Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жеңісұлы Жанжүменовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 868 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар)
қалыптасқан өзара достық қарым-қатынастар мен әскери саладағы ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдіре отырып,
1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қазақстан тарапы Тәжікстан тарапына осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада көрсетілген әскери мүлікті беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.
2-бап
Осы Келісімді іске асыру бойынша уәкілетті органдар:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Тәжікстан тарапынан - Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып табылады.
Уәкілетті органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
3-бап
Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан ("Отар" станциясы, Жамбыл облысы) Тәжікстан Республикасының аумағынан ("Рахоти" станциясы, Душанбе қаласы) дейін теміржол көлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптардың уәкілетті органдары тағайындаған өкілдер оларды тиісті түрде қабылдауды және беруді жүргізеді.
Әскери мүлікті тасымалдау мәселелері Тараптар мемлекеттері қатысушы болып табылатын әскери тасымалдау саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес реттеледі.
Әскери мүлікті Душанбе қаласының "Рахоти" станциясына дейін жеткізуге байланысты шығыстарды Қазақстан тарапы көтереді.
Қазақстан Республикасында берілетін мүлікті кедендік тазарту және декларациялау Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тәжікстан тарапы Тәжікстан Республикасында кедендік рәсімдерді рәсімдегені үшін шығыстарды өзіне алады және оған жауапты болады.
4-бап
Тәжікстан тарапы Қазақстан тарапынан алған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.
5-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар тиісті хаттамалармен ресімделеді.
6-бап
Осы Келісімнің ережелерін қолдануға және түсіндіруге байланысты даулы мәселелер өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
7-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы Қазақстан тарапының жазбаша хабарламасын Тәжікстан тарапы дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім оның 4-бабын қоспағанда, Тәжікстан тарапына осы Келісімге сәйкес берілетін әскери мүлік толық берілген кезден бастап оз қолданысын тоқтатады, оны Тараптар дипломатиялық арпалар арқылы растайды.
20__ жылғы "___" ________________ қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтін бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының | Тәжікстан Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қосымша |
Берілетін әскери мүліктің тізбесі
Р/с № | Мүліктің атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
ЗАҚ мүлкі | |||
Оқ-дәрілер | |||
1 | 5,45 мм кәдімгі оғы бар патрон (БО) | дана | 1 500 000 |
2 | 12,7 мм патрон | дана | 30 000 |
3 | ЗУ-2Э-2-ге 23 мм оқтар | дана | 20 000 |
4 | ВОГ-17 жарықшақты гранатасы бар 30 мм оқтар | дана | 90 000 |
5 | ВОГ-25 жарықшақты гранатасы бар 40 мм оқтар | дана | 30 000 |
6 | ПГ-7 40 мм оқтар | дана | 2 000 |
7 | Т-72 танкісіне 125 мм танк оқтары | дана | 1 500 |
8 | 82 мм жарықшақты-фугасты мина | дана | 30 000 |
9 | 120 мм жарықшақты-фугасты мина | дана | 25 000 |
10 | 2С3-ге 152 мм оқтар | дана | 10 000 |
Артиллериялық аспаптар, оқу-жаттығу керек-жарақтары | |||
11 | ПАБ-2М буссолі | жиынтық | 58 |
12 | ПРК-69 түзеуді есептеу аспабы | бірлік | 69 |
13 | Б7х35 дүрбісі | бірлік | 140 |
14 | АК компасы | бірлік | 69 |
15 | ПУС-7 7,62 мм | бірлік | 10 |
Авиациялық зақымдау құралдары | |||
16 | ГШ авиациялық зеңбірегіне 30 мм патрондар | дана | 30 000 |
17 | С-5 басқарылмайтын зымырандары | дана | 5 000 |
РХБҚ мүлкі | |||
18 | Химиялық барлаудың әскери аспабы | дана | 500 |
19 | ДП-5В дозиметрлік аспабы | дана | 500 |
Инженерлік мүлік | |||
20 | ДСТ-451типті саперлік қашықтық өлшегіш (ДСП-30) | дана | 10 |
21 | Инженерлік барлау перискобы (ИБП) | дана | 10 |
22 | Шағын жаяу әскер күрегі (ШЖК) | дана | 200 |
23 | Үлкен жаяу әскер күрегі (ҮЖК) | дана | 200 |
Тыл мүлкі | |||
24 | Қара түсті броньды кеудеше (2-3-санатты) | дана | 300 |
25 | Қорғаныш дулыға (металл) | дана | 300 |
26 | Рюкзак | дана | 300 |
27 | Кариматы бар ұйықтауға арналған қап | дана | 300 |
28 | Қара түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке | жұп | 300 |
29 | Плащ-шатыр | дана | 300 |
30 | 20 орынды шатыр (2-санатты) | жиынтық | 2 |
31 | 40 орынды шатыр (2-санатты) | жиынтық | 1 |
32 | Алюминий құты (2-санатты) | дана | 300 |
33 | Алюминий қолбақыр (2-санатты) | дана | 300 |
34 | Мақта кеудеше | дана | 1 000 |
35 | Кен балақты макта шалбар | дана | 1 000 |
36 | Шалбар белбеуі (3-санатты) | дана | 500 |
Тау жабдығы | |||
37 | Альпинизмге арналған жіп | метр | 1 000 |
38 | Жіп (қосалқы репшнур) | метр | 7 000 |
39 | Қар көшкіні бауы | метр | 3 000 |
40 | Муфтасы бар карабин (5 тонна) | дана | 5 000 |
41 | Муфтасы бар карабин (2,5 тонна) | дана | 2 000 |
42 | Ілмек (жартастық, көлденең) | дана | 4 000 |
43 | Ілмек (жартастық, швеллерлік) | дана | 5 000 |
44 | Ілмек (жартастық, тік) | дана | 10 000 |
45 | Мұз жарғыш | дана | 300 |
46 | Бензинді примус | дана | 600 |
47 | Сақтандыру жүйесі | жиынтық | 150 |
48 | Қар ілмектері | жұп | 100 |
Медициналық мүлік | |||
49 | Б-2 жиынтығы (шиналар) | жиынтық | 565 |
50 | № 2 үлкен таңу жинағы | жинақ | 22 |
51 | СБПА-15 көлеңкесіз шамы | дана | 112 |
52 | Бірегейлендірілген санитариялық керек-жарақ | дана | 700 |
53 | Медиңиналық зембілдер | дана | 5 870 |
54 | Зембіл астына қойылатын аласа тұғыр | жұп | 166 |
55 | Зембіл астына қойылатын биік тұғыр | жұп | 179 |
56 | Құралдар үстелі | дана | 148 |
57 | С-6 медициналық орындығы | дана | 155 |
58 | 40 л оттеғі баллоны | дана | 423 |
59 | Азоттың шала тотығына арналған баллон | дана | 512 |
60 | Басынан жараланғандарға арналған дулыға (ЖД) | дана | 975 |
61 | Ересектерге арналған балдақ | дана | 1 000 |
62 | Медициналық зембіл иықбауы | дана | 700 |
63 | Медициналық жамылғы (МЖ) | дана | 400 |
64 | Бірегейлендірілген таған | дана | 816 |
65 | Флакон ұстағыш | дана | 336 |
66 | Жаңғыртылған Дитерихс шиналары | дана | 158 |
67 | ТБА буындардың тайып кетуін болдырмауға арналған шарнирлі шиналар | дана | 490 |
68 | Саусақ сынығын емдеуге арналған шиналар | дана | 40 |
69 | Сымды сатылы шина | дана | 455 |
70 | Фанерлі шина | дана | 95 |
71 | № 1 медицинальщ жиынтық жәшігі | дана | 500 |
72 | № 2 медициналық жиынтық жәшігі | дана | 40 |
73 | № 3 медициналық жиынтық жәшігі | дана | 90 |
74 | № 4 медициналық жиынтық жәшігі | дана | 400 |
75 | Б-4 жиынтығы | жиынтық | 500 |
76 | Далалық таңу үстелі (БДТҮ) | дана | 300 |
77 | Резеңке қан тоқтатқыш жгут | дана | 400 |
Байланыс құралдары | |||
78 | Р-105 радиостанциясы | жиынтық | 30 |
79 | Р-107 радиостанциясы | жиынтық | 30 |