақпараттық хабарландыруда қолжетімді болады. Бұдан басқа, кесте қонақ үйлерде және Тараптар Кеңесін өткізу орнында көрсетілетін болады.
III. Тараптар Кеңесін өткізу орны
9. Кеңес өткізу орнында мыналар қамтамасыз етілуге тиіс:
Негізгі зал:
а) сыйымдылығы шамамен 600 орын, барлық делегациялардың өз орындарынан талқылауға қатысуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті микрофондары мен құлаққаптары бар ілеспе аудармамен жабдықталған;
б) ілеспе аударма ағылшын, француз, орыс, араб және испан тілдерінде қамтамасыз етіледі. Екі аудармашы үшін кеңістігі жеткілікті жақсы оқшауланған кабиналар БҰҰ-ның стандарттарына сәйкес жабдықталуы тиіс. Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі қосымша аударманы қамтамасыз етуді қаласа, мысалы қазақ тіліне, ілеспе аударма үшін жабдықтар мен кабиналардың саны тиісті түрде түзетілуі тиіс;
в) үй-жай делегаттардың пайдалануы, олардың компьютерлері және ұқсас электрондық жабдықтары үшін электрлі розеткалармен қамтамасыз етілуі тиіс;
г) ресми күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылған негізгі залдағы барлық талқылаулар, оның ішінде аудармасы жазылатын болады. Аудио жазбалардың көшірмелері әрбір күннің соңында БҰҰ ЕЭК-тің Хатшылығына ұсынылатын болады;
д) үй-жай БҰҰ ЕЭК Хатшылығының мүшелері мен басқа уәкілетті қызметкерлері үшін тәулігіне 24 сағат қолжетімді болуы тиіс;
ж) ресми күн тәртібіне сәйкес негізгі залда сөйлейтін барлық қатысушылар экранда үлкейтіп көрсетілетін болады.
10. Тараптар Кеңесінің барысында құрылған жұмыс топтарының кеңесін, сондай-ақ қатарлас іс-шараларды өткізуге арналған екеуінің сыйымдылығы шамамен 80 орындық және біреуінің сыйымдылығы 50 орындық үш залда ағылшын, француз, орыс және испан тілдеріне ілеспе аудармаға арналған жабдық болуы тиіс. Бұл залдар интерактивті талқылау, мысалы дөңгелек үстелдер үшін ретімен отырғызуды ескеріп ұйымдастырылуы тиіс.
11. Жоғарғы деңгейдегі екі жақты кездесулерге арналған екі VIP-бөлме.
12. 40-қа дейін адам қатыса алатын Еуропалық Одақтың үйлестіру кеңесі үшін қатарлас іс-шараларға арналған бөлмелер немесе VIP-бөлмелер пайдаланылатын болады. Қабылдаушы тарап Еуропалық Одақтың үйлестіру кеңесі үшін үй-жайдың тиісті түрде пайдалануын қамтамасыз етеді.
13. БҰҰ ЕЭК Хатшылығына арналған офистер жеткілікті мөлшерде үстелдермен және халықаралық байланыс желілері бар телефон мен факсті қоса алғанда, тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс.
14. Халықаралық орнықты даму институтының үш адамы үшін жоғарғы жылдамдықты интернеті бар офис үй-жайы.
15. Негізгі залға кіреберіс маңында тіркеу/анықтама үстелі.
16. Негізгі залдан тыс қатысушылар арасында құжаттарды/ жарияланымдарды таратуға арналған үстелдер.
17. Құжаттарды көшіруге арналған жабдықтар.
18. Өтеусіз негізде мемлекеттердің, БҰҰ жүйесінің және басқа ұйымдардың материалдарын көрсету үшін негізгі залдан тыс көрмелер өткізуге арналған орын.
19. 9 – 18-тармақтарда аталған үй-жайлардың нақты орналасуы БҰҰ ЕЭК Хатшылығымен келісілетін болады.
IV. Тараптар Кеңесін өткізу орнын ұйымдастыру
20. Негізгі кеңес залы барлық тіркелген қатысушылар үшін мынадай қолайлылықпен және қызметтермен қамтамасыз етілуі тиіс:
а) кіреберіс маңында тіркеу/анықтама үстелі;
б) делегаттар үшін көшірме орталығы (пайдаланғаны үшін төлемақы қабылдаушы тараптың шешімі бойынша белгіленетін болады);
в) интернетке қосылған және стандартты офистік бағдарламалық қамтылымы бар компьютерлермен делегациялар үшін қолжетімді компьютерлік орталық (пайдаланғаны үшін төлем қабылдаушы тараптың шешімі бойынша белгіленетін болады);
г) шетел валютасын айырбастау бойынша қызмет көрсету, сондай-ақ қолма-қол ақша алу үшін банкомат;
д) кеңес өткізілетін орында немесе орынға жақын жерде банктік қызмет көрсету;
е) барлық тіркелген қатысушылар үшін бейдждер дайындау, сондай-ақ өтетін орында қатысушыларды тіркеу және бейдждерді тарату. Өтетін орында тіркеу мүмкіндігінше алдын ала қамтамасыз етілуі тиіс.
21. Тараптар Кеңесін өткізу уақытында барлық үй-жайлар ортақ қолжетімді сымсыз интернетпен қамтамасыз етілуі тиіс. Негізгі залда орнатылған жабдықтар 600-ден аса пайдаланушыны бір мезгілде қосуды қолдауы тиіс.
V. Негізгі залды ұйымдастыру
22. Қазақстан Республикасының Үкіметі негізгі кеңес залын мынадай жабдықтармен қамтамасыз етуі тиіс:
а) электрондық презентация үшін проекторлар, бір мезгілде сөйлеушіні және презентацияны үлкейтіп көрсету үшін экрандар, электрондық презентацияларды көрсетуге арналған (мысалы PowerPoint және интернетте онлайн презентациялар) жабдық;
б) 10 адамға үстелдер мен орындықтарды орнату үшін жеткілікті кеңістікпен подиум, сондай-ақ сессияға қызмет көрсетуші БҰҰ ЕЭК-тің Хатшылығы үшін қосымша үстел мен орындық;
в) подиумда сессияның Төрағасы мен басқа қатысушылар үшін мінбенің жанында презентацияларды көрсететін мониторлар орнатылуы тиіс;
г) Хатшылыққа арналған 2010 Microsoft Office нұсқасындағы бағдарламалық қамтылымы бар немесе мінбеде Хатшылыққа арналған ең жаңа, ағылшын интерфейсімен және пернетақтамен, жоғарғы жылдамдықты интернетке қолжетімді, проектор мен принтерге қосылған бір дербес компьютер (ДК) үстелде орнатылатын болады;
д) делегациялар мен қызметкерлерге арналған үстелдердегі микрофондар және тақтайшалар (БҰҰ ЕЭК Хатшылығы ұсынған ақпарат негізінде қамтамасыз етілетін болады);
е) мәжіліс залында және сыртта БҰҰ-ның тулары, мемлекеттердің тулары және қабылдаушы тараптың тулары. Үкіметтік тулар бірдей, бірақ БҰҰ туларының өлшемінен үлкен емес болуы тиіс;
ж) Тараптар Кеңесінің тақырыбы бойынша ақпараттық материалдарды (мысалы баннерлер, стендтер және т.б.) қоса алғанда, негізгі залдың гүлдері мен өзге де декорациялары.
VI. Қатарлас іс-шаралар үшін үй-жайларды ұйымдастыру
23. Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай жабдықтарды ұсынады:
а) үстелдерде қызметкерлер үшін микрофондар және тақтайшалар, сондай-ақ тасымалды микрофондар;
б) электрондық презентация үшін проекторлар, презентацияларды көрсету үшін экрандар, бейнекамералар (мысалы PowerPoint және интернетте онлайн презентациялар, слайдтарды басқару);
в) 2010 Microsoft Office нұсқасындағы бағдарламалық қамтылымы бар немесе ең жаңа, ағылшын интерфейсімен және пернетақтамен, жоғарғы жылдамдықты интернетке қолжетімді, проектор мен принтерге қосылған бір дербес компьютер (ДК);
г) ағылшын, француз, орыс және испан тілдеріне ілеспе аударма үшін кабиналар.
VII. БҰҰ ЕЭК Хатшылығының офистерін ұйымдастыру
24. Қазақстан Республикасының Үкіметі 10 адамға үстелдермен және орындықтармен БҰҰ ЕЭК Хатшылығының офистері үшін кем дегенде екі бөлме береді. Офистер мынадай жабдықтармен қамтамасыз етіледі:
а) жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімді, ағылшын интерфейсімен және пернетақтамен, тиісті бағдарламалық қамтылымы бар үш дербес компьютер, сондай-ақ принтерлер. Сапасы стандартты, түрлі-түсті беттерді басып шығаратын, кем дегенде бір лазерлік принтер. Екі принтер үшін қосалқы картридждер, ол БҰҰ ЕЭК Хатшылығының офисінде сақталады;
б) минутына 25 беттен астам басып шығару мүмкіндігі және іріктеу мен тігу функциялары бар, екі жақты баспа опциясымен екі көшірме машинасы;
в) БҰҰ ЕЭК Хатшылығының офисі үшін кеңсе тауарлары (қағаз, қыстырғыш және т.б.);
г) ұлттық желілер ішінде Хатшылық үшін ақысыз тарифпен (Қазақстандағы стационарлық және ұялы телефондар) ең аз дегенде 8 жергілікті ұялы телефон.
VIII. Қабылдаушы хатшылық
Персонал
25. Қабылдаушы тараптың атынан барлық ұйымдастыру мәселелерін үйлестіруге жауапты адамды қабылдаушы тарап, Тараптар Кеңесіне дейін кем дегенде бес ай бұрын немесе осы Келісімге қол қойылғаннан кейін бір апта ішінде қайсысы ертерек орын алуына қарай тағайындауы тиіс. Бұл халықаралық кездесулерді ұйымдастыру бойынша расталған тәжірибесі бар және ағылшын, орыс тілдерінде еркін сөйлейтін адам болуы тиіс. Аталған адам барлық дайындық кезеңі ішінде әрдайым қол жетімді болуы тиіс.
26. Визалық мәселелерге жауапты байланыстағы адам Тараптар Кеңесіне дейін кем дегенде бес ай бұрын немесе осы Келісімге қол қойылғаннан кейін бір апта ішінде қайсысы ертерек орын алуына қарай тағайындалуы тиіс. Ағылшын және орыс тілдерін меңгерген байланыстағы адамның байланыс деректері мүдделі қатысушыларға, атап айтқанда арнайы сайтта берілуі тиіс. Визалық мәселелер бойынша байланыстағы адам Қазақстанға келу үшін кіру визаларын алуға тиіс кеңеске қатысушылармен байланысқа жауап беретін болады. Аталған адам Қазақстанға кіргеннен кейін визалық рәсімдерге байланысты мәселелерге де жауапты болады.
27. Қонақ үйлердің тізбесін жасауды және қонақ үйлерді броньдауды қоса алғанда, қатысушыларды орналастыруға қатысты барлық мәселелерді үйлестіруге жауапты адамды қабылдаушы тарап, Тараптар Кеңесіне дейін кем дегенде бес ай бұрын немесе осы Келісімге қол қойғаннан кейін бір апта ішінде қайсысы ертерек орын алауына қарай тағайындауы тиіс. Бұл адам ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгерген болуы тиіс.
28. Ағылшын және орыс тілдерін меңгерген сегіз адам кеңеске қатысушылардың тіркелуін қамтамасыз ету үшін тіркеу/анықтама үстелінде қызмет етуге тартылуы тиіс.
29. Бес адам негізгі залда қызмет көрсету, көшірмелерді дайындау, құжаттарды тарату және барлық әкімшілік мәселелерді шешу бойынша көмек көрсету үшін БҰҰ ЕЭК Хатшылығымен жұмыс істеуге тартылуы тиіс.
30. Қабылдаушы тарап дербес компьютерді, бейне, аудио, Power-Point презентациясына көмекті, аударманы, коммуникациялық және жарықтандыру жабдықтарын қоса алғанда, техникалық жабдықтардың жұмыс істеуіне жауапты персоналды қамтамасыз етеді, олардың ішінде кем дегенде бір адам ағылшын тілін меңгерген болуы тиіс.
31. Жауапты адамдардың есімдерінің тізбесі, оның ішінде олардың жауапкершілік саласын және ұялы телефондарымен байланыс ақпараты, кем дегенде Тараптар Кеңесінің басталуына дейін төрт апта бұрын БҰҰ ЕЭК Хатшылығына берілуі тиіс.
32. Бірқатар техникалық және ұйымдастыру іс-шараларын шешу үшін қабылдаушы тарап өзін танытқан, абыройлы және ірі халықаралық кездесулер мен іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибесі бар беделді компаниямен шарт жасаса алады. Бұл жағдай осы Келісімде баяндалған мәселелерге қабылдаушы тараптың жалпы жауапкершілігін қозғамайды және алып тастамайды.
IX. Өзге ұйымдастыру мәселелері
33. Қабылдаушы тараптың хатшылығы аккредиттеуге, тіркелуге және бейдждерді дайындау бойынша жоспардың мерзіміне жауапты болады. Осы мәселелер бойынша іс-шаралар БҰҰ ЕЭК Хатшылығымен тығыз ынтымақтастықта орындалатын болады.
34. Қабылдаушы тарап кеңес өтетін залдарға тікелей жақын орындарда кофе-брейктер кезінде кофе, шай және алкогольсіз сусындарды ұсыну қызметін көрсетуді қамтамасыз етеді.
35. Қатысушылар ауызсумен өтеусіз негізде қамтамасыз етілуі тиіс.
36. Қабылдаушы тарап кеңесті өткізу орнында кездесу уақытында түскі аспен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
37. Қабылдаушы тарап кеңестің бірінші кешінде барлық қатысушылар үшін бір ресми кешкі ас және екінші кешінде бір бейресми іс-шара ұйымдастырады.
38. Үкімет Конвенция шеңберіндегі қызмет үшін қаражат жинау мақсатында 20 адам донорларға түскі ас немесе кешкі ас ұйымдастырады.
39. Қабылдаушы тарап ұсынған фотограф Тараптар Кеңесі кезінде суретке түсіретін болады.
40. Қабылдаушы тарап БҰҰ-ның қауіпсіздік қызметімен ынтымақтастықта іс-шаралар өтетін орындарда өрт және техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету үшін өртке қарсы қауіпсіздік пен эвакуация жоспарын әзірлеуге және іске асыруға, атап айтқанда, кабельдерді және басқа жалғаушы өткізгіштерді жапсыруға және таңбалауға жауапты болады.
41. Қабылдаушы тарап, қажеттілігіне қарай, іс-шаралар туралы жергілікті және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының хабардар болуын, БҰҰ ЕЭК Хатшылығымен ынтымақтастықта баспасөз-конференциясын ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін баспасөздің аккредиттелуіне, БҰҰ ЕЭК Хатшылығын хабардар етуге жауапты болады.
42. Қабылдаушы тараптың хатшылығы кеңес, қатарлас іс-шаралар барысында және Тараптар Кеңесін өткізуден кейін бір ай бойы қатысушылар пайдаланған материалдар мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.
X. Материалдардың көшірмесін жасауға жалпы қажеттіліктер
43. Қабылдаушы тарап БҰҰ ЕЭК берген сипаттамаларға сәйкес Тараптар Кеңесі басталуына дейін барлық қажетті құжаттардың көшірмесін жеткілікті мөлшерде жасауды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, Тараптар Кеңесі барысында басқа да қажетті құжаттардың көшірмелері жедел тәртіппен дайындалуы тиіс.
44. Делегаттар үшін көшірме жасау және басып шығару қызметтері хатшылық офистерінен бөлек көшірме жасау орталығында ұсынылатын болады (пайдаланғаны үшін төлем қабылдаушы тараптың шешімі бойынша белгіленетін болады).
XI. Аудармаға және жабдықтарға қажеттіліктер
45. БҰҰ ЕЭК 2018 жылғы 10–12 қазанда Тараптар Кеңесін өткізу кезінде аударманы қамтамасыз ету үшін он алты адамнан тұратын жоғарғы білікті аудармашылар (ағылшын, француз, орыс және испан тілдері бойынша үш адамнан, араб тілі бойынша төрт адам) тобын береді. Бұл аудармашылар аудармашыларға арналған БҰҰ-ның қағидалары мен ережелерінің стандарттарына сәйкес жұмыс атқаратын болады. Олардың жолақысына арналған шығыстар сметасы, тәуліктік және терминалдық шығыстар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы арасындағы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыру және өткізу бойынша хаттар алмасу нысанындағы келісімнің III қосымшасында келтірілген.
46. Қабылдаушы тарап түскі ас және таңертеңгілік үзілістер кезінде қатарлас іс-шаралар үшін ағылшын, француз, орыс және испан тілдерінде ілеспе аударманы мынадай нұсқада: ағылшын, француз, орыс және испан тілдеріне аударумен жеті қатарлас іс-шараны және ағылшын мен орыс тілдеріне аударумен екі қатарлас іс-шараны қамтамасыз етеді. БҰҰ ЕЭК қабылдаушы тарапқа қатарлас іс-шаралардың күнтізбесін Тараптар Кеңесіне дейін кем дегенде бір ай бұрын береді.
47. Бұдан басқа, қабылдаушы тарап өзінің мемлекеттік тіліне синхронды аударманы қамтамасыз етуді қалауы мүмкін.
48. Қабылдаушы тарап ілеспе аудармаға арналған кабиналарға қойылатын ISO 2603 халықаралық стандартының талаптарын сақтауы тиіс. Осы талаптардың көшірмелерін БҰҰ ЕЭК Хатшылығы ұсынады.
XII. Жеткізу
49. Қабылдаушы тарап ресми кездесулер үшін, оның ішінде көрмелер мен қатарлас іс-шаралар үшін елдерге жөнелтуге арналған, барлық баспа және электрондық материалдарды жеткізуге (мысалы компакт-дискілер, флэш-жинақтауыштар және т.б.) көмек көрсетуі тиіс.
XIII. Қаржылық жауапкершілік
50. Жоғарыда көрсетілген талаптарға байланысты жергілікті іс-шаралар бойынша шығыстардан басқа, Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ испан және араб тілдері аудармашыларының гонорарын қоса алғанда, Хатшылық пен аудармашыларға арналған жолақы, тәуліктік және терминалдық шығындарын жабу үшін 145 800 АҚШ доллары сомасында қаражат бөледі. Қалған қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы арасындағы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыру және өткізу бойынша хаттар алмасу нысанындағы келісімнің ІІІ қосымшасына сәйкес тиісті қатысушыларды қолдауға жолданатын болады.
XIV. Қауіпсіздік (кейінгі шешімдерді ескере отырып)
51. Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық тиісті рәсімдерді тексеру үшін БҰҰ-ның қауіпсіздік қызметінің аға офицерімен іс-әрекеттерді үйлестіретін аға қауіпсіздік офицерін тағайындауы тиіс. Аға қауіпсіздік қызметкері кеңестің басталуына дейін кем дегенде алты ай бұрын тағайындалуы тиіс. Екі офицер де БҰҰ-ның Қауіпсіздік қызметі жүргізген қатерлерді бағалау негізінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарын дайындауда тығыз ынтымақтастықта болады.
52. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспары кем дегенде мыналарды қамтуы тиіс:
а) аккредиттеуге дайындық, тіркелу жоспары және бейдждерді беру;
б) БҰҰ ЕЭК Хатшылығы персоналының және уәкілетті қатысушылардың кедергісіз және еркін өтуін қамтамасыз ету үшін, бұл ретте үй-жайдың ішінде барабар қауіпсіздік деңгейін сақтай отырып, БҰҰ стандарттаған өтуді бақылау стратегиясын құру;
в) кіреберісте делегаттардың бөгелуін болдырмау үшін бақылау-өткізу пункттерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жеткілікті кадрлық және техникалық ресурстар бөлу;
г) іс-шаралар орындарында өрт және техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету, атап айтқанда, кабельдерді және басқа жалғаушы өткізгіштерді жапсыруды және таңбалауды қамтамасыз ету үшін өрт қауіпсіздігі мен эвакуациялау жоспарын дайындау және іске асыру;
д) қабылдаушы тарап барлық өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
53. Кеңес өтетін залдарда жұмыс уақытында, оның ішінде Тараптар Кеңесін ұйымдастыру және дайындық күндері және демонтаж бен буып-түю кезінде медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Тең дәрежеде, осы уақыт кезеңінде жедел медициналық эвакуциялау үшін жедел жәрдем қызметінің барын тексеру қажет.
54. Тараптар Кеңесі үй-жайына БҰҰ ЕЭК Хатшылығы персоналы үшін шектеусіз өту жеке куәлігін тексеру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
55. Тараптар Кеңесін қалыпты өткізу мүмкіндігіне ықпал ететін, өткізу орнынан толық немесе ішінара эвакуациялау сияқты негізгі шешімдер БҰҰ ЕЭК Хатшылығының кеңесшісі ретінде қызмет ететін, БҰҰ тағайындаған Қауіпсіздік қызметінің аға офицерімен келісу бойынша қабылданатын болады.
Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыруға және өткізуге Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының үлесі
I. Персонал
1. Тараптар Кеңесіне қызмет көрсету үшін Астана қаласына БҰҰ ЕЭК Хатшылығының 8-ге дейін мүшелері келеді.
II. Жауапкершілік
2. БҰҰ ЕЭК Хатшылығы Тараптар Кеңесінің және қорытынды
іс-шаралардың дайындығына негізгі және техникалық қолдау көрсетеді.
3. Қабылдаушы тараптың хатшылығымен ынтымақтастықта тіркеу нысанын әзірлеу және тіркеу рәсімдерін жүргізу.
4. 2018 жылғы 10 – 12 қазан аралығындағы кезеңде Астана қаласында өткізілетін Тараптар Кеңесі мен оған байланысты барлық іс-шараларда қызмет көрсету.
5. Қажеттілігіне қарай Тараптар Кеңесіне дейін дайындалған ресми құжаттарды аударуды және сессияның басталуына дейін қабылдаушы тараптың хатшылығына электрондық көшірмесін беруді, сессияның басталуына дейін делегациялардың арасында барлық ресми құжаттарды таратуды қамтамасыз ету.
6. Тараптар Кеңесінің есептерін және Тараптар Кеңесінен кейінгі барлық ресми құжаттарды дайындау, аудару мен жариялау.
7. Сессия барысында сессиялық құжаттарды дайындау және оларды аудару мен таратуды қамтамасыз етуді бақылау.
8. Құжаттамалармен, барлық кеңестер және қатысу мен тіркелу үшін хаттама туралы ақпарат бар веб-сайтты қолдау.
9. Іс-шаралар туралы ақпараттандыру мақсатында халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қамтамасыз ету. БҰҰ ЕЭК атынан жауапты адам туралы ақпарат қабылдаушы тарапқа берілетін болады.
Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыруға және өткізуге арналған тікелей қосымша шығыстарды бағалау (барлық жиынтық және жиын сомалары жүздік долларға дөңгелектенген)
Р/с № |
Шығыстардың атауы |
Бірлігінің құны, АҚШ долл. | Күндердің саны |
Персоналдың саны |
Барлығы, АҚШ долл. |
---|---|---|---|---|---|
1 | Шамамен алынған тікелей қосымша іссапар шығыстары | ||||
БҰҰ ЕЭК персоналы (8 адам) | |||||
Хатшылық, 2018 жылғы 8-13 қазан аралығында Женевадан Астанаға дейін, екі жаққа эконом-класпен сапар | 1400 | 5 | 7000 | ||
Хатшылық, 2018 жылғы 9-13 қазан аралығында Женевадан Астанаға дейін, екі жаққа эконом-класпен сапар | 1400 | 3 | 4200 | ||
Жиыны: БҰҰ ресми адамдары үшін авиабилеттерге шығыстар | 11200 | ||||
2 | Шамамен алынған тәуліктік және терминалдық шығыстар | ||||
БҰҰ ЕЭК персоналы (8 адам) | |||||
Хатшылық, 2018 жылғы 8-13 қазан | 282 | 5 | 5 | 7050 | |
Хатшылық, 2018 жылғы 9-13 қазан | 282 | 4 | 3 | 3380 | |
Жиыны: | 10400 | ||||
Терминалдық шығыстар | 152 | 1 | 8 | 1220 | |
Жиыны: БҰҰ ресми адамдары үшін тәуліктік және терминалдық шығыстар | 11600 | ||||
3 | Өзге де талаптар: аудармашылар – 16 адам (UNOG беретін және қабылдаушы тарап төлейтін) | ||||
Аудармашылар, 2018 жылғы | 1400 | 16 | 22400 | ||
Аудармашылар, тәуліктік шығыстар | 282 | 4 | 16 | 18048 | |
Аудармашылар, терминалдық шығыстар | 152 | 1 | 16 | 2432 | |
Араб және испан тілдеріне аудармашыларға төлем | 3800 | 7 | 26600 | ||
Жиыны: Өзге де талаптар, аудармашылар | 69500 | ||||
4 | Өзге де талаптар: қатысушыларды қолдау | ||||
Жол жүру (екі жаққа эконом-класс билеттері және тәуліктік), ЕЭК елдерін қолдау (елден бір қатысушы, министрдің қатысқан жағдайда екі қатысушы) | 2400 | 5 | 12000 | ||
Жол жүру (екі жаққа эконом-класс билеттері және тәуліктік), ҮЕҰ қолдауы | 2400 | 1 | 2400 | ||
Жол жүру (екі жаққа эконом-класс билеттері және тәуліктік), Сақтау жөніндегі комитет мүшелерін қолдау және қолдауды қажет ететін Бюро мүшелері | 2400 | 2 | 4800 | ||
Жол жүру (екі жаққа эконом-класс билеттері және тәуліктік), БҰҰ ЕЭК аймағынан тыс елдерді қолдау (елден бір қатысушы, министрдің қатысуы болған жағдайда екі қатысушы) | 2500 | 2 | 5000 | ||
Жиыны: Өзге де талаптар | 24200 | ||||
5 |
Жиыны: | 116500 | |||
6 | Тасымалдау және жүк жөнелту | 800 | |||
7 | Күтпеген шығыстар: (ST/AI/342 9 (f)-тармағына сәйкес) (яғни 5-тармақтан 10%) | 11700 | |||
8 |
Тікелей қосымша шығыстардың барлығы: | 129000 | |||
9 | Әкімшілікті қолдауға арналған шығыстар 13% (яғни 8-тармақтағы сомадан 13%) | 16800 | |||
Жиыны: | 145800 |