Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 931 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелері құрылсын.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.

      3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      21) тармақша алып тасталсын;

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) республикалық бюджеттің, облыс бюджетінің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдерді көрсету тәртiбін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 357) тармақшамен толықтырылсын:

      "357) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсыну; Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің қорғалуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;";

      ведомстволардың функцияларында:

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң салымдарына (депозиттерiне) орналастыру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттері бойынша республикалық бюджетке сыйақылар (мүдде) көлемiн болжамдау;";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі";

      мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:

      "51-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментi Райымбек ауданының қазынашылық басқармасы.";

      114-тармақ алып тасталсын;

      164 және 165-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "164. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Павлодар облысы бойынша қазынашылық департаментi Тереңкөл ауданының қазынашылық басқармасы.

      165. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Павлодар облысы бойынша қазынашылық департаментi Аққулы ауданының қазынашылық басқармасы.";

      мынадай мазмұндағы 200-1 және 200-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "200-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментi Мақтаарал ауданының қазынашылық басқармасы.

      200-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментi Келес ауданының қазынашылық басқармасы.";

      202 және 203-тармақтар алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      184 және 185-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "184. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Тереңкөл ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы.

      185. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Аққулы ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы.".

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 931 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң құрылатын аумақтық органдары – республикалық мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментi Райымбек ауданының қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментi Мақтаарал ауданының қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментi Келес ауданының қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 931 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментiнің Октябрь аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментiнің Алмалы аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі мен "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментiнің Бостандық аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 931 қаулысына
  3-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қайта аталатын аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті бойынша:

      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Қашыр аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Павлодар облысы бойынша қазынашылық департаментi Тереңкөл ауданының қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Лебяжі аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Павлодар облысы бойынша қазынашылық департаментi Аққулы ауданының қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бойынша:

      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қашыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Тереңкөл ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Лебяжі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Аққулы ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2018 года № 931

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать республиканские государственные учреждения - территориальные органы Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      2. Реорганизовать государственные учреждения - территориальные органы Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      3. Переименовать республиканские государственные учреждения - территориальные органы Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан и Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан согласно приложению 3 к настоящему постановлению.

      4. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 22, ст. 205) следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве финансов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 16:

      в функциях центрального аппарата:

      подпункт 21) исключить;

      подпункт 40) изложить в следующей редакции:

      "40) разработка и утверждение порядка отражения поступлений в годовой консолидированной финансовой отчетности об исполнении республиканского бюджета, бюджета области, бюджетов городов республиканского значения, столицы;";

      дополнить подпунктом 357) следующего содержания:

      "357) составление и представление годового отчета об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год в Правительство Республики Казахстан, центральный уполномоченный орган по государственному планированию и органы государственного аудита и финансового контроля; организация обеспечения защиты годового отчета об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год при рассмотрении в Парламенте Республики Казахстан;";

      в функциях ведомств:

      подпункт 29) изложить в следующей редакции:

      "29) размещение временно свободных бюджетных денег республиканского и областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы во вклады (депозиты) Национального Банка Республики Казахстан и прогнозирование объема вознаграждений (интереса) по депозитам Правительства Республики Казахстан в республиканский бюджет;";

      в перечне государственных учреждений - территориальных органов Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Перечень республиканских государственных учреждений -территориальных органов Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан";

      дополнить пунктом 51-1 следующего содержания:

      "51-1. Райымбекское районное управление казначейства Департамента казначейства по Алматинской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.";

      пункт 114 исключить;

      пункты 164 и 165 изложить в следующей редакции:

      "164. Управление казначейства района Тереңкөл Департамента казначейства по Павлодарской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.

      165. Управление казначейства района Аққулы Департамента казначейства по Павлодарской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.";

      дополнить пунктами 200-1 и 200-2 следующего содержания:

      "200-1. Мактааральское районное управление казначейства Департамента казначейства по Туркестанской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.

      200-2. Келесское районное управление казначейства Департамента казначейства по Туркестанской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.";

      пункты 202 и 203 исключить;

      в перечне республиканских государственных учреждений Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан:

      пункты 184 и 185 изложить в следующей редакции:

      "184. Управление государственных доходов района Тереңкөл Департамента государственных доходов по Павлодарской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан.

      185. Управление государственных доходов района Аққулы Департамента государственных доходов по Павлодарской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан.".

      5. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Приложение 1
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 29 декабря 2018 года № 931

Перечень создаваемых республиканских государственных учреждений - территориальных органов Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан

      1. Республиканское государственное учреждение "Райымбекское районное управление казначейства Департамента казначейства по Алматинской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан".

      2. Республиканское государственное учреждение "Мактааральское районное управление казначейства Департамента казначейства по Туркестанской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан".

      3. Республиканское государственное учреждение "Келесское районное управление казначейства Департамента казначейства по Туркестанской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан".

  Приложение 2
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 29 декабря 2018 года № 931

Перечень реорганизуемых государственных учреждений - территориальных органов Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан

      1. Республиканское государственное учреждение "Департамент казначейства по Карагандинской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан" путем присоединения к нему республиканского государственного учреждения "Октябрьское районное управление казначейства Департамента казначейства по Карагандинской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан".

      2. Республиканское государственное учреждение "Департамент казначейства по городу Алматы Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан" путем присоединения к нему республиканского государственного учреждения "Алмалинское районное управление казначейства Департамента казначейства по городу Алматы Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан" и республиканского государственного учреждения "Бостандыкское районное управление казначейства Департамента казначейства по городу Алматы Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан".

  Приложение 3
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 29 декабря 2018 года № 931

Перечень переименовываемых республиканских государственных учреждений - территориальных органов Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан и Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан

      1. По Комитету казначейства Министерства финансов Республики Казахстан:

      1) республиканское государственное учреждение "Качирское районное управление казначейства Департамента казначейства по Павлодарской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан" переименовать в республиканское государственное учреждение "Управление казначейства района Тереңкөл Департамента казначейства по Павлодарской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан";

      2) республиканское государственное учреждение "Лебяжинское районное управление казначейства Департамента казначейства по Павлодарской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан" переименовать в республиканское государственное учреждение "Управление казначейства района Аққулы Департамента казначейства по Павлодарской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан".

      2. По Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан:

      1) республиканское государственное учреждение "Управление государственных доходов по Качирскому району Департамента государственных доходов по Павлодарской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан" переименовать в республиканское государственное учреждение "Управление государственных доходов района Тереңкөл Департамента государственных доходов по Павлодарской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан";

      2) республиканское государственное учреждение "Управление государственных доходов по Лебяжинскому району Департамента государственных доходов по Павлодарской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан" переименовать в республиканское государственное учреждение "Управление государственных доходов района Аққулы Департамента государственных доходов по Павлодарской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан.".