РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Шығыс Қазақстан облысындағы бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының аумағындағы жер учаскелерін ауыстыру және беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 891 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – кәсіпорын) кәсіпорынның өнеркәсіптік қалдықтар полигонын салу және пайдалану үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелеріне 2024 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы берілсін.";
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 887 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 891 қаулысына қосымша |
"Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
Р/с | Жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар | Жер учаскесінің нысаналы мақсаты | Құқық беру мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | 50,0 | өнеркәсіп қалдықтарын сақтау орнын салу және пайдалану үшін |
2024 жылға |
2. | 18,4 |
автожолы бар электр беру желісін пайдалану үшін |
2024 жылға |
3. | 7,93 |
автожолды пайдалану үшін |
2024 жылға |
4. | 42,7 |
теміржолды пайдалану үшін |
2024 жылға |
Барлығы | 119,03 |