Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Ақтөбе орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлерінен жалпы ауданы 11,4692 гектар жер учаскелері Ақтөбе қаласының аумағында Ақтөбе облысы индустриялық аймағының алаңнан тыс инженерлік желілері мен электрмен жабдықтау құрылыстарын салу үшін өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Ақтөбе облысының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын бюджет кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы |
|
№ 14 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы ауданы, | оның ішінде: | |||
орман көмкерген | жайылым | шабындық | өзге жерлер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Ақтөбе орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі | 11,4692 | - | - | - | 11,4692 |
Барлығы: | 11,4692 | - | - | - | 11,4692 |