Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 332-2-жолмен толықтырылсын:
"332-2. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.";
2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |