Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласындағы, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласындағы (бұдан әрі – реттелетін сала) басшылықты, салааралық үйлестіруді, стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Функциялары:
орталық аппараттың функциялары:
1) денсаулық сақтау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2) денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
3) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, есепке алу мен есептілік құжаттамасының нысандарын, құқықтық актілерді, оның ішінде әдістемелік ұсынымдарды; санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;
4) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын айқындау, ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және ғылыми сүйемелдеуді үйлестіру, медициналық ғылым тұжырымдамасын әзірлеу;
5) денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
6) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу;
7) денсаулық сақтау саласындағы саясаттың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
8) медициналық көмекті ұйымдастыру;
9) денсаулық сақтау саласындағы стандарттар мен регламенттерді әзірлеу және бекіту;
10) саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыруды ұйымдастыру;
11) жастардың арасында денсаулық сақтау және саламатты өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;
12) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың, сондай-ақ оларды бақылаудың жаңа әдістерін енгізу;
13) медицина және фармацевтика ғылымын дамытуды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру;
14) интернатура және резидентура туралы ережелерді бекіту;
15) интернатураның, резидентураның клиникалық мамандықтарының тізбесін бекіту;
16) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
17) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, "қатер" тобындағы балаларды ерте анықтау мәселелері бойынша жалпы практика дәрігерлерін, педиатрлар мен орта буындағы медицина қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ету;
18) медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
19) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені және оларға қойылатын талаптарды бекіту;
20) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту;
21) өз өкілеттіктері шегінде саланың қажеттіліктерін ескере отырып, медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды жоспарлауды жүзеге асыру;
22) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми-медициналық әзірлемелерге ғылыми-медициналық сараптама жүргізуді жүзеге асыру;
23) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығарындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындау;
24) уәкілетті органның формулярлық комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту;
25) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарын бекіту;
26) клиникалық және клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу жөніндегі талаптарды бекіту;
27) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын және денсаулық сақтау саласындағы құрметті атақтарды беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
28) ТМККК шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық көмек көлемінің көрсетілуін және ресурстарды тиімді пайдаланудың қамтамасыз етілуін мониторингтеу;
29) медициналық ұйымдар қызметкерлерінің ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі жұмысының түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағдарланған ынталандыру жүйесін бағалауды жүргізу;
30) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде іске асырылатын бағдарламалар мен бағыттардың енгізілуін және орындалуын үйлестіруді және мониторингті жүзеге асыру;
31) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын тағайындауды келісу;
32) Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның құрамын және ережесін бекіту;
33) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
34) төтенше жағдайлар кезінде халықтың ауруларының алдын алу және оларды емдеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың дайындығын қамтамасыз ету;
35) денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау;
36) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту;
37) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін бекіту;
38) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
39) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту;
40) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін бекіту;
41) медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
42) денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындау;
43) медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;
44) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін бекіту;
45) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін бекіту;
46) стационарлық көмек көрсету тәртібін бекіту;
47) стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін бекіту;
48) жедел медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;
49) санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;
50) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін бекіту;
51) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын әзірлеу және бекіту;
52) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тізімін айқындау;
53) пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
54) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;
55) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу тәртібін айқындау;
56) медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;
57) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін жасау тәртібін бекіту;
58) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеу және бекіту тәртібін, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу тәртібін айқындау;
59) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы инспекциялауды жүргізу қағидаларын бекіту;
60) биологиялық активті заттардың, фармакологиялық және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың клиникаға дейінгі (клиникалық емес), клиникалық зерттеулерін жүргізу үшін ұйымдардың тізбесін бекіту;
61) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарға медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібін бекіту;
62) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу тәртібін айқындау;
63) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың ТМККК алуын қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
64) клиникалық базалардың тізбесін бекіту;
65) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының үлгілік нысанын бекіту;
66) иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін айқындау;
67) анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттарын бекіту;
68) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту;
69) донорларға қан мен оның компоненттерінің донациясы үшін ақы төлеу тәртібін айқындау;
70) паллиативтік көмекті және мейіргер күтімін көрсету тәртібін бекіту;
71) зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту;
72) патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін бекіту;
73) медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін бекіту;
74) пациент пен медициналық ұйым арасында жасалатын, ТМККК шеңберінде медициналық көмек ұсыну жөніндегі үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
75) медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларына және клиникалық-техникалық негіздемесіне сарапшылық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
76) келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
77) орфандық препараттар тізбесін бекіту;
78) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту;
79) орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту;
80) ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту;
81) ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаларды қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
82) Қазақстан Республикасында медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
83) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
84) тиісті фармацевтикалық практикаларды әзірлеу және бекіту;
85) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
86) қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру тәртібін айқындау;
87) ТМККК шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау тәртібін айқындау;
88) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды, алгоритмдер мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
89) денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін әзірлеу және бекіту;
90) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындау;
91) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту;
92) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеуді жүргізу тәртібін бекіту;
93) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сәйкестікті растау тәртібін бекіту;
94) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде медициналық білім алған адамдарды денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жіберу тәртібі мен шарттарын бекіту;
95) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлеу;
96) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы жыл сайынғы ұсынысты әзірлеу;
97) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу тәртібін, мерзімдерін бекіту;
98) аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және айқындау;
99) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервтерінің мөлшерін әзірлеу;
100) республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтердің мөлшерін әзірлеу және бекіту;
101) ТМККК тізбесін қалыптастыру;
102) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін әзірлеу;
103) бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
104) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асыру;
105) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
106) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтердің түрлері мен оларды ұсыну тәртібін бекіту;
107) жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсететiн медициналық ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
108) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту;
109) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу тәртібін бекіту;
110) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру тәртібін, оның қызметі туралы ережені бекіту;
111) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту;
112) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;
113) адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар тiзбесiн белгілеу;
114) денсаулық сақтау саласындағы салалық біліктілік шеңберін әзірлеу және қайта қарау;
115) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
116) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтары мен тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын бекіту;
117) денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту;
118) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, оның ішінде электрондық қызметтер көрсету;
119) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
120) халық арасында денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері жөніндегі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
121) консультациялық-кеңесші және сараптама комиссияларын құру;
122) денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз ету;
123) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
124) жастар ұйымдарымен денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
125) жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
126) уәкілетті мемлекеттік органдардың, денсаулық сақтау субъектілерінің және денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзге де ұйымдардың жұмысын әдістемелік және ұйымдық үйлестіру;
127) денсаулық сақтау саласындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;
128) ведомстволық медициналық ақпараттық жүйелердің техникалық параметрлерін, сондай-ақ ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын күтіп ұстауды қамтамасыз ету;
129) құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
130) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдердің және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін топтар бойынша бөле отырып, олардың құзыреті шегінде кәсіпкерлік жөніндегі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекіту;
131) реттелетін саладағы тәуекелдерді басқаруды бағалау жүйесін бекіту;
132) камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтардың) оларды табыс ету тәртібін айқындау;
133) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;
134) жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат беру нысанын бекіту;
135) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібін бекіту;
136) йодталмаған ас тұзын әкелу, өндіру және өткізу тәртібін айқындау;
137) өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімінің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту;
138) тұзды және йод қосылыстарымен байытылған басқа да тамақ өнімдерін йодтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілеу;
139) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу тәртібін айқындау;
140) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын, сондай-ақ олардың филиалдарының басшыларын аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындау;
141) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу тәртібін, мерзімдерін айқындау;
142) халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту;
143) темекі бұйымдарында никотин мен шайырлы заттардың болуының жол берілетін шекті деңгейлерін айқындау;
144) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу, есебін жүргізу, сондай-ақ олар бойынша есептілік жүргізу тәртібін айқындау;
145) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен халықтың улану оқиғаларын зерттеп тексеру тәртібін айқындау;
146) қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша (уыттылық дәрежесі бойынша) олардың қауіптілік сыныптарын айқындау;
147) тамақ өнімінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін бекіту;
148) курортология ғылыми орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытынды беру тәртібін бекіту;
149) тағамға биологиялық активті қоспалардың айналымы тәртібін бекіту;
150) балалардың тағам өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу туралы шешімді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және қайтарып алу тәртібін бекіту;
151) тағамға биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бекіту;
152) тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
153) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
ведомстволардың функциялары:
1) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдау;
3) өз құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысу;
4) өз құзыреті шегінде лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялауды жүзеге асыру;
6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы (оның ішінде тіркелмегендерін) ізгілік көмек немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асыру;
7) фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді, сондай-ақ медициналық технологияларды клиникалық зерттеулерді жүргізуге рұқсаттар беру;
8) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
9) дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың тіркеу куәлігінің қолданысын тоқтата тұру жолымен дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың медициналық қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника сериясының (партиясының) медициналық қолданысына тыйым салу және айналыстан алып қою немесе медициналық қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау;
10) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау;
11) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
12) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын және олардың орынбасарларын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, олардың орынбасарларын, сондай-ақ филиалдарының басшыларын аттестаттауды жүргізу;
13) медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеуді жүргізу;
14) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу;
15) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттелген субъектілердің деректер банкін қалыптастыру;
16) ТМККК шеңберінде дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық көрсетілетін қызметтердiң бағаларын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
17) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөніндегі лицензиялау қағидаларының сақталуын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
18) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерінің енгізілуін бақылау;
19) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
20) халықаралық және шетелдік фармакопеялардың стандарттарын, сондай-ақ фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) және шет мемлекеттердің дәрілік заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдарына және медициналық техникасына арналған стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарды тану;
21) дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) қызметтерін көрсету субъектілерінің қызметін бақылау;
22) медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына сыртқы сараптаманы жүргізу;
23) аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу;
24) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілік сәйкестігін растауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу;
25) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуді (әкетуді) келісу;
26) фармацевтикалық өнімге сертификат (СРР) беру;
27) медициналық ұйымдарды фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу;
28) сынақ зертханаларын биологиялық активті заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу;
29) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеу;
30) ұйымды денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізу құқығына аккредиттеу;
31) фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асыру;
32) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
33) денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
34) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің және балалар ойыншығының қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
35) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
36) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халық тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу;
37) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру рәсімдерін және хабарламаларды қабылдауды лицензиялауды жүзеге асыру;
38) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;
39) адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;
40) тамақ өнімдерін сатылу сатысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
41) өз құзыреті шегінде тағамнан уланулар, инфекциялық, паразиттік және басқа да аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
42) республиканың аумағын инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
43) тексерулердің, бақылаудың өзге нысандарының және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
44) жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;
45) өз құзыреті шегінде зерттеулер мен сынақтар өткізу;
46) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу, ақпараттық-сауаттандыру жұмыстары және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
47) тиісті аумаққа инфекциялық, паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде халықтың денсаулығы үшін қауіп төндіретін жолаушыларды, экипаждарды, пойыз бригадаларын, көлік құралдарын, жүктерді санитариялық-карантиндік бақылаудың санитариялық-эпидемияға қарсы (санитариялық-профилактикалық) іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
48) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін интернет-ресурстарда орналастыру;
49) йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
50) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;
51) инфекциялық ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;
52) тұтынушыларға сатылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
53) жолаушыларды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауызсуды, радиоактивті, қауіпті, химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарын, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау шарттарын тексеруді жүргізу;
54) Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;
55) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қоса алғанда, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдар мен бірлестіктерде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
56) тағамға биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізделген растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
57) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
58) тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын; санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын; санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу;
59) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
60) радиоактивті заттар мен изотоптарды пайдалана отырып, рентген жабдығының, аспаптардың және жабдықтардың импортын келісу;
61) есірткі заттары мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттардың импортын (экспортын) келісу;
62) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы актілерді қабылдау;
63) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалауды зерделеу үшін қажетті материалдарды сұрату, сондай-ақ осы өнімнің құнына өтемақы төлемей, оны жүргізу үшін қажетті көлемнен аспайтын және жеткілікті көлемдерде өнімдер үлгілерінің сынамаларын алу және іріктеу жүргізу;
64) мемлекеттік органдар қабылдаған, реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;
65) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы ұйғарымдарды беру;
66) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке тұлғаларды, лауазымды адамдарды, заңды тұлғалардың заңды өкілдерін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органдарға шақыру;
67) балалар тағамы өнімдерін, тағамдық және тамаққа биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануды тоқтата тұру немесе қолдануға тыйым салу;
68) инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуының әлеуетті көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық аурумен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін жұмыстан шеттете отырып, оларды медициналық тексеруге жіберу;
69) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды көрсетімдері бойынша емделуге жатқызуға жіберу;
70) ауру таралмаған немесе аурудың таралу деңгейі төмен аумақты немесе оның бөлігін айқындау;
71) бюджеттен қаржыландырылатын Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттары мен міндетті жұмыс (көрсететін қызметтер) көлемін айқындау;
72) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында бақылауды жүзеге асыру;
73) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында радиациялық бақылауды жүзеге асыру;
74) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, халықтың декреттелген топтарына жататын, сондай-ақ міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулы қабылдау;
75) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан объектілерді пайдалануды тоқтата тұру;
76) біліктілік санаттарын бере отырып, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандар үшін біліктілік емтихандарын өткізу;
77) халықты міндетті түрде вакцинациялауды, үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді талап ету;
78) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен шектеу іс-шараларын, оның ішінде жекелеген объектілерде карантин белгілеу;
79) санитариялық-қорғау аймақтарының көлемін белгілеу және өзгерту;
80) реттелетін саладағы, бюджетті, бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және орындау мәселелері бойынша республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
81) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу;
82) өз құзыреті шегінде өнімге, тауарларға, процестерге, көрсетілетін қызметтерге арналған мемлекеттік және халықаралық стандарттардың жобаларын, жобалау нормаларын келісу;
83) егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, басқа елдердің санитариялық-эпидемияға қарсы (санитариялық-профилактикалық) іс-шараларын балама деп тану;
84) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
85) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың бұзылуына тексеру жүргізу;
86) республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтер белгілеуге дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бөлігінде қатысу, сондай-ақ оларды жоспарлау және есепке алу;
87) денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінде дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың анықтамалықтарын қалыптастыруға қатысу;
88) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің және Үкіметтің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.";
17-тармақ алып тасталсын;
19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Министрлікті басқаруды Министрліктің бірінші басшысы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
20. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
21. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.";
бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттігі:";
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Бірінші басшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |