Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 және "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 және "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат, 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президент тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша со тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
"
Ұлттық ұлан бас басқармаларының бастықтары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы |
"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментінің бастығы | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Комиссия* |
";
мына:
"
Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Комиссия* |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттерінің бастықтары | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері | Ішкі істер министрі | Комиссия* |
";
мына:
"
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары, орынбасарлары, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары, орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы |
";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
17-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, төрағаның бірінші орынбасары, орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары;";
19-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары; Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары, Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментінің, криминалдық полиция, тергеу, есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;".
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28,215-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қазақстан Республикасы Президентінің стратегияларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, тұжырымдамалар мен доктриналарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.";
51-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес беріледі.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |