Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жердің атаулары туралы шартқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 174 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жердің атаулары туралы шарт жобасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Маминге Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жердің атаулары туралы шартқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 589 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 сәуірдегі № 174 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жердің атаулары туралы
ШАРТ
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер атынан олардың үкіметтері,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың, атап айтқанда Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғау туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 26 қосымша) ережелерін негізге ала отырып,
мүше мемлекеттердің аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және тауарлар шығарылған жердің атауларын құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында,
төмендегілер туралы уағдаласты:
І тарау
Жалпы ережелер
1. Осы Шарт Одақтың тауар белгілерін (қызмет көрсету белгілерін) және Одақтың тауарлары шығарылған жердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
2. Осы Шарт сертификатталған және кепілдік берілген белгілерге, сондай-ақ графика түрінде берілмейтін белгілемелерге қолданылмайды.
3. Одақтың тауар белгісін (қызмет көрсету белгісін), Одақтың тауары шығарылған жердің атауын тіркеу әрбір мүше мемлекеттің тауар белгісін (қызмет көрсету белгісін), тауар шығарылған жердің атауын (бұдан әрі – ТШЖА) ұлттық тіркеу күшіне ие.
Осы Шарттың мақсаты үшін пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
"Одақтың ТШЖА бірыңғай тізілімі" – ұлттық бөлімдерден тұратын (мүше мемлекеттер бойынша) және Одақтың ресми сайтында "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде орналастырылатын, Одақтың ТШЖА туралы мәліметтер жиынтығы;
"Одақ тауар белгілерінің бірыңғай тізілімі" – ұлттық бөлімдерден тұратын (мүше мемлекеттер бойынша) және Одақтың ресми сайтында "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде орналастырылатын, Одақтың тауар белгілері (қызмет көрсету белгілері) туралы мәліметтер жиынтығы;
"өтінім беруші" – ұлттық патенттік ведомствоға Одақтың тауар белгісіне не Одақтың ТШЖА-сына өтінім берген заңды немесе жеке тұлға;
"Одақтың ТШЖА-сына өтінім" – Одақтың ТШЖА-сын тіркеу және оны пайдалану құқығын беру үшін немесе Одақтың тіркелген ТШЖА-сын пайдалану құқығын беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын құжат болып табылатын, Одақтың ТШЖА-сын тіркеуге және оны пайдалану құқығын беруге немесе Одақтың тіркелген ТШЖА-сын пайдалану құқығын беруге өтінім;
"Одақтың тауар белгісіне өтінім" – Одақтың тауар белгісін (қызмет көрсету белгісін) тіркеу үшін қажетті мәліметтер жиынтығын қамтитын құжат болып табылатын, Одақтың тауар белгісін (қызмет көрсету белгісін) тіркеуге өтінім;
"Нұсқаулық" – Одақтың тауар белгісін (қызмет көрсету белгісін) тіркеуге өтінім немесе Одақтың ТШЖА-сына өтінім беруге, оларды қарауға, Одақтың тауар белгілерін (қызмет көрсету белгісін) немесе Одақтың ТШЖА-сын тіркеуге байланысты ұйымдастыру қызметі тәртібін реттейтін қағидаларды белгілейтін акт;
"Одақтың ұжымдық белгісі" – құрылуы және қызметі аумағында өздері құрылған мүше мемлекет заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін, қауымдастықтың, одақтың немесе өзге де бірлестіктің осындай бірлестіктің құрамына кіретін тұлғалар өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларды белгілеуге арналған тауар белгісі;
"ұлттық патенттік ведомство" – осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы Шарттың іске асырылуына жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы (ұйымы). Осы Шартта Одақтың тауар белгісіне немесе Одақтың ТШЖА-сына өтінім берген ұлттық патенттік ведомство өтінім беру ведомствосы болып аталады;
"Одақтың ТШЖА" – елдің, қалалық немесе ауылдық қоныстың, жергілікті жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі заманғы немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не қамтитын белгілеме, сондай-ақ осындай атаудан туындайтын және ерекше қасиеті осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторларымен айрықша немесе басты түрде айқындалатын тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған барлық мүше мемлекеттер аумағында бір мезгілде қорғалатын белгілеме;
"ресми сайт" – Одақтың "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайты;
"баж" – осы Шартта көзделген заңды маңызы бар әрекеттерді жүзеге асыру үшін мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес аударылатын төлемақы;
"құқық иеленуші" – Одақтың тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығына ие тұлға;
"Одақтың тауар белгісіне куәлік" – Одақтың тауар белгісінің басымдығын және онда көрсетілген тауарларға қатысты мүше мемлекеттердің аумағында Одақтың тауар белгісіне айрықша құқығын куәландыратын құжат;
"Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәлік" – мүше мемлекеттердің аумағында Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығын куәландыратын құжат;
"Одақтың тауар белгісі" – барлық мүше мемлекеттердің аумағында бір мезгілде қорғалатын, тауарларды, жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – тауарларды) дараландыру қызметін атқаратын белгілемені білдіретін Одақтың тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі).
ІІ тарау
Одақтың тауар белгілері
Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық
1. Құқық иеленушінің мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одақтың тауар белгісін пайдалануға және осы айрықша құқыққа билік етуге айрықша құқығы бар, сондай-ақ Одақтың тауар белгісін немесе біртекті тауарларға қатысты, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді басқа тұлғалардың пайдалануына тыйым салуға құқығы бар.
Одақтың мүше мемлекеттердің аумағында қорғалатын тауар белгісін немесе біртекті тауарларға қатысты, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді құқық иеленушінің рұқсатынсыз пайдалануға ешкімнің құқығы жоқ.
2. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне тіркелген күнінен бастап 10 жыл өткенге дейін қолданыста болады, бұл Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күннен бастап есептеледі.
Әрбір жекелеген өтінім беру жағдайында айрықша құқықтың қолданылу мерзімін, Нұсқаулықтың талаптары сақталған кезде, осы құқық қолданысының соңғы жылы ішінде берілген құқық иеленушінің өтініші бойынша өтінім беру ведомствосы 10 жылға ұзартуы мүмкін.
3. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімінің ұзартылу саны шектеусіз болуы мүмкін.
Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзарту үшін мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленеді.
Құқық иеленушінің өтінішхаты бойынша оған Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде қосымша баж төленген жағдайда, осы баптың 2-тармағында аталған өтінішті беру үшін 6 ай беріледі.
4. Мүше мемлекеттің аумағында Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың бұзылғанына қатысты даулар осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес шешіледі.
5. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықты бұзғаны үшін мүше мемлекеттің заңнамасында осы мемлекетте тіркелген тауар белгісіне айрықша құқықты бұзғаны үшін көзделетін, дәл сондай жауапкершілік көзделеді.
Одақтың тауар белгісіне өтінім
1. Одақтың тауар белгісіне өтінімді өтінім беруші Нұсқаулықта белгіленетін тәртіппен және нысан бойынша өтінім беру ведомствосына береді.
2. Одақтың тауар белгісіне өтінімде:
1) өтініш берушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тұрғылықты (тұрған жері) мекенжайы, сондай-ақ өтінім беру ведомствосы мемлекетінің аумағындағы хат жазысу үшін мекенжайы;
2) мәлімделген белгілеме;
3) Одақтың тауар белгісін тіркеу сұратылатын және 1957 жылғы 15 маусымдағы Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы туралы Ницца келісімінде көзделген (бұдан әрі – Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы) сыныптары бойынша белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасына сәйкес топтастырылған тауарлар тізбесі қамтылуға тиіс.
3. Одақтың тауар белгісіне өтінімде:
1) Одақтың тауар белгісіне өтінім берген күннен бастап 1 ай ішінде ұсынылуы мүмкін өтінімді берген күннен неғұрлым ертерек басымдықты белгілеуге нұсқама;
2) Одақтың тауар белгісі түсті немесе түстер үйлесімдігі болып табылатынына нұсқама;
3) Одақтың тауар белгісі өтінім беру ведомствосы қолданатын стандартты рәміздерді пайдалана отырып, осы Нұсқаулыққа сәйкес тіркелуге және жариялануға тиіс нұсқама;
4) кириллица әліпбиін пайдалана отырып мәлімделген сөздік белгілемелердің транслитерациясы;
5) мәлімделген сөздік белгілеменің мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдеріне аудармасы;
6) мәлімделген белгілеменің сипаттамасы;
7) өтінім берушінің өкілі туралы мәліметтер және оның мекенжайы қамтылуы мүмкін.
4. Одақтың тауар белгісіне өтінім беру кезінде немесе осындай өтінім түскен күннен бастап 1 айдан кешіктірмей өтінім беруші Одақтың тауар белгісіне өтінім беруге баж төленгенін растайтын құжатты береді.
Одақтың тауар белгісіне өтінім беру үшін баж өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде төленеді.
5. Осы Шарттың 5-бабының 2-тармағына сәйкес конвенциялық басымдықты белгілеу үшін талаптар сақталған кезде, ұлттық патенттік ведомствоға тауар белгісін тіркеуге берілген өтінім Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгертілуі мүмкін.
Тауар белгісін тіркеуге өтінімді Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерту тәртібі Нұсқаулықта белгіленеді.
6. Одақтың тауар белгісіне өтінім орыс тілінде толтырылады.
Одақтың тауар белгісіне өтінім, Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес өтінімнің орыс тіліндегі аудармасы қоса беріле отырып, өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында көзделген тілде жасалуы мүмкін.
Одақтың тауар белгісіне өтінімнің мазмұнын түсіндіру мәселесі бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда, өтінімнің орыс тіліндегі мәтіні басым күшке ие болады.
Ұлттық патенттік ведомстволар арасындағы хат жазысу орыс тілінде жүргізіледі.
7. Одақтың тауар белгісіне өтінім бойынша іс жүргізуді халықаралық шарттарға және өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасына сәйкес өтінім беруші дербес немесе өкіл арқылы, оның ішінде өтінім беру ведомствосында тіркелген, патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы жүзеге асыра алады.
Одақтың тауар белгісінің басымдығы
1. Осы Шарттың мақсаттары үшін Одақтың тауар белгісінің басымдығы Одақтың тауар белгісіне өтінім беру күні бойынша белгіленеді.
2. Одақтың тауар белгісінің басымдығы, егер Одақтың тауар белгісіне өтінім көрсетілген күннен бастап 6 ай ішінде өтінім беру ведомствосына берілген болса, 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына (бұдан әрі – Париж конвенциясы) (конвенциялық басымдық) қатысушы мемлекетте тауар белгісіне алғашқы өтінім беру күні бойынша белгіленуі мүмкін.
3. Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттердің бірінің аумағында ұйымдастырылған ресми немесе ресми танылған халықаралық көрмелердің экспонаттарында орналастырылған Одақтың тауар белгісінің басымдығы, егер Одақтың тауар белгісіне өтінім өтінім беру ведомствосына көрсетілген күннен бастап 6 ай ішінде берілген болса, экспонатты көрмеде (көрмелік басымдық) ашық көрсету басталған күні бойынша белгіленуі мүмкін.
4. Мәлімделген тауарларға қатысты Одақтың тауар белгісінің көптеген басымдығы Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттерде осы өтінім берушінің Одақтың тауар белгісіне берілген өтінімінде көрсетілген әртүрлі тауарларға қатысты бір белгілемеге берілген тауар белгісіне бірнеше өтінімдері болған кезде өтінім берушінің өтінішхаты бойынша белгіленеді.
5. Егер Одақтың тауар белгісіне өтінімде ол берілген күнінен неғұрлым ертерек басымдықты белгілеу туралы нұсқама қамтылған болса, онда Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген кезде немесе өтінім берілген күннен бастап өтінім беруші 3 айдан кешіктірмей осындай талаптың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
6. Одақтың тауар белгісіне бөлінген өтінімдер бастапқы өтінім беру күнін және оның басымдығын (осындай болған кезде) сақтайды.
7. Одақтың тауар белгісінің басымдығы 1891 жылғы 14 сәуірдегі Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне және 1989 жылғы 28 маусымдағы Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттамаға сәйкес халықаралық тіркелген күні, аумақтық кеңейту туралы жазба енгізілген күні бойынша белгіленуі мүмкін.
Одақтың тауар белгісіне өтінімге алдын ала сараптама.
Одақтың тауар белгісіне өтінімді жариялау
1. Өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінім түскен күннен бастап 1 ай ішінде ұсынылған өтінімнің және баждың төленгенін осы Шарттың 4-бабының талаптарына және Нұсқаулыққа сәйкес дұрыс ресімделуін, Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күнді белгілеу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің болуын, оның ішінде тауарлар тізбесінің және олардың сыныптамаларының дұрыс көрсетілуін тексереді.
2. Өтінімде осы Шарттың 4-бабының 2-тармағында көрсетілген элементтердің қандай да бірі болмаған жағдайда, өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Осы Шарттың 4-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген өтінімнің материалдары дұрыс ресімделмеген не осы Шарттың 4-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған немесе Нұсқаулықта көзделген өзге де құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда, өтінім беру ведомствосы өтінім берушіге жетіспейтін құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жібереді және (немесе) сұрау салу жіберілген күннен бастап 3 ай мерзімде аталған кемшіліктерді жою туралы сұрау салу жібереді.
Өтінім беруші көрсетілген мерзім өткенге дейін өтінім беру ведомствосына сұрау салуға жауапты ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтінішхат беруге құқылы.
Өтінім беру ведомствосы сұрау салуға жауапты ұсыну мерзімін өтінім берушінің өтінішхатында көрсетілген, бірақ өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленген жағдайда, сұрау салуға жауап қайтару мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан аспайтын мерзімге ұзартады.
Өтінім беру ведомствосының құжаттарды қарау мерзімін есептеуі осы баптың 1-тармағына сәйкес осы тармақтың үшінші абзацында көзделген талаптар ескеріле отырып, өтінім берушіге сұрау салуына жауап беру үшін қажетті уақытқа тоқтатыла тұрады.
Егер осы тармақта белгіленген мерзімде сұрау салуда көрсетілген жетіспейтін құжаттар ұсынылмаса және (немесе) кемшіліктер жойылмаса, өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол туралы осындай шешім қабылданған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге хабарлама жібереді.
Одақтың тауар белгісіне өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылданған, осы өтінім бойынша заңды маңызы бар әрекеттер жүзеге асырылмайды.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жағдайларда, Одақтың тауар белгісіне өтінімді қарау мерзімі ұзартылады, бірақ бұл мерзім сұрау салуға жауап алынған немесе жетіспеген құжаттар ұсынылған күннен бастап 1 айдан аспайды.
4. Одақтың тауар белгісіне өтінім беру күні өтінім беру ведомствосына осы Шарттың 4-бабының 2-тармағында көрсетілген барлық элементтерді қамтитын Одақтың тауар белгісіне өтінім ұсынылған күн бойынша белгіленеді.
5. Одақтың тауар белгісіне өтінім, оның ішінде өзгертілген өтінім осы Шарттың 4-бабында белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде, өтінім беру ведомствосы өтінімді ресми сайтта жариялау туралы шешім қабылдайды және осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінім берушіні Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күннің белгіленуі туралы хабардар етеді, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің ұлттық патенттік ведомстволарына мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін баж сомасын көрсете отырып, құжаттарды ұсыну туралы сұрау салуды және көрсетілген бажды төлеу үшін төлем деректемелерін жібереді.
Одақтың тауар белгісіне өтінімді ресми сайтта жариялау көрсетілген хабарлама өтінім берушіге жіберілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Одақтың тауар белгісіне өтінімді ресми сайтта орналастыру күні оны жариялау күні болып табылады.
6. Ұлттық патенттік ведомстволар сұрау салуды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінім беру ведомствосына мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу үшін баж сомасын көрсете отырып, құжатты және көрсетілген бажды төлеу үшін төлем деректемелерін жібереді.
Мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу үшін (оның ішінде, егер Одақтың тауар белгісін тіркеу Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасына сәйкес бір сыныптан көп тауарларға қатысты сұратылса) баж мөлшері мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
7. Өтінім беру ведомствосы осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу үшін баж сомасын көрсете отырып, құжаттарды қоса беріп, бажды төлеу қажеттігі туралы хабарламаны және көрсетілген бажды төлеу үшін төлем деректемелерін жібереді.
8. Өтінім беруші мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу үшін баж төлеу қажеттігі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 1 ай ішінде өтінім беру ведомствосына мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төлеуді жүргізгені туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.
Көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, Одақтың тауар белгісіне өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы өтінім беру ведомствосы 5 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге хабарлама жібереді.
9. Өтінім беру ведомствосы мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу үшін баж төлеуді жүргізгені туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде басқа мүше мемлекеттердің ұлттық патенттік ведомстволарына Одақтың тауар белгісіне жарияланған өтінімін және мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу үшін баж төлеу жүргізілгені туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды жібереді.
Одақтың тауар белгісіне жарияланған өтінімге қатысты мүдделі тұлғалардың өтініштері
1. Одақтың тауар белгісіне өтінім жарияланған күннен бастап 3 ай ішінде Одақтың тауар белгісіне өтінім беруге байланысты құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кез келген мүдделі тұлға мәлімделген белгілеменің осы Шарттың 8-бабында көзделген талаптарға сәйкес еместігі туралы өзінің өтінішін өтінім беру ведомствосына ұсынуға құқылы.
2. Өтінім беру ведомствосы мүдделі тұлғалардың келіп түскен өтініштері туралы өтінім берушіні хабардар етеді және осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды ресми сайтқа орналастырады.
Өтінім берушіге мүдделі тұлғалардың келіп түскен өтініштері туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 3 ай ішінде ол өтінім беру ведомствосына мүдделі тұлғалардың өтініштеріне қатысты өзінің дәлелдерін ұсынуға құқылы.
Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту үшін негіздер
1. Осы Шартқа сәйкес:
1) осы Шарттың күші қолданылмайтын;
2) ажыратылатын қабілеті жоқ;
3) сипаттаушы, атап айтқанда:
тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген уақытын, жерiн және тәсілін белгілеу үшін пайдаланылатын;
тауарлардың белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ тұтынуға енген;
жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын;
тауардың айрықша немесе басты қасиетімен немесе мақсатымен айқындалатын тауар нысанын немесе оның орамасын білдіретін элементтерден ғана тұратын;
4) қоғамдық мүддеге, жариялы тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн;
5) тауарға, оның шығарылған жеріне немесе оны дайындаушыға қатысты жалған болып табылатын немесе тұтынушыны жаңылыстыруға алып келетін;
6) мемлекеттiк рәміздерді және белгілерді (туды, елтаңбаны, орденді, ақша белгілерін және сол сияқтыларды), мемлекеттердің қысқартылған немесе толық ресми атауларын, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың атауларын, олардың туын, елтаңбасын, басқа да рәміздерін, белгілері мен олардың элементтерін, ресми бақылау таңбаларын, кепiлдiк және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн немесе көрсетілген объектілермен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгiлемелерді білдіретін белгілемелер Одақтың тауар белгілері ретінде тіркелмейді. Мұндай белгілемелер, егер осыған тиiстi құзыреттi мемлекеттік органның, халықаралық немесе үкіметаралық ұйымның келiсiмi бар болса, қорғалмайтын элементтер ретiнде Одақтың тауар белгісіне енгізілуі мүмкін;
7) мүше мемлекеттер халықтарының мәдени мұра объектілерінің не дүниежүзілік мәдени немесе табиғи мұра объектілерінің ресми атауларымен және бейнелерімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас;
8) мүше мемлекеттердің аумақтарында белгіленген тәртіппен тіркелген, сертификатталған белгілермен немесе сәйкестік белгілерімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілер Одақтың тауар белгілері ретінде тiркеле алмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген белгілемелер, егер олар басым жағдайда болмаса, Одақтың тауар белгісіне қорғалмайтын белгілер ретiнде енгізілуі мүмкін.
Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген белгілемелер, егер Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күні мәлімделген белгілеме пайдаланылуы нәтижесінде барлық мүше мемлекеттердің аумақтарында ажыратылатын қабілетке ие болса, Одақтың тауар белгісі ретінде тіркелуі мүмкін.
Осы баптың 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген белгілемелер комбинациясы, егер ол ажыратылатын қабілетке ие болса, Одақтың тауар белгісі ретінде тіркелуі мүмкін.
3. Мыналар:
1) егер басқа тұлғаның тауар белгісін тіркеуге өтінім кері қайтарылып алынбаса немесе ол бойынша қарауға қабылдаудан, тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданбаса, біртекті тауарларға қатысты мүше мемлекеттердің бірінде басқа тұлғалар тіркеуге мәлімдеген және неғұрлым ертерек басымдығы бар белгілемелермен;
2) мүше мемлекеттердің бірінде қорғалатын, біртекті тауарларға қатысты және неғұрлым ертерек басымдығы бар басқа тұлғалардың тауар белгілерімен;
3) мәлімделген белгілеменің басымдығынан неғұрлым ерте күннен бастап мүше мемлекеттердің бірінде жалпыға белгілі тауар белгісі ретінде танылған басқа тұлғалардың тауар белгілерімен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас және осы мемлекетте осындай мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қорғалатын белгілемелер Одақтың тауар белгілері ретінде тіркеле алмайды.
4. Егер мүше мемлекеттердің аумақтарында айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас тауар белгілеріне немесе біртекті тауарларға қатысты неғұрлым бұрын басымдығы бар мәлімделген белгілемелерге құқықтар әртүрлі тұлғаларға тиесілі болған жағдайда, Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғау беру үшін барлық иеленушілердің келісімі талап етіледі.
Ұжымдық белгілермен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерге қатысты осы тармақтың бірінші абзацындағы ережелер қолданылмайды.
5. Осы Шартқа немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қорғалатын ТШЖА-мен және Одақтың тауар белгісінің басымдық күніне дейін осындай ретінде тіркеуге мәлімделген белгілемемен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер, егер Одақтың тауар белгісін осылай тіркеу тауардың өндірушісіне және (немесе) шығарылған жеріне қатысты пайдаланушыны шатастыруы мүмкін болса, кез келген тауарларға қатысты Одақтың тауар белгісі ретінде тіркеле алмайды. Мұндай ТШЖА немесе онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме, егер Одақтың тауар белгісін тіркеу оларды дараландыру үшін ТШЖА тіркелген сол тауарларға қатысты жүзеге асырылса, мұндай ТШЖА-ға құқығы бар тұлғаның атына тіркелетін Одақтың тауар белгісіне қорғалмайтын элемент ретінде енгізілуі мүмкін.
6. Мүше мемлекеттердің бірінде қорғалатын фирмалық атаумен немесе коммерциялық белгілемемен (мұндай атаудың немесе белгілеменің жекелеген элементтерімен) не мүше мемлекеттің селекциялық жетістік заңнамасына сәйкес тіркелген атауымен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас, мүше мемлекеттің аумағында өзге де тұлғаларда оған қатысты құқықтар Одақтың тіркелетін тауар белгісіне басымдық берілген күннен бұрын туындаған белгілемелер біртекті тауарларға қатысты Одақтың тауарлар белгісі ретінде тіркеле алмайды.
7. Мынадай объектілермен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер:
1) мүше мемлекеттердің бірінде белгiлi ғылым, әдебиет немесе өнер туындысының атауы, осындай туындылардың кейіпкері немесе одан дәйексөз, өнер туындысы немесе оның фрагменті – егер тиісті туындыға құқықтар Одақтың тіркелетін тауар белгісіне басымдық берілген күннен бұрын туындаса, құқық иеленушінің келісімінсіз;
2) мүше мемлекеттердің бірінде белгілі адамның тегі, аты, бүркеншік аты немесе олардан туындаған белгілеме, портреті немесе факсимилесі – осы адамның немесе оның мұрагерлерінің немесе олардың құқық мирасқорларының немесе осы адам қайтыс болғаннан кейін оның абыройы мен қадір-қасиетін қорғауды жүзеге асыратын басқа да мүдделі тұлғалардың келісімінсіз;
3) мүше мемлекетте Одақтың тіркелетін тауар белгісіне басымдық берілген күннен бұрын туындаған құқықтары бар және өтінім берушіге тиесілі емес өнеркәсіптік үлгі Одақтың тауар белгісі ретінде тіркеле алмайды.
Одақтың тауар белгісі ретінде тіркеуге мәлімделген белгілемеге сараптама
1. Өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне жарияланған өтінімді және мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін баж төлеудің жүргізілгені туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды жіберген күнінен бастап 6 ай ішінде ұлттық патенттік ведомстволар, оның ішінде өтінім беру ведомствосы сараптама жүргізеді, соның барысында Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту үшін осы Шарттың 8-бабының 1 – 5-тармақтарында көзделген негіздердің болуын тексереді.
2. Ұлттық патенттік ведомстволар, егер олар анықталған болса, сараптаманың нәтижелері бойынша қарсы қойылатын материалдарды қоса бере отырып, іздеу және тексеру нәтижелерін қамтитын қорытындыларды әзірлейді. Аталған қорытындылар осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей өтінім беру ведомствосына жіберіледі.
Ұлттық патенттік ведомстволар осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімде Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту үшін негіздердің болуы туралы мәліметтерді өтінім беру ведомствосына ұсынбаса, ұлттық патенттік ведомстволар Одақтың тауар белгісіне өтінім беруге қатысты осындай негіздердің болуы туралы Одақты хабардар ету құқығынан айырылады.
3. Егер Одақтың бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас тауар белгілеріне өтінімдерді және біртекті тауарларға қатысты әртүрлі өтінім берушілер берсе және осы өтінімдер сол бір басымдық күніне ие болса, біртекті болып табылатын тауарларға қатысты мәлімделген тауар белгісі өтінім берушілердің арасындағы келісіммен айқындалатын олардың біреуінің ғана атына тіркелуі мүмкін.
4. Егер толық немесе ішінара сәйкес келетін біртекті тауарлардың тізбелеріне қатысты Одақтың бірдей тауар белгілеріне өтінімдерді сол бір өтінім беруші берген және осы өтінімдер сол бір басымдық күніне ие болған жағдайда, көрсетілген тізбелері сәйкес келетін тауарларға қатысты Одақтың тауар белгісі өтінім беруші таңдап алған өтінімдердің тек біреуі бойынша ғана тіркелуі мүмкін.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда өтінім беру ведомствосы өтінім берушілерге тиісті хабарламаларды жібереді.
Өтінім берушілер осындай хабарламаны алған күннен бастап 6 ай ішінде өтінім беру ведомствосына өтінімдердің қайсысы бойынша тауар белгісін тіркеу сұратылып отырғанын, ал Одақтың бірдей тауар белгілеріне өтінімдер берген өтінім беруші өзінің таңдауы туралы хабарлауға тиіс.
Аталған хабарлама белгіленген мерзімде келіп түспеген кезде, өтінімдер қайтарылып алынған болып саналады, ол туралы өтінім берушілерге осы белгіленген мерзім өткен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде хабарлама жіберіледі.
6. Өтінім беру ведомствосы ұлттық патенттік ведомстволардың қорытындылары, оның ішінде өзінің қорытындысы, сондай-ақ осы Шарттың 7-бабында айқындалған жүгінулер мен дәлелдер негізінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей сараптаманың нәтижелері туралы өтінім берушіге хабарлама жібереді.
Мұндай хабарлама, егер Одақтың тауар белгісіне қорғау берілмейтін немесе өтінім беруші сұратып отырған көлемнен аз көлемде берілуі мүмкін болған жағдайда жіберіледі. Хабарламаға ұлттық патенттік ведомстволардың, оның ішінде өтінім беру ведомствосының қорытындылары қоса беріледі.
7. Өтінім берушінің Одақтың тауар белгісіне өтінімге жасалған сараптама нәтижелері туралы хабарламаға байланысты, оған осындай хабарлама жіберілген күннен бастап 3 ай ішінде мәлімделген тауарлардың барлығына немесе оның бір бөлігіне қатысты өзінің дәлелдері мен ескертулерін (бұдан әрі – дәлелдер және ескертулер) өтінім беру ведомствосына ұсынуға құқығы бар.
Көрсетілген мерзім өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленген жағдайда, өтінім берушінің өтінішхаты бойынша 3 айға дейін қосымша ұзартылуы мүмкін.
Егер дәлелдер мен ескертулер белгіленген мерзім ішінде ұсынылмаса, өтінім беру ведомствосы осы мерзім өткен күннен бастап 1 ай ішінде Одақтың тауар белгісіне өтінімге сараптама нәтижелері бойынша шешім қабылдайды.
Өтінім беру ведомствосы осы баптың екінші абзацында көрсетілген дәлелдер мен ескертулер, сондай-ақ өтінішхат келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей олар туралы ұлттық патенттік ведомстволарды хабардар етеді.
Ұлттық патенттік ведомстволар дәлелдер мен ескертулерді ұсыну мерзімі өтіп кеткен күннен бастап 1 ай ішінде оларды қарайды және тиісті шешімдер шығарады, оларды қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтінім беру ведомствосына жолдайды.
Өтінім беру ведомствосы аталған шешімдерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды өтінім берушіге жолдайды.
8. Өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы немесе оны тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдағанға дейін өтінім берушінің өтінім беру ведомствосына:
1) Одақтың тауар белгісіне берілген өтінімге қатысты тауарлар тізбесін қысқарту туралы;
2) Одақтың тауар белгісіне өтінімді қайтарып алу туралы;
3) Одақтың тауар белгісіне өтінімді басымдық күнін сақтай отырып, тауар белгісін тіркеуге ұлттық өтінімге ауыстыру туралы;
4) Одақтың тауар белгісіне бұрын берілген өтінімнен Одақтың тауар белгісіне жекелеген өтінімді бөлу туралы өтінішхатпен жүгінуге құқығы бар.
9. Одақтың тауар белгісіне өтінімді осы баптың 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген басымдық күнін сақтай отырып, тауар белгісін тіркеуге ұлттық өтінімге өзгерту туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінім бойынша іс жүргізуді тоқтатады және бұл туралы өтінім берушіні хабардар етеді. Өтінішхат және өтінімнің барлық материалдары ұлттық патенттік ведомствоға жіберіледі, онда өтінім беруші Одақтық тауар белгісіне өзінің өтінімін тауар белгісін тіркеуге ұлттық өтінімге ауыстыру рәсімін жүзеге асыру өтінішімен жүгінеді.
Ұлттық патенттік ведомство тауар белгісін тіркеуге өтінімді Одақтың тауар белгісіне өтінімді ұлттық өтінімге ауыстыруды жүзеге асырады, бұл осы тауар белгісін тіркеуге дұрыс рәсімделген ұлттық өтінім болып танылады.
Аталған ауыстырылу күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұлттық патенттік ведомство өтінім берушіге осындай ауыстыру туралы хабарлама жібереді.
Тауар белгісіне ауыстырылған өтінім бойынша одан әрі іс жүргізуді ұлттық патенттік ведомство басымдық күнін сақтай отырып жүзеге асырады. Тауар белгісін тіркеуге ұлттық өтінім бойынша әрбір ұлттық патенттік ведомство өзі дайындаған қорытындылардың негізінде шешім қабылдайды.
Өтінім берушінің өтінішхатты бергені және қарағаны үшін, сондай-ақ мұндай жағдайда тауар белгісін тіркеуге ұлттық өтінімге сараптама жүргізуге баж алынбайды.
10. Осы баптың 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтінімді Одақтың тауар белгісіне бөлу туралы өтінішхатта Одақтың тауар белгісін алғашқы өтінімде өтінім беру ведомствосына өтінім берілген күні көрсетілгендер қатарындағы тауарлар тізбесі және оларға қатысты Одақтың тауар белгісіне алғашқы өтінім күшін сақтайтын Одақтың тауар белгісіне алғашқы өтінімде қамтылатын тізбедегі басқа тауарларға қатысты біртекті емес тауарлар тізбесі қамтылуға тиіс.
Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерістер енгізу
1. Өтінім беруші Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешім қабылданғанға дейін Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерістер енгізуге құқылы.
Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерістер енгізу туралы өтінішхат өтінім беру ведомствосына беріледі.
2. Мәлімделген белгілеме елеулі түрде өзгерген немесе Одақтың тауар белгісіне өтінімде көрсетілген тауарлар тізбесі кеңейтілген жағдайда, өтінішхаттан бас тартылады. Мұндай өзгерістерді өтінім беруші дербес өтінімдер ретінде ресімдеуі мүмкін.
Өтінім беру ведомствосы осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзгерістерді Одақтың тауар белгісіне өтінімге енгізеді. Өтінім берушінің, өтінім беруші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы немесе атауы, егер ол бұрынғысынша болса және (немесе) хат жазысу, егер Одақтың тауар белгісіне өтінім беру құқығын басқа тұлғаға беру немесе ауыстыру үшін мекенжайы өзгерген жағдайда, өтінім беруші өтінім беру ведомствосына тиісті өзгерістерді енгізу туралы өтінішхатты шешім қабылдағанға дейін беруге міндетті.
3. Өтінім беру ведомствосы өтінім материалдарына өзгерістер енгізу туралы өтінішхатты қараудың нәтижелері туралы өтінім берушіні және ұлттық патенттік ведомстволарды хабардар етеді.
4. Одақтың тауар белгісіне берілетін өтінім материалдарына өзгерістер енгізгені үшін өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төлейді.
Ұлттық патенттік ведомстволардың шешімдеріне шағым жасау
1. Осы Шарттың 9-бабының 7-тармағының бесінші абзацына сәйкес қабылданатын ұлттық патенттік ведомствоның шешімімен келіспеген жағдайда, өтінім беруші өтінім беру ведомствосы көрсетілген шешімді жіберген күннен бастап 3 ай ішінде ұлттық патенттік ведомствоға осындай шешімге қарсылық (шағым) (бұдан әрі – қарсылық (шағым) жіберуге құқылы.
2. Қарсылық (шағым) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ұлттық патенттік ведомстволарға беріледі.
3. Ұлттық патенттік ведомство қарсылық (шағым) түскен күннен бастап ол туралы 5 жұмыс күні ішінде өтінім беру ведомствосын хабардар етеді.
4. Қарсылықтар (шағымдар) ұлттық патенттік ведомствоға келіп түскен күнінен бастап 3 айдан аспайтын мерзімде қаралады.
5. Өтінім беру ведомствосы осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде ұлттық патенттік ведомстводан келіп түскен қарсылық (шағым) туралы хабарлама алмаған жағдайда, өтінім беру ведомствосы осы мерзім өткен күннен бастап 1 ай ішінде мәлімделген тауарларға қатысты бөлігінде Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы немесе Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Өтінім беруші ұлттық патенттік ведомствоның шешіміне шағым жасаған жағдайда, өтінім беру ведомствосы шағым жасаудың мемлекетішілік барлық мүмкіндіктері болмаған кезде, Одақтың тауар белгісіне өтінім бойынша шешім қабылдайды.
7. Ұлттық патенттік ведомство мемлекетішілік шағым жасау рәсімдерін аяқтаудың нәтижелері туралы өтінім беру ведомствосына хабарлайды.
Одақтың тауар белгісіне өтінімге сараптаманың нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер
1. Ұлттық патенттік ведомстволардың, оның ішінде өтінім беру ведомствосының осы Шарттың 9-бабының ережелеріне сәйкес дайындаған (қабылдаған) қорытындылары мен шешімдерінің (егер олар қабылданған болса) негізінде және осы Шарттың 11-бабының ережелеріне сәйкес осындай шешімдерге шағым жасаудың (егер оларға шағым жасалған болса) нәтижелерін ескере отырып, өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінімге сараптаманың нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін:
1) мәлімделген барлық тауарларға қатысты Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешім қабылдайды. Егер Одақтың тауар белгісінің тіркелуі сұратылатын тауарлардың барлық тізбесіне қатысты Одақтың тауар белгісіне қорғауды ұсыну мүмкіндігі туралы тұжырым осы Шарттың 9-бабының 1-тармағында көзделген мерзім ішінде әзірленген барлық қорытындыларда не осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген барлық қорытындыларда (шешімдерде) қамтылған болса, осындай шешім қабылданады;
2) мәлімделген тауарлардың бір бөлігіне қатысты Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешім қабылдайды. Егер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қорытындылардың (шешімдердің) ең болмағанда бірінде тіркелуі сұралатын тауарлар тізбесінің белгілі бір бөлігіне қатысты Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғауды ұсыну мүмкін еместігі туралы тұжырым қамтылған болса, осындай шешім қабылданады. Бұл ретте Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешім осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген барлық қорытындыларда (шешімдерде) Одақтың тауар белгісіне қорғауды ұсыну мүмкіндігі туралы тұжырым қамтылған, мәлімделген тауарлар бөлігіне қатысты қабылданады;
3) Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Егер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қорытындылардың (шешімдердің) ең болмағанда бірінде Одақтың тауар белгісінің тіркелуі сұратылатын барлық тауар тізбесіне қатысты Одақтың тауар белгісіне қорғауды ұсыну мүмкін еместігі туралы тұжырым қамтылған жағдайда, осындай шешім қабылданады.
2. Мәлімделген тауардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы не Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту туралы шешім оны қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінім берушіге және ұлттық патенттік ведомстволарға жіберіледі.
Өтінім беруші Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешімді алған күннен бастап 1 айдан кешіктірмей, Одақтың тауар белгісін тіркегені және Одақтың тауар белгісіне куәлік бергені үшін өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төлейді.
3. Егер Одақтың тауар белгісін тіркеуге және Одақтың тауар белгісіне куәлік беруге баж төленгені туралы ақпаратты қамтитын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, Одақтың тауар белгісіне өтінім қайтарылып алынған болып есептеледі, куәлік беру жүзеге асырылмайды, бұл туралы өтінім беру ведомствосы 5 жұмыс күні ішінде өтініш иесіне хабарлама жібереді.
Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімі
1. Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешімнің негізінде өтінім беру ведомствосы өтінім беруші Одақтың тауар белгісін тіркегені және Одақтың тауар белгісіне куәлік берілгені үшін баж төленгенін растайтын құжатты берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Одақтың тауар белгісін Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінде тіркейді және Одақтың тауар белгісіне куәлік береді.
Одақтың тауар белгісінің Бірыңғай тізіліміне енгізілетін мәліметтер құрамы, сондай-ақ Одақтың тауар белгісіне куәліктің нысаны және онда көрсетілетін мәліметтердің құрамы Нұсқаулықта айқындалады.
2. Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлімдері мәліметтерінің анықтығы мен толықтығына тиісті ақпаратты орналастырған ұлттық патенттік ведомстволар жауапты болады.
3. Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген мәліметтер ұлттық патенттік ведомстволардың Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде аталған шешімдердегі қамтылған мәліметтер артықшылыққа ие болады.
4. Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінің мәліметтеріне өзгерістер енгізу Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленген жағдайда жүзеге асырылады.
5. Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлімін жүргізетін Ұлттық патенттік ведомство осы бөлімнен үзінді көшірмені ұлттық патенттік ведомство бастығының қолын қойып ресімдейді.
Мұндай үзінді көшірменің барлық мүше мемлекеттердің аумақтарында заңдық күші бірдей болады.
Тауар белгілерінің ұлттық тіркеулерін Одақтың тауар белгісін тіркеумен ауыстыру
Егер бірдей белгілеме әрбір мүше мемлекетте толық немесе ішінара сәйкес келетін тауарлар тізбесіне тауар белгісі ретінде сол бір құқық иеленушінің атына тіркелген болса, онда мұндай тұлға өз таңдауы бойынша кез келген ұлттық патенттік ведомствоға Одақтың тауар белгісіне куәлік беру туралы өтінішхат беруге құқылы.
Одақтың тауар белгісіне куәлік айрықша құқықтың қолданылу мерзіміне, осы мерзім кешірек аяқталатын мүше мемлекетте, өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде, Одақтың тауар белгісіне куәлікті тіркегені және оны бергені үшін баж төлеу шартымен, әрбір мүше мемлекеттің аумағында толық сәйкес келетін тауарларға қатысты осындай тауар белгісінің басымдық күнін көрсете отырып, беріледі.
Ұлттық патенттік ведомстволар Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінде Одақтың тауар белгісінің тіркелгені туралы және оның әрбір мүше мемлекетте осы алдыңғы тіркеуге байланысты иемденген құқықтарға нұқсан келтірмей алдыңғы ұлттық тіркеуді ауыстырғаны туралы тауар белгілерінің ұлттық тізілімінде белгі жасауға міндетті.
Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғау беруді жарамсыз деп тану
Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғау беру кез келген мүше мемлекеттің аумағында тауарлардың барлық немесе бір бөлігіне қатысты осы мемлекеттің ұлттық патенттік ведомствосына, апелляциялық органына және (немесе) тікелей сотқа қарсылық білдіру (шағым жасау) арқылы, егер мұндай жүгіну тәртібі тиісті мемлекеттің заңнамасында көзделсе:
егер құқықтық қорғау Одақтың тауар белгісіне осы Шарттың 8-бабының 1, 6 және 7-тармақтарына сәйкес қойылатын талаптарды бұза отырып берілсе – Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімі ішінде;
егер Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғауды осы Шарттың 8-бабының 3 және 5-тармақтарында белгіленген негіздер бойынша беру мүмкін болмаса – Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі Одақтың тауар белгісін тіркеген күннен бастап 5 жыл ішінде;
егер Одақтың тауар белгісіне немесе онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас Одақтың басқа тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруге және оны пайдалануға байланысты құқық иеленушінің әрекеттері белгіленген тәртіппен құқықты теріс пайдалану не жосықсыз бәсекелестік деп танылса, Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың барлық қолданылу мерзімі ішінде дау айтылуы және жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды тоқтату
1. Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғау:
1) Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты;
2) құқық иеленуші Одақтың тауар белгісіне құқықтан бас тартқан жағдайда;
3) Одақтың ұжымдық белгісін құқықтық қорғауды осы белгінің сапасының бірыңғай сипаттамалары немесе өзге ортақ сипаттамалары жоқ тауарларда пайдаланылуына байланысты, мерзімінен бұрын тоқтату туралы сот шешімі негізінде;
4) құқықтық мирасқор болмаған жағдайда, Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы кез келген адамның өтініші бойынша ұлттық патенттік ведомствоның шешімі немесе соттың шешімі негізінде тауар белгісін құқықтық қорғау, мынадай жағдайларда:
заңды тұлға таратылған (қызметін тоқтату) – Одақтың тауар белгісінің құқық иеленушісі;
жеке тұлға – Одақтың тауар белгісінің құқық иеленушісі қайтыс болған;
5) Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғауды, оны белгілі бір тауар түрінің белгілемесі ретінде жалпыға ортақ қолдануға енгізілген Одақтың тауар белгісін белгілемеге айналдырған жағдайда, мүдделі тұлғаның өтініші бойынша ұлттық патенттік ведомствоның немесе мерзімінен бұрын тоқтату туралы қабылданған сот шешімі негізінде;
6) Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды, оны пайдаланбау салдарынан тауарлардың барлығына қатысты мерзімінен бұрын тоқтату туралы сот шешімінің негізінде тоқтатылады. Егер соттың шешімі тауардың бір бөлігіне қатысты қабылданса, Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғау тауардың осы бөлігіне қатысты тоқтатылады.
2. Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғау оны Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінде тіркеген күннен бастап кез келген 3 жыл бойына үздіксіз пайдаланбау салдарынан мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Одақтың тауар белгісін пайдаланбау салдарынан оның құқықтық қорғалуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішті мүдделі тұлға тіпті осындай өтініш берілгенге дейін Одақтың тауар белгісі пайдаланылмаған жағдайда көрсетілген 3 жыл өткеннен кейін сотқа береді.
Одақтың тауар белгісінің тіркелуін күшінде сақтау үшін оның пайдаланылмауы салдарынан Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды мерзімінен бұрын тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру кезінде Одақтың тауар белгісін кез келген мүше мемлекеттің аумағында пайдалану ескеріледі.
Осы Шарттың мақсаты үшін Одақтың тауар белгісін құқық иеленушінің немесе осындай құқық лицензиялық шарттың негізінде берілген тұлғаның не Одақтың тауар белгісін пайдалануды құқық иеленушінің бақылауымен жүзеге асыратын басқа тұлғаның пайдалануы (тиісті әрекеттер тауарды азаматтық айналымға енгізуге тікелей байланысты емес жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ:
Одақтың тауар белгісін ол тіркелген тауарларда, осы тауарлардың этикеткаларында және орамаларында қолдану;
Одақтың тауар белгісімен белгіленген тауарларды дайындау, сатуға ұсыну, сату, сақтау, әкелу;
жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде Одақтың тауар белгісін қолдану;
Одақтың тауар белгісін көрмелер мен жәрмеңкелерде демонстрациялау кезінде, жарнамаларда, баспа басылымдарында, маңдайшаларда, тауарларды азаматтық айналымға енгізуге байланысты құжаттамаларда, ақпараттық – телекоммуникациялық "Интернет" желісінде, оның ішінде доменді атауда қолдану арқылы, Одақтың тауар белгісін оның жекелеген элементтерін айырым қабілетіне әсер етпейтіндей және Одақтың тауар белгісіне берілген құқықтық қорғауды шектемейтіндей етіп өзгерте отырып пайдалану – Одақтың тауар белгісін пайдалану деп танылады.
Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғау оның пайдаланылмауы салдарынан мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешкен кезде, құқық иеленуші Одақтың тауар белгісін пайдаланғаны туралы деректерін ұсынады, онымен қоса құқық иеленуші ұсынған тауар белгісі өзіне байланысты емес мән-жайлардың салдарынан пайдаланылмады деген дәлелдемелер назарға алынуы мүмкін.
3. Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғау осы Шарттың 15-бабына сәйкес жарамсыз деп танылуы немесе осы баптың 1-тармағының 3) - 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша құқық иеленушіге өз құқықтарын қорғауға жеткілікті уақыт берместен тоқтатылуы мүмкін емес.
Одақтың тауар белгісін тіркеудің күшін жою
1. Кез келген ұлттық патенттік ведомство, сондай-ақ құқықтары аталған органдардың шешімдерін қозғайтын мүдделі тұлғалар өтінім беру ведомствосын және Шарттың 15 және 16-баптарына сәйкес қабылданған өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес заңды күшіне енген шешімдер туралы басқа да ұлттық патенттік ведомстволарды хабардар етеді.
Аталған шешімдер Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен, Одақтың тауар белгісінің Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінде тіркеу туралы күші жойылған мәліметтерді енгізуге негіз болып табылады.
Одақтың тауар белгісінің күші жойылғаны туралы мәліметтерді енгізуді Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғаудың берілуіне байланысты жарамсыз деп танылуына немесе Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды тоқтатуға байланысты өтінім беру ведомствосы жүзеге асырады.
2. Тауарлардың бір бөлігі үшін Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғаудың ұсынылуын жарамсыз деп тану туралы шешімнің немесе тауарлардың бір бөлігіне қатысты Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімнің негізінде, өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне бастапқы куәліктің күшін жояды және басымдық күнін сақтай отырып, тауарлар тізбесін нақтылауға қатысты барлық мүше мемлекеттердің аумақтарында Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықты куәландыратын Одақтың тауар белгісіне жаңа куәлік береді.
3. Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінде күші жойылған Одақтың тауар белгісін тіркеу Нұсқаулыққа сәйкес құқық иеленушінің немесе оның құқық мирасқорының ұлттық патенттік ведомствоға берген өтінішхаты негізінде және өтінішхат берген жері бойынша мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ол бойынша тауар белгісінің басымдық күні сақтала отырып, ұлттық өтінімге өзгертілуі мүмкін.
Одақтың тауар белгісіне айрықша құқыққа билік ету
1. Құқық иеленушінің Одақтың тауар белгісіне айрықша құқыққа билік етуге құқығы бар.
2. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық – құқықты беру (басқаға беру, иеліктен шығару), пайдалануға құқық беру (лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарт, кешендік кәсіпкерлік лицензия шарты (коммерциялық концессия (субконцессия) шарты), кепілге беру немесе осы мемлекетте тіркелген тауарлар белгілері үшін мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәсілдермен өзге де иелік ету, сондай-ақ әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысу объектісі болуы мүмкін.
3. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық беру (басқаға беру, иеліктен шығару) шарт бойынша өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен өтінім беру ведомствосында тіркелуге жатады.
Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарлардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты берілуі (басқаға берілуі, иеліктен шығарылуы) мүмкін, бірақ мұндай беру барлық мүше мемлекеттердің аумақтарында бір мезгілде жүзеге асырылған жағдайда ғана болуы мүмкін.
Тауарлардың бір бөлігіне қатысты Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық берілген (басқаға берілген, иеліктен шығарылған) жағдайда, өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне жаңа куәлік береді.
Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық беру (басқаға беру, иеліктен шығару) туралы шарт мұндай беру тіркелуге жататын мүше мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жазбаша нысанда жасалады.
Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық шартынсыз беруді (басқаға беруді, иеліктен шығаруды), басқаға өтуді тіркеу туралы мәліметтерді өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне енгізеді.
4. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық – заңнамасында (заңнамаларында) тауар белгісіне айрықша құқық кепілі көзделетін мүше мемлекетте (мүше мемлекеттерде) кепіл нысанасы болуы мүмкін.
Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық кепілі аталған кепілді тіркеу үшін осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен өтінім беру ведомствосында тіркелуге жатады.
Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық кепілін тіркеу туралы мәліметтерді өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне енгізеді.
5. Лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарт немесе өзге де шарт бойынша Одақтың тауар белгісін пайдалануға құқықты беру – тауар таңбасын пайдалануға құқықты беруді тіркеу үшін мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен аумақтарында Одақтың тауар белгісін пайдалану құқығы берілетін мүше мемлекеттердің ұлттық патенттік ведомстволарының бірінде тіркелуге жатады.
Шарт бойынша (лицензиялық, сублицензиялық және (немесе) өзге де) Одақтың тауар белгісін пайдалануға тіркелген құқықты беру туралы мәліметтерді ұлттық патенттік ведомстволар Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне енгізеді.
6. Шарт бойынша Одақтың тауар белгісіне айрықша құқыққа билік етуді тіркеу үшін осындай тіркеу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мөлшерде осындай билік етуді тіркеу үшін баж төленеді.
7. Лицензиялық шарт немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес Одақтың тауар белгісін пайдалануға құқық берілетін өзге де шарт, Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық кепілі туралы шарт тарапы (тараптары) аумағында шарт бойынша айрықша құқыққа тиісті билік ету тіркелген мүше мемлекеттің ұлттық патенттік ведомствосын тиісті түрдегі шарт үшін осы мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіппен осындай шарттарды өзгерту немесе олардың қолданылуын тоқтату туралы хабардар етуге міндетті.
Одақтың тауар белгісіне айрықша құқыққа билік етуді Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне тіркеусіз мұндай билік ету жарамсыз болып есептеледі. Мәміленің жарамсыз болуының салдары мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
Одақтың ұжымдық белгісіне билік ету ерекшеліктері
1. Одақтың ұжымдық белгісіне құқықтан айыру мүмкін емес және ол лицензиялық шарттың немесе сол арқылы пайдалану құқығы берілетін өзге де шарттың нысанасы бола алмайды.
2. Одақтың ұжымдық белгісін тіркеген бірлестікке кіретін тұлға өзінің тауар белгісін Одақтың ұжымдық белгісімен қатар пайдалануға құқылы.
3. Одақтың ұжымдық белгісінің құқық иеленушісі Одақтың ұжымдық белгі жарғысындағы (ережесіндегі) өзгерістер туралы өтінім беру ведомствосына хабарлауға міндетті.
4. Одақтың ұжымдық белгісі мен Одақтың ұжымдық белгісіне өтінім тиісінше Одақтың тауар белгісіне және Одақтың тауар белгісіне өтінімге өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленген жағдайда өзгертілуі мүмкін.
ІІІ тарау
Одақтың тауарлар шығарылған жерлерінің атаулары
Одақтың тауарлар шығарылған жерлерінің атауларын тіркеу тәртібі
1. Өтінім беруші Одақтың ТШЖА-сына өтінімді өтінім беру ведомствосына Нұсқаулықта белгіленген нысанда және тәртіппен береді.
Егер өтінім беруші мүше мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғасы болса, онда аумағында атауы (осындай атаудан туындайтын) Одақтың ТШЖА ретінде тіркеуге берілетін географиялық объект орналасқан мемлекеттің ұлттық патенттік ведомствосы өтінім беру ведомствосы болып табылады. Егер өтінім беруші Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғасы болса, кез келген мүше мемлекеттің ұлттық патенттік ведомствосы өтінім беру ведомствосы болуы мүмкін.
2. Одақтың ТШЖА-сына өтінім бір Одақтың ТШЖА-сына тиесілі болуға және:
1) өтінім берушінің атауын (тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса) және орналасқан мекенжайын (тұрған жері), сондай-ақ өтінім беру ведомствосы мемлекетінің аумағында хат жазысу үшін мекенжайын;
2) мәлімделген белгілемені;
3) белгіленуі үшін Одақтың ТШЖА-сын тіркеу және оны пайдалану құқығын беру немесе оның өндірілген жерін (географиялық объектінің шекарасын) көрсете отырып, тіркелген Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығын беру сұратылатын тауардың атауын көрсетуді;
4) тауардың ерекше қасиеттерін сипаттауды қамтуға тиіс.
3. Одақтың ТШЖА-сына өтінімге мынадай құжаттар:
1) атауы (осындай атаудан туындайтын) Одақтың ТШЖА ретінде тіркелуге мәлімделетін, аумағында географиялық объект орналасқан мүше мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғасы үшін – өтінім берушінің ерекше қасиеті осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарды өндіретіндігі туралы мүше мемлекеттің уәкілетті органының қорытындысы;
2) Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғасы үшін – тауар шығарылған мемлекетте осындай тұлғаның мәлімделген Одақтың ТШЖА-сын пайдалануға құқығын растайтын құжат;
3) Одақтың ТШЖА-сына өтінім беру және сараптама жүргізу үшін өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленгендігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
4. Одақтың ТШЖА-сына өтінімге, Одақтың ТШЖА-сына өтінімге қоса берілетін құжаттарға қойылатын талаптар және өтінім беру ведомствосының Одақтың ТШЖА-сына өтінімге сараптама жүргізу тәртібі өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленеді.
Одақтың ТШЖА-сын өтінім бойынша өтінім беру ведомствосымен іс жүргізуде өтінім беруші дербес немесе өкілі арқылы, оның ішінде тиісті өтінім беру ведомствосында тіркелген патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы жүзеге асыруы мүмкін.
5. Одақтың ТШЖА болып белгілі бір географиялық объектінің аумағынан шығарылғандығын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін және бұл объектінің атауын қамтымаса да, ерекше қасиеттері айрықша немесе басты нысанда осы географиялық объектіге сай келетін табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарға қатысты осы белгілемені пайдалану нәтижесінде мәлім болған белгілеме танылуы мүмкін.
Географиялық объектінің атауын білдіретін немесе қамтитын болса да, бірақ тауардың өндірілген жерімен байланысы жоқ, кез келген мүше мемлекеттің аумағында тауардың белгілі бір түрінің белгілемесі ретінде жалпыға ортақ пайдалануға енген Одақтың ТШЖА белгілемесі танылмайды.
6. Өтінім беруші Одақтың ТШЖА-сына өтінімге сараптама жүргізу нәтижелері бойынша қабылданған шешімдермен келіспеген кезде, ол шешімді алған күннен бастап 3 ай ішінде оған өтінім беру мемлекетінің ведомствосының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
7. Одақтың ТШЖА-сын тіркеу және оны пайдалануға құқықты беру туралы шешімді немесе тіркелген Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдаған өтінім беру ведомствосы өтінім берушіні қабылданған шешім туралы 5 жұмыс күні ішінде хабардар етеді және ұлттық патенттік ведомстволарға Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәлікті тіркегені және бергені үшін баж сомасын және осындай бажды төлеу үшін төлем деректемелері көрсетілген құжаттарды беру туралы сұрау салулар жібереді.
Ұлттық патенттік ведомстволар сұрау салуды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінім беру ведомствосына Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәлікті тіркегені және (немесе) бергені үшін баж сомасын және осындай бажды төлеу үшін төлем деректемелерін көрсете отырып, құжаттарды жібереді.
Көрсетілген баждардың мөлшері мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
Өтінім беруші Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәлікті тіркегені және бергені үшін баж төлеу қажеттігі туралы хабарлама жіберген күннен бастап 1 ай ішінде өтінім беру ведомствосына Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәлікті тіркегені және (немесе) бергені үшін баж төлеу жүргізілгені туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.
Көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Одақтың ТШЖА-сына өтінім қайтарылып алынған болып есептеледі, куәлік беру жүзеге асырылмайды, осы туралы өтінім беру ведомствосы 5 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге хабарлама жібереді.
Одақтың ТШЖА-сын тіркеу және оны пайдалануға құқықты беру туралы шешімнің (тіркелген Одақтың ТШЖА-сын пайдалануға құқықты беру туралы шешім) негізінде өтінім беру ведомствосы Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәлікті тіркегені және (немесе) бергені үшін бажды төлегендігін растайтын құжаттарды өтінім беруші берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Одақтың ТШЖА бірыңғай тізіліміне Одақтың ТШЖА-сын тіркейді және Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәлік береді.
Одақтың ТШЖА бірыңғай тізіліміне енгізілетін мәліметтер құрамы, сондай-ақ Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәліктің нысаны және онда көрсетілетін мәліметтердің құрамы Нұсқаулықта айқындалады.
Одақтың ТШЖА бірыңғай тізіліміндегі мәліметтерге өзгерістерді енгізу Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен және өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленген жағдайда жүзеге асырылады.
Одақтың ТШЖА бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлімдері мәліметтерінің дұрыстығы мен толықтығы үшін тиісті ақпаратты орналастырған ұлттық патенттік ведомстволар жауапты болады.
Одақтың тауар шығарылған жерінің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімі
1. Осы Шартқа сәйкес тіркелген Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәлік Одақтың ТШЖА-сына өтінімді берген күннен бастап 10 жыл бойы жарамды болады.
2. Осы баптың 1-тармағында және осы Шарттың 23-бабының 3-тармағында көрсетілген Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәліктердің қолданылу мерзімі олардың иелерінің тиісті куәліктің қолданылуының соңғы жылы ішінде өтінім беру ведомствосына берген өтініштері бойынша, сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауар шығарылған мемлекетте Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығын беретін талаптар сақталған кезде 10 жылға ұзартылуы мүмкін.
Куәліктердің қолданылу мерзімі шектеусіз рет ұзартылуы мүмкін.
3. Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту осы Шарттың талаптарына сәйкес және:
1) құқық иеленушіде (аумағында атауы (осындай атаудан туындаған) Одақтың ТШЖА ретінде тіркеуге мәлімделген географиялық объект орналасқан мүше мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғасында) – құқық иеленуші тиісті географиялық объектінің шекарасында куәлікте көрсетілген ерекше қасиеттерге ие тауар өндіретіндігі туралы осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген осы мемлекеттің уәкілетті органының қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады. Мұндай қорытындыны құқық иеленуші Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәлік қолданылуының соңғы жылы ішінде алуға тиіс;
2) құқық иеленушіде (Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғасында) – Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішті беру күніне оның тауар шығарылған мемлекетте Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығын растайтын құжат;
3) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мөлшерде Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзартқаны үшін баж төленгенін растайтын құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.
4. Құқық иеленушінің өтінішхаты бойынша ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту үшін оған мұндай куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде қосымша бажды өтінім беру ведомствосы төлеген жағдайда 6 ай мерзім ұсынылады.
Одақтың тауар шығарылған жерінің атауын құқықтық қорғау
1. Одақтың ТШЖА-сын құқықтық қорғау өтінім беру ведомствосы осы Шартқа сәйкес Одақтың ТШЖА бірыңғай тізіліміне оны тіркеуі негізінде барлық мүше мемлекеттердің аумақтарында бір мезгілде беріледі.
2. Егер тауардың нақты шығарылған жері немесе атауы аудармада, транслитерацияда және транскрипцияда не "түрі", "тұрпаты", "стилі", "тәсілі", "еліктеме", "әдісі" және соған ұқсас сөздермен тіркесе пайдаланылса да, тіркелген Одақтың ТШЖА-сын Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәлігі жоқ тұлғалардың пайдалануына, сондай-ақ кез келген тауар үшін шығарылған жеріне және тауардың ерекше қасиеттеріне қатысты тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкін ұқсас белгілемені пайдалануға жол берілмейді.
3. Одақтың ТШЖА-сын құқықтық қорғау тоқтатылған немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одақтың ТШЖА-сын құқықтық қорғау берілгені жарамсыз деп танылған жағдайда, өтінім беру ведомствосы Одақтың ТШЖА бірыңғай тізіліміне тиісті жазбаны енгізуге міндетті.
Осы Шарт күшіне енгенге дейін тіркелген тауар шығарылған
1. Мүше мемлекеттер осы Шарт күшіне енгенге дейін тіркелген, тиісті ұлттық тізілімдердің мәліметтерін қамтитын ТШЖА тізбелерін алмасуды жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тізбелерді алмасу рәсімі аяқталғаннан кейін ұлттық құқық иеленушінің (құқық иеленушілердің) өтінішхаты бойынша және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленген, олар туралы мәліметтер Одақтың ТШЖА бірыңғай тізіліміне енгізілген жағдайда өтінім беру ведомствосы Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәлік береді.
3. Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәлік осы Шарт күшіне енген күнге дейін тіркелген осы ТШЖА мүше мемлекетте аталған ТШЖА-сын пайдалану құқығының қолданыс мерзіміне беріледі. Егер ТШЖА осы Шарт күшіне енген күнге дейін бірнеше мүше мемлекетте тіркелген болса, Одақтың ТШЖА-сын пайдалану құқығы туралы куәлік осы мерзім кешірек аяқталатын мүше мемлекетте ТШЖА-ны пайдалану құқығының қолданылу мерзіміне беріледі және осындай куәліктің қолданылу мерзімі мұндай құқықтың қолданылу мерзімі басталған күннен бастап есептеледі.
ІV тарау
Қорытынды және өтпелі ережелер
1. Одақтың тауар белгісіне өтінімдерге және Одақтың ТШЖА-сына өтінімдерге қатысты құжаттар мен мәліметтерді алмасу ұлттық патенттік ведомстволар арасында Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Одақтың тауар белгісіне өтінімдер бойынша және Одақтың ТШЖА-сына өтінімдер бойынша электрондық іс жүргізудің бірыңғай жүйесін құру үшін мүше мемлекеттер осындай әрбір өтінімге бірыңғай электрондық істі және ұлттық патенттік ведомстволардың ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесін құру үшін қажетті іс-шаралардың орындалуын Нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етеді.
1. Мүше мемлекеттер Одақтың тауар белгілерін және Одақтың ТШЖА-сын тіркеу, пайдалану және құқықтық қорғау кезіндегі заңдық маңызы бар әрекеттерінің түрлерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі бекіткен Одақтың тауар белгілерін және Одақтың ТШЖА-сын тіркеу, пайдалану және құқықтық қорғау кезіндегі заңдық маңызы бар әрекеттері түрлерінің тізімін ескере отырып және осындай заңды маңызы бар әрекеттерді жүзеге асыруды ескере отырып, осындай заңдық маңызы бар әрекеттерді жүзеге асыру барысында төленетін баждардың мөлшерін бекітеді.
2. Одақтың тауар белгілерін және Одақтың ТШЖА-сын тіркеу, пайдалану және құқықтық қорғау кезіндегі заңдық маңызы бар әрекеттерді жүргізу кезінде төленетін баждардың мөлшеріне қатысты мүше мемлекеттер өзгерістер енгізуді Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі бекіткен баждар мөлшеріне өзгерістер негізінде мүше мемлекеттер жүзеге асырады.
1. Осы Шартты жүзеге асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Нұсқаулықты осы Шарт күшіне енген күннен бастап 3 ай ішінде бекітеді.
2. Нұсқаулық осы Шарттың қолданылуына қатысты қағидаларды, оның ішінде мыналарды:
1) Одақтың тауар белгісіне өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды;
2) Одақтың тауар белгісіне өтінім беру және ол бойынша алдын ала сараптама жүргізу тәртібін;
3) Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерістер енгізу тәртібін;
4) Одақтың тауар белгісіне өтінім мен Одақтың тауар белгісіне күші жойылған тіркеуді ұлттық тауар белгісін тіркеу өтініміне, сондай-ақ ұлттық тауар белгісін тіркеу өтінімін Одақтың тауар белгісіне өтінімге ауыстырудың тәртібін;
5) Одақтың ұжымдық белгісі мен Одақтың ұжымдық белгісіне өтінімді тиісінше Одақтың тауар белгісі мен Одақтың тауар белгісіне өтінімге және керісінше өзгертудің тәртібін;
6) Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімін жүргізу және оған өзгерістер енгізу, сондай-ақ Одақтың тауар белгілерін тіркеудің күші жойылғаны туралы мәліметтерді енгізу тәртібін;
7) Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін;
8) Одақтың ТШЖА бірыңғай тізілімін жүргізу және оған өзгерістер енгізу тәртібін;
9) Одақтың ТШЖА пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін;
10) ұлттық патенттік ведомстволардың өзара және Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара ақпараттық іс-қимыл тәртібін;
11) осы Шартқа сәйкес өтінім беруші ұсынған құжаттардың үлгілік нысандарын;
12) Одақтың тауар белгісін тіркеу және жариялау тәртібін;
13) Одақтың ТШЖА-сын тіркеу тәртібін;
14) Одақтың тауар белгісіне бұрын берілген өтінімнен тауар белгісіне бөлек өтінімді бөлу тәртібін қамтиды.
Осы Шартқа жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер және толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Хаттамалар осы Шарттың 29-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
Осы Шартты түсіндірумен және (немесе) қолданумен байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес шешіледі.
1. Осы Шарт Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Одақтың құқығына кіреді.
2. Осы Шарт депозитарий осы Шарт күшіне енуі үшін қажетті, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің нұсқаулығын бекіту күнінен кешіктірмей, мүше мемлекеттердің ішкі рәсімдерді орындауы туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
Мүше мемлекеттер дипломатиялық арналар арқылы осы Шартты іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етеді.
3. Мүше мемлекеттер Осы Шарттың 25-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияны өзінің заңнамасында заңдық маңызы бар әрекеттердің түрлерін және баждардың мөлшерін белгілегені туралы хабардар етеді.
4. Одақтың тауар белгісіне өтінімдерді және Одақтың ТШЖА-сына өтінімдерді қабылдау Еуразиялық экономикалық комиссияның осы баптың 3-тармағында көзделген соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап жүзеге асырылады.
20____жылғы "___"______ _______ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалған.
Осы Шарттың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Шарттың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения |
Республикасының |
Үкіметі үшін |
Беларусь Республикасының |
Үкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының |
Үкіметі үшін |
Қырғыз |
Республикасының |
Үкіметі үшін |
Ресей Федерациясының |
Үкіметі үшін |