"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылғы 10 қазан – 15 қараша кезеңінде:
1) шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорығы аймақтары аумағында 28 (жиырма сегіз) дарақ жек дуадақ және Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорығы аймағы аумағында 46 (қырық алты) дарақ жек дуадаққа;
2) шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 14 (он төрт) дарақ жек дуадаққа;
3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 13 (он үш) дарақ жек дуадаққа;
4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Таниға (Қатар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында 10 (он) дарақ жек дуадақ және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 20 (жиырма) дарақ жек дуадаққа өз ителгілерімен саятшылық жүргізуге рұқсат етілсін.
2. Жек дуадақтың бір дарағын аулау ақысының мөлшерлемесі 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы саятшылық жүргізу үшін жыртқыш қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып қамтамасыз етсін.
4. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |