"Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 787 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

      Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:

      1) ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке - "Алқоңыр дүние" өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;

      2) авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға - "Абай" операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;

      3) авторлар ұжымына:- Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке - "Анаға апарар жол" толықметрлі көркем фильмі үшін;

      4) ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға - "Ана сыры" өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;

      5) ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа - "Шуақты шақ" жыр жинағы үшін берілсін.

      2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О присуждении Государственной премии Республики Казахстан 2018 года в области литературы и искусства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2018 года № 787

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О присуждении Государственной премии Республики Казахстан 2018 года в области литературы и искусства"

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

      Рассмотрев рекомендации Комиссии по присуждению Государственной премии Республики Казахстан в области литературы и искусства, ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Присудить Государственную премию Республики Казахстан 2018 года в области литературы и искусства:

      1) Абдикакимову Тыныштыкбеку, поэту - за сборник стихов и баллад "Алқоңыр дүние";

      2) коллективу авторов: Альпиеву Толеубеку Нигметовичу, Бурибаеву Алану Аскаровичу, Байгожину Сундету Абдрахмановичу, участникам творческого коллектива некоммерческого акционерного общества "Государственный театр оперы и балета "Астана Опера" - за оперу "Абай" (Л. Хамиди, А. Жубанов);

      3) коллективу авторов: Сатаеву Ахану Каргамбаевичу, Назарбаевой Алие Нурсултановне, Жаксылыкову Тимуру Казбековичу, Негербек Алтынай Бауыржанкызы, Ахметову Адилу Ералиевичу - за полнометражный художественный фильм "Анаға апарар жол";

      4) Бахтыгереевой Акуштап Бахтыгереевне, поэтессе - за сборник стихов и баллад "Ана сыры";

      5) Оралбаеву Утегену Оралбаевичу, поэту - за сборник стихов "Шуақты шақ".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
Н. Назарбаев