Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5,23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; №11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2017 ж. № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) құмар ойын - ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген қағидалар бойынша қатысушылар өзара не ойын бизнесін ұйымдастырушымен жасасқан ұтыс туралы тәуекелге негізделген келісім;";
мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:
"17-3) мөлшерлемені есепке алу орталығы - ойын бизнесін ұйымдастырушының аппараттық-бағдарламалық кешеніне байланыс желісі арқылы қосылған және бәс тігуге мөлшерлемелерді тіркеуді, есепке алуды, бәс тігуге қатысушы, бәс тігу қорытындысының нұсқаларына коэффициенттер, оқиға қорытындысы, ұтыс және олар бойынша төлем туралы ақпаратты алуды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;";
2) 6-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "төлеуіне тыйым салынады." деген сөздер "төлеуіне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуға ынталандыруға бағытталған сыйлықтарды ойнату түріндегі құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;";
3) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-5) тармақшамен толықтырылсын:
"7-5) жергілікті атқарушы органдар үшін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен казиноны, ойын автоматтары залдарын орналастыруға жататын аумақтардың шектерін келіседі;";
4) 11-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Казино және ойын автоматтары залдары уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде Алматы облысында: Қапшағай су қоймасының жағалауында, Талғар ауданының Алатау ауылдық округінде, Панфилов ауданының Пиджим ауылдық округінде Ақмола облысының Бурабай ауданында және туристификация картасының үздік 10-дығына кіретін, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауындағы курорттық жағажайлық аймақта орналастырылуға жатады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тарихи-мәдени мұра объектілерін жою мен бүлдіру қаупінен қорғауды, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қажет ететін жағдайларды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың аумақтар шектерін өзгертуіне тыйым салынады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ойын мекемелері, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассалары тұрғын емес үй-жайларда орналастырылуға тиіс. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады.
Букмекер кеңсесі мен тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға қатысушылардың нәтижесіне өздері мөлшерлеме жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын қадағалауына, сондай-ақ тотализатор мен букмекер кеңсесінің электрондық кассасына немесе қабылданған мөлшерлемелер, төленген және төленбеген ұтыстар туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін байланыс қызметтерін қоса алғанда, техникалық құралдарды бәс тігуге қатысушыларға ұсынуға мүмкіндік беретін жабдықты кассадан тыс орналастыруға тыйым салынады.";
5) 12-бапта:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін аппараттық-бағдарламалық кешен және жабдықтар арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеу мен ұтысты төлеуді жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді есепке алу орталығына аппараттық-бағдарламалық кешен деректерін айына бір реттен сиретпей беруді қамтамасыз етуге міндетті.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы ат спорты жарыстары (ат жарыстары, бәйгесі және (немесе) ит жарыстары шеңберінде болып жатқан алдағы нақты оқиғаларға арналған мөлшерлемелерді қабылдайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің тиісті кассалары және (немесе) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассалары арқылы қабылдайды. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді есепке алу орталығында бәс тігуге барлық қабылданған мөлшерлемелерді тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығында тіркеуден өткізілмеген мөлшерлеме жарамсыз болып табылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешенмен есептелген коэффициенттер негізінде және ұлттық спорт федерациялары өткізетін немесе халықаралық ұлттық спорт ұйымдарының, федерацияларының, комитеттерінің қолдауымен өткізілетін спорттық жарыстар шеңберінде болып жатқан алдағы нақты оқиғаларға ғана арналған мөлшерлемелерді қабылдайды.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Букмекер кеңселері мен тотализаторлар аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықталуға тиіс. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді қабылдағанға дейін жеке басты анықтауға мүмкіндік беретін деректерді енгізе отырып, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы бәс тігуге қатысушыны тіркеуді жүргізуге міндетті.";
6) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1-бап. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың аппараттық-
бағдарламалық кешені
1. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарының фискальді режимімен қамтамасыз етілуге тиіс. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиіс.
2. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы бәс тігу қорытындыларының нұсқаларына арналған ұтыс коэффициенттері есебін, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстар есебін, ұтыстарды есепке алуды және олар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға тиіс.
3. Аппараттық-бағдарламалық кешен букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың кассаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды уәкілетті органның жүзеге асыруына мүмкіндік беретін ақпаратты жинауды және ұсынуды жүзеге асыруға тиіс.";
7) мынадай мазмұндағы 12-2-тармақпен толықтырылсын:
"12-2-бап. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы
1. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы бәс тігуге арналған мөлшерлемелерді тіркеу мен есепке алуды, бәс тігуге қатысушы туралы, бәс тігу қорытындысының нұсқаларына коэффициенттер туралы, оқиғалар қорытындылары туралы, ұтыс және ол бойынша төлем туралы ақпаратты алуды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етеді.
2. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығының сервері тұрақты негізде уәкілетті органда орналастырылуға тиіс.
3. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы ақпаратты жоғалудан, ұрлаудан, бұрмалаудан, қолдан жасаудан, санкциясыз қолжетімділіктен және оны тарату, бұғаттау, жою, түрлендіру, көшіру жөніндегі және басқа да заңсыз әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.
4. Салық органдарына ақпаратты ұсыну жағдайларын қоспағанда, өз міндеттерін атқару кезеңінде де, оны орындау аяқталғаннан кейін де ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалармен мөлшерлемені есепке алу орталығындағы ақпарат жария етуге жатпайды.";
8) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
"15-1-бап. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өзін-өзі
шектеу
1. Жеке тұлға кез келген ойын бизнесін ұйымдастырушыға еркін нысандағы жазбаша өтінішін жеке өзі беру арқылы алты айдан бір жылға дейінгі мерзімде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өзін-өзі дербес шектей алады.
2. Өтініште оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), оның жеке басын куәландыратын құжат деректері, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан ерікті түрде шектеу күні, жеке қолтаңбасы болуға тиіс. Берілген өтініш қайтаруға немесе қайтарып алуға жатпайды. Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың біріне берілген өтініш Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық ойын бизнесін ұйымдастырушыларға берілген өтініш ретінде қаралады.
Ойын бизнесін ұйымдастырушы қабылдаған және тіркеген өтініштің көшірмесі ол қабылданған күннен кейінгі келесі күні бес жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органға жіберіледі.
3. Уәкілетті орган мұндай өтініштің көшірмесі келіп түскеннен кейінгі келесі күні үш жұмыс күнінен кешіктірмей құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген жеке тұлғалардың тізіміне жеке тұлға туралы мәліметтерді енгізеді, оған қолжетімділік тек қана ойын бизнесін ұйымдастырушыларға уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы қамтамасыз етіледі.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген жеке тұлғалар туралы ақпарат құпия болып табылады.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген жеке тұлғалар туралы ақпаратқа рұқсат алатын тұлғалар оның құпиялылығын субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз оны таратуға жол бермеу талаптарын сақтау не өзге де заңды негіздің болуы арқылы қамтамасыз етеді.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген жеке тұлғалар туралы мәліметтер өздеріне белгілі болған тұлғалар кәсіби, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Ойын мекемелеріне барудан шектеу мерзімі өткенге дейін жеке тұлға шектеуді жаңа мерзімге ұзарту туралы өтініш бере алады.
5. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан ерікті түрде шектелу мерзімі аяқталған күннен кейін уәкілетті орган құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыны құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген жеке тұлғалардың тізімінен алып тастауды қамтамасыз етеді.
6. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген жеке тұлғалардың тізіміндегі тұлғалармен құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.".
2. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-11, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-1, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-1, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-1, 50-құжат; № 7-11, 53-құжат; № 8-1, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 47-құжат):
қосымшаның реттік нөмірлері 67, 68, 69, 70-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
67. | Ойын автоматтары залының қызметімен айналысуға лицензия | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл; 2-сынып |
68. | Казино қызметімен айналысуға лицензия | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл; 2-сынып |
69. | Тотализатор қызметімен айналысуға лицензия | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл; 2-сынып |
70. | Букмекер кеңсесі қызметімен айналысуға лицензия | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл; 2-сынып |
2-бап.
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының үшінші және жетінші абзацтарын, 7) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Ойын бизнесі саласында қызметін жүзеге асыратын лицензиаттар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 5) тармақшасының үшінші және жетінші абзацтарының, 7) тармақшасының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
Қазақстан Республикасының Президенті |