Қазақстан Республикасының "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" 2011 жылғы 19 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі, 2/1-үй мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 13729,1 ш.м. 1200 орындық мектеп ғимараты 3,5443 га жер учаскесімен қоса, оның ішінде оның жұмыс істеуіне арналған жабдық, техника, жиһаз, мүкәммал Астана қаласының коммуналдық меншігінен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының меншігіне берілсін.
2. Астана қаласының әкімдігі "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |