Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 3-1 және 3-2-жолдармен толықтырылсын:
"
3-1. | Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі |
Әділетмині, | Қаңтар | Ақпан | Наурыз |
Н.В. Пан, |
3-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині, ЖС (келісім бойынша) | Қаңтар | Ақпан | Наурыз |
Н.В. Пан, |
";
ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы:
"МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" деген жолдан кейін "ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" деген жолмен толықтырылсын;
"ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі" деген жолдан кейін "Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген жолмен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |