"Мемлекеттік заңды тұлғаларға берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі мемлекеттік мүлік республикалық меншіктен Жамбыл облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 837 қаулысына қосымша |
Республикалық меншіктен Жамбыл облысының коммуналдық меншігіне берілетін мемлекеттік мүліктің тізбесі
Р/с |
Атауы | Кадастрлық нөмірі | Жалпы ауданы | Орналасқан жері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Жалпы ауданы 0,5 га жер учаскесінде орналасқан әкімшілік ғимарат (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 06-091-062-131) |
06:091:062:131/А | 826,6 ш.м. | Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговской а/о, Луговой ауылы, Смат Есімұлы көшесі, 2Б ғимарат |
Құрылыстың бастапқы құны: |
2 | Қызметтік иттерге арналған вольер | 06:091:062:131/Б | 93,72 ш.м. | ||
3 | Гараж | 06:091:062:131:1/Д | 193,5 ш.м. | ||
4 | Қойма | 06:091:062:131/В | 182,15 ш.м. | ||
5 | Қалқа | 06:091:062:131/в | 101,7 ш.м. | ||
6 | От жағу орны | 06:091:062:131/А1 |
17,7 | ||
7 | Жалпы ауданы 0,5 га жер учаскесінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 06-091-064-619) оның ішінде: | 6:091:064:619: 3/А | 127,6 ш.м. | Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговской а/о, Луговой ауылы, Жамбыл көшесі, 2Б үй |
Құрылыстың бастапқы құны: |
6:091:064:619:3/Б | 127,6 ш.м. | ||||
6:091:064:619:3/В | 140,0 ш.м. | ||||
8 | Өртке қарсы резервуар – 1 дана | 06:091:064:619:3/I | - | ||
9 | Алаңқай – 1 дана | 06:091:064:619:3/II | - | ||
10 | Автотұрақ – 1 дана | 06:091:064:619:3/III | - | ||
11 | Трансформаторлық кіші станция – 1 дана | 06:091:064:619:3/IV | - | ||
12 | Қатты қалдықтарды жинақтауыш – 1 дана | 06:091:064:619:3/V | - | ||
13 | Қоқыс жинақтауыш – 1 дана | 06:091:064:619:3/VI | - | ||
14 | Жалпы ауданы 1,5 га жер учаскесінде орналасқан құрылысы аяқталмаған 2 (екі) тұрғын үй объектісі (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 06-090-011-417) | - | - | Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай а/о, Қордай ауылы, Орталық көшесі, 18-үй |
Құрылыстың бастапқы құны: |
15 | Жалпы ауданы 1,0 га жер учаскесінде орналасқан құрылысы аяқталмаған тұрғын үй объектісі (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 06-092-058-1951) | - | - |
Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Аңдас батыр а/о, 058-есептік квартал, 1951-уч. |
Құрылыстың бастапқы құны: 154 546 900 теңге. |