Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге Қазақстан мәдениетінің дамуына ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
әдебиет секциясында:
мына:
"Шаштайұлы - жазушы, "Қазақстан жазушылар одағы"
Жұмабай республикалық қоғамдық бірлестігінің
жанындағы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас
редакторы (келісім бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Шаштайұлы - жазушы, Қазақстан жазушылар одағының
Жұмабай мүшесі, халықаралық "Алаш" сыйлығының
лауреаты (келісім бойынша)";
музыка, театр және кино секциясында:
мына:
"Әубәкірова - "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
Жәния Яхияқызы консерваториясы" республикалық мемлекеттік
мекемесінің ректоры, профессор, Қазақстан
Республикасының халық әртісі, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты (келісім бойынша)",
"Нүсіпжанова - "Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер
Бибігүл Нұрғалиқызы академиясы" республикалық мемлекеттік
мекемесінің ректоры, Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының
кандидаты (келісім бойынша)"
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Әубәкірова - профессор, Қазақстан Республикасының
Жәния Яхияқызы халық әртісі, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім
бойынша)",
"Нүсіпжанова - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Бибігүл Нұрғалиқызы педагогика ғылымдарының кандидаты (келісім
бойынша)";
бейнелеу өнері және сәулет секциясында:
жоғарыда аталған Комиссияның құрамына:
Жұмағалиев - суретші-дизайнер, "Т.Қ. Жүргенов атындағы
Мүслім Садықұлы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің сән және костюм дизайны
кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері (келісім бойынша)
енгізілсін;
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Т.Б. Сүлейменов шығарылсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |