Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б.Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімге қол қою туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы № Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН |
|
Жоба |
Казақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін НЕГІЗДЕМЕЛІК КЕЛІСІМ
МЫНАЛАР:
бір тараптан,
Қазақстан Республикасының атынан_____________________________________
(бұдан әрі - "Қазақстан"),
және екінші тараптан
штаб-пәтері: Фабианинкату көшесі, 34, 00100 Хельсинки қ., Финляндия мекенжайында орналасқан Солтүстік инвестициялық банк (бұдан әрі - "Банк") атынан президент Хенрик Норманн мырза және Хейкки Кантелл мырза АРАСЫНДА ЖАСАЛДЫ,
бұдан әрі бірге "Тараптар" деп аталатын Банк және Қазақстан,
Банктің халықаралық қаржы ұйымы ретінде құрылғанын және 2004 жылғы 11 ақпандағы Дания, Эстония, Финляндия, Исландия, Латвия, Литва, Норвегия және Швеция арасында Солтүстік инвестициялық банкті құру туралы келісімге сәйкес әрекет ететіндігін ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП;
Банктің мақсаты банк қызметін жүргізудің ұтымды қағидаттарына сәйкес және әлеуметтік-экономикалық факторларды ескере отырып, қаржыландыруды ұсыну, Банктің акционер - елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, экономикалық жағдайды жақсартатын және Банктің акционер - елдердің де, осындай қаржы қаражатын алатын елдердің де мүдделерін білдіретін инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылатынын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
Қазақстан Республикасының аумағында инфрақұрылым, қоршаған ортаны қорғау, энергетика, көлік, телекоммуникация және өнеркәсіп салаларында қаржылық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдесуге ҰМТЫЛА ОТЫРЫП;
Банк бөлетін қаржы ресурстарын пайдалануда ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін негіз қалауға ниет БІЛДІРЕ ОТЫРЫП;
ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ:
1-БАП
Анықтамалар
Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
"Бенефециар" (немесе жиынтығында "Бенефщиарлар") сонымен қатар Банк және оның қарыз алушысы не Жобаның меншік иесі кепілдік берген Банктің қарыз алушысын, бірге қарыз алушыны, кепілгерді, қарыз берушіні қоса алғанда, Қазақстан мемлекеті болсын, кез келген Жоба үшін Банк ұсынатын қарыз, кепілдіктер немесе басқа да құралдар арқылы қаржыландырылатын, жеке немесе жария құқық субъектісі ретінде құрылған жеке немесе заңды тұлға болсын, кез келген тұлғаны білдіреді;
"Жоба" тікелей Банк немесе делдал арқылы қаржыландырылатын кез келген инвестициялық жобаны не Банк кепілдік берген қарызбен қамтамасыз етілген және мынадай өлшемшарттарға сай келетін жобаны білдіреді:
i) Жоба Қазақстан аумағында орналасқан немесе оны қаржыландыруды Банк сол аумақта не сол аумақ арқылы жүзеге асырады және
ii) Қазақстан Үкіметі оны қаржыландыруға сұрау салады немесе қаржыландыру осы Келісімнің қолданылу аясына жататынын растайды, бұл ретте Банк осы Келісім күшіне енгеннен кейін не осы Келісімге қол қойылуы немесе күшіне енуі айқын күтілетін жағдайда қаржыландыруды бастауға келіседі;
"Салық" мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті деңгейде тікелей немесе жанама алынатын кез келген салықтарды, алымдарды, баждарды, салық салуларды немесе кез келген фискалдық аударымдарды білдіреді.
2-БАП
Банктің қызметі
Сонымен қатар Банк осы Келісімге сәйкес Қазақстан аумағы шегінде Жобаны қаржыландыру үшін қарыздар және/немесе кепілдіктер беруді, барлық рұқсат етілген құралдарды пайдалана отырып, Қазақстанның заңнамасына сәйкес ақша қаражатын қарызға алуды, сондай-ақ осы қаражатты сақтауды, пайдалануды және оған билік етуді және кез келген валютада шоттарды басқаруды қоса алғанда, Келісімге қол қойылған күнге Банктің Жарғысында көзделген қызмет түрлерін еркін жүзеге асыра алады. Атап айтқанда, Банк Жобаны өз бағалауы негізінде қаржыландыруды ұсыну/ұсынбау туралы, сондай-ақ Банк міндетті түрде Жарғыда көзделген шарттар мен шектеулер шеңберінде әрекет еткен жағдайда, оны ұсыну шарттары туралы шешімді дербес қабылдай алады.
3-БАП
Банкке салық салу
Банкке тиесілі және осы Келісімде көзделген қызметпен байланысты сыйақылар мен барлық басқа да төлемдер, сондай-ақ Банктің осындай қызметпен байланысты активтері мен кірістері салықтан босатылуға тиіс. Банктің Қазақстан аумағындағы осы Келісімде қамтылатын кез келген мәселелермен байланысты қызметінің ешқандай түрі Банкке немесе оның активтеріне салық салуға әкеп соқпауға тиіс.
4-БАП
Валюталардың айырбасталуы және ақша қаражатын аудару
Осы Келісімнің 2-бабының қолданылу аясына жататын кез келген қаржы операциясының бүкіл мерзімі ішінде Қазақстан мыналарды қамтамасыз етеді:
а) (і) Бенефициарлар кредиттер, кепілдіктер және кез келген Жобамен байланысты кәсіпорындар капиталына кез келген салымдар бойынша Банкке тиесілі кез келген сомаларды уақтылы төлеу үшін қажетті еркін айырбасталатын валютамен және Қазақстанның ұлттық валютасымен айырбастау жөніндегі операцияларды жүргізе алады; және іі) мұндай сомалар Бенефициарлардың қолданылатын шарттық немесе басқа да құралдың талаптарына сәйкес Банк алдындағы өз міндеттемелерін осылайша орындауы үшін Қазақстан аумағынан тыс жерге кедергісіз және дереу аударылуы мүмкін;
b) (і) Банктің қарыздар, кепілдіктер және салымдар бойынша төлем ретінде немесе Жобаға қатысты қызметтің нәтижесінде алған Қазақстанның ұлттық валютасындағы кез келген сомаларды еркін айырбасталатын валютаға айырбастауға мүмкіндігі болады және Банк осылайша айырбасталатын қаражатты Қазақстан аумағынан тыс жерге Банк дербес айқындайтын банк шоттарына не Банктің қалауы бойынша кедергісіз және дереу аудара алады, (іі) Банк Қазақстан аумағында осындай ақша қаражатына кедергісіз билік ете алады;
с) Банктің Жобамен байланысты кез келген сомаларды еркін айырбасталатын валютада Қазақстанның ұлттық валютасына айырбастауға мүмкіндігі болады.
5-БАП
Жобаларға қатысты қолданылатын режим
Қазақстан өзінің құкықтары мен өкілеттіліктері шегінде Жобалармен және оларды жүзеге асыру мақсатында жасалған келісімшарттармен байланысты салықтық, кедендік және басқа да мәселелерге қатысты кемсітпеушілік режимінің қолданылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ басқа халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын және/немесе кепілдік беретін басқа да салыстырмалы жобаларға немесе келісімшарттарға қатысты қолданылатын режимге қарағанда қолайлылығы кем болмайтын режим қолдануды қамтамасыз етеді.
Қазақстан әрбір Жобаға Жобаны жүзеге асырумен байланысты пайда болған борышқа қызмет көрсету мақсатында Жобаның кіріс әкелу қабілетін сақтау үшін қажетті дәрежеде экспроприация мен даулардан толық және тұрақты түрде қорғау мен кепілдікті қамтамасыз етеді.
6-БАП
Жария тендерлер
Банк Жобаларды өзінің қаржыландыруын тендерлерге қатысу рәсімдері мен келісімшарттар жасасу үшін басқа да тендерлік рәсімдердің Банктің қолданыстағы қағидалары мен рәсімдеріне сай келетіндей шартпен ұсына алады.
7-БАП
Банктің мәртебесі және режимі
Банк Қазақстан аумағында заңды тұлға мәртебесін, атап айтқанда келісімшарттар жасау, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу және иеліктен шығару, сондай-ақ заң талқылауларында тарап ретінде қатысу құқығын қоса алғанда, толық көлемде пайдалануға тиіс.
Банк Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын өзінің қызметіне қатысты кез келген басқа да халықаралық ұйымға қатысты ұсынылатын жалпы режимге қарағанда қолайлылығы кем емес режимді немесе егер осындай режим неғұрлым қолайлы болып табылса, мұндай қызметке қатысты кез келген салыстырмалы халықаралық келісіммен ұсынылатын режимді пайдаланады.
Атап айтқанда, Банк қолданыста болатын Қазақстан заңнамасына сәйкес Қазақстанның ұлттық қаржы нарығына кедергісіз қолжетімділік алуға тиіс, ал оның облигациялары, бағалы қағаздары мен басқа да салыстырмалы қаржы құралдары өзге халықаралық қаржы институттарының салыстырмалы қаржы құралдарына арналған режимге қарағанда қолайлылығы кем болмайтын режимді, оның ішінде салық режимін пайдалануға тиіс.
Осы 7-бапқа сәйкес ұсынылатын құқықтар мен қорғаулар Банк өз Жарғысында көзделген шарттар мен шектеулерден тыс жүзеге асыратын қандай да бір қызметке қолданылмауға тиіс.
8-БАП
Банктің артықшылықтары мен иммунитеттері
(1) Банктің активтері:
a) тінтуден және экспроприацияның кез келген нысандарынан;
b) құзыретті сот органы шығарған Банкке қарсы түпкілікті, шағым жасауға жатпайтын сот шешімі шығарылғанға дейін кез келген өндіріп алудан, ықпал ету шараларынан немесе тыйым салудан босатылуға тиіс.
(2) Банк өкілдері осы Келісімге байланысты қызметті жүзеге асыру уақытында немесе оны іске асыру кезінде кемінде мынадай иммунитеттер мен артықшылықтарды :
a) Банк мұндай иммунитеттен бас тартқан жағдайларды қоспағанда, лауазымдық міндеттер шеңберінде орындалатын әрекеттерге байланысты сот немесе әкімшілік қудалаудан иммунитетті;
b) Қазақстан ресми келіссөздер, құжаттарды жіберу және іссапарлар үшін ұсынатын, 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында қабылданған дипломатиялық артықшылықтар мен жеңілдіктерді пайдалануға тиіс.
8-баптың 2-тармағының күші Банктің Қазақстан азаматтары болып табылатын өкілдеріне қолданылмайды.
Көрсетілген иммунитет Банктің лауазымды адамы немесе қызметкері тарапынан болған әрекеттерден туындаған дене жарақаттарымен немесе өліммен байланысты жауапкершілікке қолданылмайды.
9-БАП
Суброгация
Осы Келісімде Банкке ұсынылатын құқықтарды өз атынан әрекет ететін Банк немесе қатысушы ел кез келген қарыздармен байланысты кепілдіктерге, осы Келісімнің қолданылу аясына жататын кепілдіктерге немесе басқа да құралдарға сәйкес Банкке төлем жасаған жағдайда, суброгация құқығын басшылыққа ала отырып пайдаланады.
10-БАП
Ынтымақтастық
Қазақстан Жобаны қаржыландыру туралы ұсыныстың осы Келісімнің қолданылу аясына жататынын растау туралы Банктің сұрау салуына 60 (алпыс) күннің ішінде жазбаша нысанда жауап беруге міндеттенеді. Қазақстан және Банк өздерінің тарапы қабылдайтын кез келген шаралар туралы немесе ұсынылатын шаралар туралы немесе осы Келісім шеңберінде екінші тараптың құқықтары мен мүдделеріне шамамен елеулі түрде әсер етуі мүмкін кез келген басқа да мән-жайлар туралы бірін-бірі уақтылы хабардар етуге тиіс.
11-БАП
Дауларды шешу
(1) Осы Келісімнің әрекет етуіне, қолданылуына, түсіндірілуіне, пайдаланылуына немесе тоқтатылуына байланысты туындайтын кез келген даулар, келіспеушіліктер, қайшылықтар немесе наразылыктар (жиынтығында "Дау") Қазақстан мен Банк арасында (мүмкіндігінше) татуласу келісімін жасау арқылы шешілуге тиіс.
(2) Егер Қазақстан мен Банк арасындағы дау тараптардың кез келгені осы Дау туралы хабарланған кезден бастап 60 (алпыс) күн ішінде татуласу келісімімен шешілмейтін болса, бұл Дау осы Келісім жасалған күнге қолданыста болатын Халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы ерікті төрелік талқылау жөніндегі Аралық сот тұрақты палатасының қағидаларына сәйкес түпкілікті және міндетті төрелік талқылау арқылы реттелуге тиіс.
(3) Төрешілердің саны үшке тең болуға тиіс. Терелік рәсімдерінің тілі ағылшын тілі болуға тиіс. Төрелік соттар Гаагада (Нидерланды) өтуге тиіс. Төрешілерді тағайындау құқығы Аралық сот тұрақты палатасының Бас хатшысына тиесілі.
(4) Егер өзгеше келісілмесе, төрелік трибунал қалыптастырылған кезден бастап алты айдың ішінде барлық өтініштер берілуге және барлық тыңдаулар аяқталуга тиіс.
Сот соңғы құжаттар ұсынылған кезден бастап 60 (алпыс) күн ішінде өз шешімін шығаруға тиіс.
(5) Қазақстан кез келген Дауға қатысты төрелік талқылауға және төрелік сот шығарған шешімге қарсылық білдірмейді.
12-БАП
Күшіне енуі
Осы Келісім Қазақстан дипломатиялық арналар арқылы өзінің ішкі рәсімдерінің орындалғаны туралы Банкті хабардар еткеннен кейін келесі күні күшіне енеді.
13-БАП
Қолданылу мерзімі
Осы Келісім уақыттың шектеусіз кезеңіне жасалады.
Банк Қазақстанға алты ай бұрын осы Келісімнің қолданысы тоқтатылатыны немесе осы Келісім бойынша Қазақстан міндеттемелерінің барлығынан немесе кез келгенінен Қазақстанның босатылатыны туралы жазбаша хабарламаны жібере алады. Егер өзгеше көрсетілмесе, осындай хабарламаның берілуі осындай хабарлама жіберілген күнге аяқталмай қалған Жобалар мен қаржы операцияларына қатысты Банк алған құқықтар мен мүдделерді қозғамайды.
Қазақстан Банкке алты ай бұрын осы Келісімнің қолданысы тоқтатылатыны туралы жазбаша хабарламаны жібере алады. Осындай хабарламаның берілуі осындай хабарламаның Қазақстан аумағында күшіне енген күні аяқталмай қалған Жобалар мен қаржы операцияларына қатысты Банк алған құқықтар мен мүдделерді қозғамайды.
14-БАП
Ақпаратты ашу
Қазақстан осы Келісімге сәйкес Жобаларды қолдау үшін ұсынылатын қарыздар, кепілдіктер және басқа да құралдар туралы ақпаратты ашу және Бенефициарларға беру құқыққа сыйымды екенін және кез келген құзыретті басшылық органның қолданыстағы қағидаларын немесе қаулысын бұзбайтынын мойындайды.
15-БАП
Хабарламалар жіберуге арналған мекенжай
Тараптар осы Келісімді қолдану барысында туындайтын кез келген мәселелер өздерінің төменде берілген мекенжайларына жіберілуі мүмкін екендігімен келіседі:
Қазақстан: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 010000, Астана қ., Қазақстан
Банк: Президент офисі, Фабианинкату көшесі, 34, 00100, Хельсинки, Финляндия
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮІШН осыған тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Келісімге екі данада ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде бірдей заң күші бар қол қойды, оның әрбір бетіне төменде қол қоюшылар немесе олардың өкілдері алдын ала қол қойған. Тараптар жанжал туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі нұсқаға сілтеме жасайды.
Күні: 2018 жылғы [күні] [айы], [орны]
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАНК |
СОЛТҮСТІК |
үшін және атынан
___________________________ _______________________________
Уәкілетті өкіл Хенрик Норманн
Президент
_______________________ ___________________________
Хейкки Кантелл
Бас консультант
қол қойды.