Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Түркістан облысының Түлкібас ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Түркістан облысының Түлкібас ауданын қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Түркістан облысының Түлкібас ауданы Түркібасы ауданы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |