"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 689 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 434-30), 434-31), 434-32), 434-33), 434-34), 434-35), 434-36), 434-37) және 434-38) тармақшалармен толықтырылсын:

      "434-30) жер комиссиясы туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;

      434-31) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын әзірлейді және бекітеді;

      434-32) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      434-33) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      434-34) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін – Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      434-35) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысанын әзірлейді және бекітеді;

      434-36) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келіседі;

      434-37) жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      434-38) жер комиссиясының отырысы барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау қағидаларын, сондай-ақ аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      17-тармақта:

      411-33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "411-33) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастарын реттеу саласындағы уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 411-37) тармақшамен толықтырылсын:

      "411-37) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;".

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он бірінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 "Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2018 года № 689.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 "Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 14, ст. 168) следующие изменение и дополнения:

      в Положении о Министерстве сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 16 дополнить подпунктами 434-30), 434-31), 434-32), 434-33), 434-34), 434-35), 434-36), 434-37) и 434-38) следующего содержания:

      "434-30) разрабатывает и утверждает типовое положение о земельной комиссии;

      434-31) разрабатывает и утверждает типовой договор временного возмездного землепользования (аренды) земельного участка сельскохозяйственного назначения для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства;

      434-32) разрабатывает и утверждает правила организации и проведения мониторинга использования земель сельскохозяйственного назначения, предоставленных для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства;

      434-33) разрабатывает и утверждает правила организации и проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства;

      434-34) разрабатывает и утверждает методику определения предельных (максимальных) размеров земельных участков сельскохозяйственного назначения, которые могут находиться у гражданина Республики Казахстан для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, негосударственного юридического лица Республики Казахстан и его аффилированных лиц для ведения сельскохозяйственного производства;

      434-35) разрабатывает и утверждает формы предписания об устранении нарушений требований земельного законодательства Республики Казахстан, протокола об административном правонарушении, постановления по делу об административном правонарушении;

      434-36) согласовывает предложения местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы по вопросам предоставления и изъятия земельных участков для нужд обороны и национальной безопасности;

      434-37) разрабатывает и утверждает правила организации и проведения торгов (конкурсов, аукционов) по продаже земельных участков или права аренды земельных участков в электронном виде;

      434-38) разрабатывает и утверждает правила технического применения средств аудио-, видеозаписи, обеспечивающих фиксирование хода заседания земельной комиссии, хранения аудио-, видеозаписи, а также порядок доступа к аудио-, видеозаписи;";

      в пункте 17:

      подпункт 411-33) изложить в следующей редакции:

      "411-33) осуществляет контроль за законностью принятых решений уполномоченных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения в области регулирования земельных отношений по обращениям физических и юридических лиц;";

      дополнить подпунктом 411-37) следующего содержания:

      "411-37) организует и проводит государственный контроль за законностью принятых решений местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы и городов областного значения в области земельного законодательства Республики Казахстан;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением абзаца одиннадцатого пункта 1, который вводится в действие со 2 января 2021 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан Б. Сагинтаев