"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 70 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссия туралы ереже;

      2) Комиссияның құрамы;

      3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2019 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

 
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі айқындалады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері

      3. Комиссияның міндеттері:

      1) мыналарды:

      әкімшілік полиция, көші-қон қызметі комитеттерінің төрағаларын және олардың орынбасарларын;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты департаменттерінің бастықтарын және олардың орынбасарларын;

      облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және көліктегі полиция департаменттерінің бастықтарын, сондай-ақ олардың орынбасарларын;

      Алматы, Қарағанды, Қостанай академияларының, Ақтөбе заң институтының, Ішкі істер министрлігінің Оқу орталығының (Шымкент қаласы) бастықтарын және олардың орынбасарларын;

      Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары орталық аттестаттау комиссиясының құрамына кандидаттарды;

      халықаралық ұйымдардағы және шет елдердің ішкі істер министрліктеріндегі Қазақстан Республикасы ІІМ-нің өкілдерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу;

      2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      4. Комиссия:

      1) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;

      2) қажеттілігіне қарай мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын және мамандарын, сондай-ақ мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартуға;

      3) Комиссия мүшелерінің отырыстарында аттестатталатын қызметкерлерді, сондай-ақ Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

      4) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      5. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.

      6. Комиссия төрағасы:

      1) Комиссия қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады;

      2) Комиссия отырыстарын өткізу орны мен уақытын белгілейді;

      3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;

      4) Комиссия мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді.

      7. Комиссия мүшелері:

      1) Комиссияның жұмыс кестесі бойынша ұсыныстар енгізуге;

      2) Комиссия отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.

      8. Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

      9. Егер Комиссия отырысына оның құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, ол заңды деп есептеледі.

      Комиссия шешімі Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысып отырған жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      10. Комиссия қабылдаған шешім Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қоятын және Комиссияның барлық мүшелерінің бірыңғай пікірін білдіретін хаттамамен ресімделеді.

      11. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссияның ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің, Бастығы

      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу ҚАҒИДАЛАРЫ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін (бұдан әрі - қызметкерлер) кезектен тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Мыналар:

      1) жүктілігі және бала күтіміне байланысты демалыс кезеңінде қызметкерлер қатарындағы әйелдер;

      2) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасында және шет елдерде мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша магистратурада, докторантурада оқып жатқан қызметкерлер аттестаттауға жатпайды. Олар осы Қағидаларға сәйкес қызметке шыққаннан кейін аттестатталады.

2. Аттестаттауды өткізуі е дайындықты ұйымдастыру

      3. Кезектен тыс аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемшарттары:

      1) қызметкерлердің өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындау қабілеттілігі және олардың жұмыс нәтижелері;

      2) білім мен практикалық дағдылардың деңгейі болып табылады. Аттестатталатын қызметкерлердің ерекшелігі мен оларға жүктелген лауазымдық міндеттерін ескере отырып, оларды бағалаудың қосымша өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі айқындайды.

      4. Аттестаттау бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

      1) аттестаттаудан өткізуге дайындық;

      2) аттестаттауға жататын қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеу;

      3) кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша белгіленген нормативтерді тапсыру;

      4) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы жоғары аттестаттау комиссиясында аттестатталатын қызметкерлердің полиграфологиялық зерттеуден өтуі;

      5) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) не тиісті аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкерлермен әңгімелесу;

      6) Комиссияның не аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

      5. Кадр бөлімшесі кезектен тыс аттестаттаудан өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей қызметкерлерді жазбаша хабардар етеді.

      6. Аттестаттауға жататын қызметкердің басшысы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның қызметтік мінездемесін ресімдейді, оны таныстырады және аттестаттау еткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей оны тиісті кадр бөлінісіне жолдайды.

3. Аттестаттау комиссиясы

      7. Аттестаттау комиссиясы төрағадан, мүшелерден және хатшыдан тұрады. Тиісті аттестаттау комиссиясының құрамына кемінде бес мүше кіруі тиіс. Аттестаттау комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі не оны алмастыратын лауазымды адам орталық аттестаттау комиссиясының төрағасы, аумақтық полиция органының басшысы өңірлік аттестаттау комиссиясының төрағасы болып табылады.

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы кадр бөлімшесінің өкілі болып табылады, ол оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

      8. Орталық аттестаттау комиссиясының құрамын Комиссия төрағасымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.

      Өңірлік аттестаттау комиссияларының құрамдарын аумақтық полиция органы басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.

      Тиісті аттестаттау комиссияларының жұмыс кестелерін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі немесе төмен тұрған бөліністердің ұтымды жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, аумақтық полиция органының басшысы белгілейді.

      9. Аттестаттау комиссиясының құрамына жоғары тұрған аттестаттау комиссиясында алдын ала кезектен тыс аттестаттаудан өткен бөліністердің басшылары, өзіндік қауіпсіздік қызметінің, кадр және заң қызметтерінің өкілдері (не осы қызметтер есеп беретін адамдар), аттестаттаудан ететін қызметкерлерді қоспағанда, өзге де қызметкерлер, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері кіреді.

      10. Тиісті аттестаттау комиссиясының төрағасы және оның мүшелері осындай немесе аттестаттауға жататын қызметкерлерден анағұрлым жоғары лауазымды атқаруы тиіс.

      11. Ішкі істер органы жұмысының бағытына қарай бірнеше аттестаттау комиссиясы құрылуы мүмкін.

      12. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған аттестаттау комиссиясы мүшелерінің отырысқа қатысқандарының қатарынан көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.

      Дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясының торағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.

      13. Егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, аттестаттау комиссиясының отырысы заңды деп есептеледі.

4. Аттестаттауды өткізу

      14. Кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша нормативтерді тапсыру, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеуден, сондай-ақ әңгімелесуді өткізу графиктерін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі немесе аумақтық полиция органының басшысы бекітеді.

      15. Қызметкерлердің компьютерлік тестілеуден ету тәртібі мен шарттарын және кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша нормативтерді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.

      16. Комиссияның не тиісті аттестаттау комиссиясының отырысында аттестатталатын қызметкермен әңгімелесу жүргізіледі. Әңгімелесу рәсімі аудио және бейне тіркеуге жатады. Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамамен реттелетін жағдайларды қоспағанда, әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген ақпарат тиісті хаттамаға тіркеледі.

      Комиссияның не тиісті аттестаттау комиссиясының отырысында дәлелді себептер бойынша келмеген қызметкерлер қызметке шыққаннан кейін кезектен тыс аттестаттаудан өтеді.

      Комиссияның не тиісті аттестаттау комиссиясының отырысына қызметкер дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда аттестаттау комиссиясы осы Қағидалардың 17-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген шешімдердің бірін қабылдайды.

      17. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша Комиссия не тиісті аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдауға немесе жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады*;

      2) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

      3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендету ұсынылады;

      4) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және басқа қызметке (лауазымға) ауыстыру ұсынылады;

      5) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және ішкі істер орғандарынан жұмыстан шығаруға ұсынылады.

      18. Комиссияның не тиісті аттестаттау комиссиясының шешімі үш жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері және хатшы қол қояды.

      19. Кадр бөлімшесі Комиссияның не тиісті аттестаттау комиссиясының шешімін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкердің аттестаттау парағына енгізеді.

      Қызметкер Комиссияның не тиісті аттестаттау комиссиясының шешімімен ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қойып танысады.

      20. Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) ішкі істер органдарында өзге, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда қызметін жалғастырудан бас тартқан полиция қызметкері "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылуға жатады.

5. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану

      21. Комиссияның не тиісті аттестаттау комиссиясының шешіміне Заңда белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.


      Ескертпе: * - Комиссияның не тиісті аттестаттау комиссиясының отырысында осы Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасы бойынша шешім қабылданған қызметкерлер Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ аумақтық полиция бөліністерінің лауазымдар номенклатурасы бойынша Президенттік резервке немесе кадр резервіне қабылдануы мүмкін.

 
  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының полиция
қызметкерлерін кезектен тыс
аттестаттаудан өткізу
қағидаларына
1-қосымша

Кезектен тыс аттестаттаудан өтуге жататын қызметкердің қызметтік мінездемесінің үлгілік нысаны (қызметкердің тікелей басшысы толтырады)

      Қызметкердің Т.А.Ә. _____________________________________________________

      Лауазымы

      ________________________________________________________________

      Тағайындалған күні

      _________________________________________________________

      Атағы

      ____________________________________________________________________

      1. Лауазымдық міндеттерін орындауы (қызметкер шешуге қатысқан негізгі мәселелердің тізбесі келтіріледі; қызметтік міндеттерін орындаудың тиімділігі мен адалдығы, шығармашылық бастамашылығы, азаматтармен жұмысы және т.б. бағаланады).

      2. Мемлекеттік органның қызметі саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі, кәсіптік білімін қолдануы, сондай-ақ егер лауазымдық міндеттеріне кірсе, коммуникациялық және ақпараттық, технологияларды қолдануы (стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі, кәсіптік білімінің, коммуникациялық және ақпараттық технологияларды білуінің деңгейі, оларды жұмыста қолдануы және т.б. сипатталады).

      3. Заңдылықты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызметшілердің этикасы туралы заңнаманы, сондай-ақ еңбек тәртібін, ішкі қызметтік күн тәртібін сақтауы (тәртіптік жазалары, заңдылықты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы мәліметтер және т.б. көрсетіледі).

      4. Жеке қасиеттері (қызметкердің жеке қасиеттері: адамдармен тіл табысуы, азаматтармен жұмыс істеу қабілеті, психологиялық орнықтылығы, өзін-өзі жетілдіруге қабілеті және т.б. сипатталады).

      5. Қызметкер жұмысының қорытынды бағасы (тікелей басшының қызметкер туралы пікірі көрсетіледі: атқаратын лауазымына сәйкес келеді не сәйкес келмейді, жоғары тұрған немесе төмен тұрған лауазымға ұсынылуы мүмкін).

      6. Аттестатталатын адам басқаратын бөлініс не ол жетекшілік ететін бөлініс жұмысының нәтижелері, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы мәліметтер.

      7. Өзге де мәліметтер.

      Басшының Т.А.Ә. __________________________________________________________

      Лауазымы ________________ Атағы _______________

      Күні 20 жылғы "____" __________________

      МО

      Таныстым _____________________________            Күні ____________________________

      (қызметкердің Т.А.Ә., қолы)

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының полиция
қызметкерлерін кезектен тыс
аттестаттаудан өткізу
қағидаларына
2-қосымша

Кезектен тыс аттестаттауға жататын полиция қызметкерін аттестаттау парағының үлгілік нысаны

      1. Тегі, аты, әкесінің аты ___________________________________________________________

      2. Туған күні жылғы ________ "____" ________________________________________________

      3. Білімі ________________________________________________________________________

      4. Мамандығы ___________________________________________________________________

      5. Кезектен тыс аттестаттау кезіндегі сәтіндегі атқаратын лауазымы ______________________

      6. Атағы ________________________________________________________________________

      7. Кезектен тыс аттестаттау комиссиясының шешімі ___________________________________

      8. Өзге де мәліметтер _____________________________________________________________

      Кезектен тыс аттестаттау комиссиясының төрағасы ____________________________________

      (қолы)

      Кезектен тыс аттестаттау комиссиясының хатшысы ____________________________________

      (қолы)

      Кезектен тыс аттестаттауды өткізу күні 20 __ жылғы "______" ___________________________

      Аттестаттау парағымен таныстым ___________________________________________________

      (қызметкердің қолы және күні)

      МО


О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О проведении внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2019 года № 70

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О проведении внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

О проведении внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан

      В соответствии со статьей 47-1 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О правоохранительной службе" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Образовать Высшую аттестационную комиссию при Президенте Республики Казахстан по проведению внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан (далее - Комиссия).

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) Положение о Комиссии;

      2) состав Комиссии;

      3) Правила проведения внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан.

      3. Администрации Президента Республики Казахстан, Министерству внутренних дел Республики Казахстан до 1 июля 2019 года провести внеочередную аттестацию сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан, а также принять иные меры, вытекающие из настоящего Указа.

      4. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
Н.Назарбаев

  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 2019 года №

ПОЛОЖЕНИЕ
о Высшей аттестационной комиссии при Президенте Республики Казахстан по проведению внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящим Положением определяются правовой статус и полномочия Высшей аттестационной комиссии при Президенте Республики Казахстан по проведению внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан (далее - Комиссия).

      2. В своей деятельности Комиссия руководствуется Конституцией, законодательными актами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан, в том числе Правилами проведения внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан и настоящим положением.

2. Задачи Комиссии

      3. Задачами Комиссии являются:

      1) проведение внеочередной аттестации:

      председателей комитетов административной полиции, миграционной службы и их заместителей;

      начальников департаментов центрального аппарата Министерства внутренних дел Республики Казахстан и их заместителей;

      начальников департаментов полиции областей, столицы, городов республиканского значения и на транспорте, а также их заместителей;

      начальников Алматинской, Карагандинской, Костанайской академий, Актюбинского юридического института, Учебного центра Министерства внутренних дел (г. Шымкент) и их заместителей;

      кандидатов в состав центральной аттестационной комиссии органов внутренних дел Республики Казахстан;

      представителей МВД Республики Казахстан в международных организациях и министерствах внутренних дел зарубежных стран;

      2) организация и координация проведения внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан.

3. Права Комиссии

      4. Комиссия имеет право:

      1) запрашивать необходимую информацию у государственных органов и организаций по вопросам, относящимся к компетенции Комиссии;

      2) привлекать по мере необходимости должностных лиц и специалистов государственных органов, а также представителей заинтересованных организаций;

      3) заслушивать на заседаниях членов Комиссии аттестуемых сотрудников, а также представителей государственных органов и иных организаций по вопросам, относящимся к компетенции Комиссии;

      4) осуществлять иные права, необходимые для осуществления возложенных на Комиссию задач.

4. Организация деятельности Комиссии

      5. Председателем Комиссии является Руководитель Администрации Президента Республики Казахстан.

      6. Председатель Комиссии:

      1) осуществляет общее руководство деятельностью Комиссии;

      2) определяет место и время проведения заседаний Комиссии;

      3) председательствует на заседаниях Комиссии;

      4) дает обязательные для исполнения указания членам Комиссии.

      7. Члены Комиссии вправе:

      1) вносить предложения по графику работы Комиссии;

      2) принимать участие в обсуждении вопросов, рассматриваемых на заседании Комиссии.

      8. Секретарь Комиссии осуществляет организационное обеспечение ее работы и не вправе принимать участие в голосовании.

      9. Заседание Комиссии считается правомочным, если на нем присутствует не менее двух третей ее состава.

      Решения Комиссии принимаются простым большинством голосов от общего количества присутствовавших на заседании членов Комиссии. В случае равенства голосов голос председателя Комиссии является решающим.

      10. Принятое решение Комиссии оформляется протоколом, подписываемым председателем и секретарем Комиссии и выражающим единое мнение всех членов Комиссии.

      11. Рабочим органом Комиссии является Отдел правоохранительной системы Администрации Президента Республики Казахстан.

  УТВЕРЖДЕН
Указом Президента
Республики Казахстан
от 2019 года №

СОСТАВ
Высшей аттестационной комиссии при Президенте Республики Казахстан по проведению внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан

      Руководитель Администрации Президента Республики Казахстан, председатель

      Помощник Президента - Секретарь Совета Безопасности Республики Казахстан, заместитель председателя

      Заместитель Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан

      Начальник Канцелярии Президента Республики Казахстан

      Генеральный Прокурор Республики Казахстан

      Председатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

      Председатель Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции

      Министр внутренних дел Республики Казахстан

      Заведующий Отделом правоохранительной системы Администрации Президента Республики Казахстан, секретарь

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 2019 года №

ПРАВИЛА
проведения внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан (далее - Правила) определяют порядок проведения внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан (далее - сотрудники).

      2. Не подлежат аттестации:

      1) женщины из числа сотрудников в период их беременности и отпуска по уходу за детьми;

      2) сотрудники, обучающиеся в магистратуре, докторантуре в организациях образования в рамках государственного заказа, в том числе по подготовке государственных служащих в Республике Казахстан и зарубежных странах. Они аттестуются после выхода на службу согласно настоящим Правилам.

2. Организация подготовки к проведению аттестации

      3. Основными критериями оценки при внеочередной аттестации являются:

      1) способность сотрудников выполнять возложенные на них должностные обязанности и результаты их работы;

      2) уровень знаний и практических навыков. Дополнительные критерии оценки аттестуемых сотрудников с учетом специфики и возложенных на них должностных обязанностей определяются Министром внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Аттестация включает ряд последовательных этапов:

      1) подготовка к проведению аттестации;

      2) компьютерное тестирование сотрудников, подлежащих аттестации, на знание законодательства Республики Казахстан и логическое мышление;

      3) сдача установленных нормативов по определению профессиональной пригодности;

      4) прохождение полиграфологического исследования сотрудниками, аттестуемыми Высшей аттестационной комиссией при Президенте Республики Казахстан;

      5) собеседование с сотрудниками, проводимое Высшей аттестационной комиссией при Президенте Республики Казахстан по проведению внеочередной аттестации сотрудников полиции органов внутренних дел Республики Казахстан (далее - Комиссия) либо соответствующей аттестационной комиссией;

      6) вынесение решения Комиссией либо аттестационной комиссией.

      5. Кадровое подразделение письменно уведомляет сотрудников о сроках проведения внеочередной аттестации не позднее, чем за месяц до начала ее проведения.

      6. Руководитель сотрудника, подлежащего аттестации, оформляет его служебную характеристику по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам, ознакамливает его и в срок не позднее, чем за десять дней до даты проведения аттестации направляет ее в соответствующее кадровое подразделение.

3. Аттестационная комиссия

      7. Аттестационная комиссия состоит из председателя, членов и секретаря. В состав соответствующей аттестационной комиссии должно входить не менее пяти членов. Замещение отсутствующих членов аттестационной комиссии не допускается.

      Председателем центральной аттестационной комиссии являются Министр внутренних дел Республики Казахстан либо должностное лицо, его заменяющее, председателем региональной аттестационной комиссии - руководитель территориального органа полиции.

      Секретарем аттестационной комиссии является представитель кадрового подразделения, который осуществляет организационное обеспечение ее работы и не вправе принимать участие в голосовании.

      8. Состав центральной аттестационной комиссии утверждается Министром внутренних дел Республики Казахстан по согласованию с председателем Комиссии.

      Составы региональных аттестационных комиссий утверждаются Министром внутренних дел Республики Казахстан по представлению руководителя территориального органа полиции.

      Графики работы соответствующих аттестационных комиссий устанавливаются Министром внутренних дел Республики Казахстан или руководителем территориального органа полиции с учетом необходимости обеспечения рационального функционирования нижестоящих подразделений.

      9. В состав аттестационной комиссии включаются предварительно прошедшие внеочередную аттестацию в вышестоящей аттестационной комиссии руководители подразделений, представители службы собственной безопасности, кадровой и юридической служб (либо лица, которым подотчетны данные службы), иные сотрудники, за исключением сотрудников, проходящих аттестацию, а также ветераны органов внутренних дел.

      10. Председатель соответствующей аттестационной комиссии и ее члены должны занимать такую же или более высокую должность, чем сотрудники, подлежащие аттестации.

      11. В зависимости от направлений работы органа внутренних дел может быть создано несколько аттестационных комиссий.

      12. Решение аттестационной комиссии принимается открытым голосованием и считается принятым, если за него подано большинство голосов из числа присутствовавших на заседании членов аттестационной комиссии.

      В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель аттестационной комиссии.

      13. Заседание аттестационной комиссии считается правомочным, если на нем присутствует не менее двух третей ее состава.

4. Проведение аттестации

      14. Графики сдачи нормативов по определению профессиональной пригодности, прохождения компьютерного тестирования на знание законодательства Республики Казахстан и логическое мышление, а также собеседований утверждаются Министром внутренних дел Республики Казахстан или руководителем территориального органа полиции.

      15. Порядок и условия прохождения сотрудниками компьютерного тестирования и нормативов по определению профессиональной пригодности утверждаются Министром внутренних дел Республики Казахстан.

      16. На заседании Комиссии либо соответствующей аттестационной комиссии проводится собеседование с аттестуемым сотрудником. Процедура собеседования подлежит аудио и видео фиксации. Информация, зафиксированная в ходе собеседования с помощью технических средств записи, прикрепляется к соответствующему протоколу, за исключением случаев, регулируемых законодательством о государственных секретах.

      Сотрудники, отсутствовавшие на заседании Комиссии либо соответствующей аттестационной комиссии по уважительным причинам, проходят внеочередную аттестацию по выходу на службу.

      В случае неявки сотрудника на заседание Комиссии либо соответствующей аттестационной комиссии без уважительных причин, аттестационная комиссия принимает одно из следующих решений, предусмотренных подпунктами 3), 4), 5) пункта 17 настоящих Правил.

      17. По итогам собеседования Комиссия либо соответствующая аттестационная комиссия принимает одно из следующих решений:

      1) соответствует занимаемой должности и рекомендуется для зачисления в кадровый резерв или выдвижения на вышестоящую должность*;

      2) соответствует занимаемой должности;

      3) не соответствует занимаемой должности и рекомендуется к понижению в должности;

      4) не соответствует занимаемой должности и рекомендуется к переводу в другую службу (должность);

      5) не соответствует занимаемой должности и рекомендуется к увольнению из органов внутренних дел.

      18. Решение Комиссии либо соответствующей аттестационной комиссии в течение трех рабочих дней оформляется протоколом, который подписывается членами аттестационной комиссии, присутствовавшими на ее заседании, и секретарем.

      19. Кадровое подразделение вносит решение Комиссии либо соответствующей аттестационной комиссии в аттестационный лист сотрудника по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      Сотрудник ознакамливается с решением Комиссии либо соответствующей аттестационной комиссии под роспись в течение трех рабочих дней со дня его принятия.

      20. Сотрудник, не прошедший внеочередную аттестацию и (или) отказавшийся продолжить службу в органах внутренних дел на иных, в том числе нижестоящих должностях, подлежит увольнению в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О правоохранительной службе" (далее - Закон).

5. Обжалование решения аттестационной комиссии

      21. Решения Комиссии либо соответствующей аттестационной комиссии могут быть обжалованы в порядке, установленном Законом.

      Примечание:* - сотрудники, по которым на заседании Комиссии либо соответствующей аттестационной комиссии принято решение по подпункту 1) пункта 17 настоящих Правил, могут быть зачислены в Президентский резерв или кадровый резерв по номенклатуре должностей Министерства внутренних дел, а также территориальных подразделений полиции.

  Приложение 1
к Правилам проведения внеочередной
аттестации сотрудников полиции
органов внутренних дел Республики Казахстан

Типовая форма
служебной характеристики сотрудника, подлежащего внеочередной аттестации (заполняется непосредственным руководителем сотрудника)

      Ф. И. О. сотрудник ______________________________
      Должность _____________________________________
      Дата назначения ________________________________
      Звание ________________________________________

      1. Исполнение должностных обязанностей (приводится перечень основных вопросов, в решении которых принимал участие сотрудник; оцениваются эффективность и добросовестность исполнения служебных обязанностей, творческая инициатива, работа с гражданами и др.).

      2. Знание стратегических и программных документов в сфере деятельности государственного органа, применение профессиональных знаний, а также, если это входит в должностные обязанности, применение коммуникационных и информационных технологий (характеризуются знание стратегических и программных документов, уровень профессиональных знаний, знаний коммуникационных и информационных технологий, применение их в работе и др.).

      3. Соблюдение законности, в том числе антикоррупционного законодательства, об этике государственных служащих, а также трудовой дисциплины, внутреннего служебного распорядка (указываются сведения о дисциплинарных взысканиях, соблюдении законности, в том числе антикоррупционного законодательства и др).

      4. Личностные качества (характеризуются личностные качества сотрудника: коммуникабельность, способность работать с гражданами, психологическая устойчивость, способность к самосовершенствованию и др.).

      5. Итоговая оценка деятельности сотрудника (указывается мнение непосредственного руководителя о сотруднике: соответствует занимаемой должности либо не соответствует, может быть рекомендован на вышестоящую или нижестоящую должность).

      6. Результаты работы возглавляемого аттестуемым лицом подразделения либо курируемого им подразделения, в том числе сведения о состоянии противодействия коррупционным проявлениям.

      7. Иные сведения.
      Ф. И. О. руководителя _____________________________________
      Должность _______________ Звание _________________
      Дата "___" __________ 20___года
      МП
      Ознакомлен: __________ Дата ___________
      (Ф.И.О. сотрудника, подпись)

  Приложение 2
к Правилам проведения внеочередной
аттестации сотрудников полиции
органов внутренних дел Республики Казахстан

Типовая форма
аттестационного листа сотрудника полиции, подлежащего внеочередной аттестации

      1. Фамилия, имя, отчество ____________________________
      2. Дата рождения "____"_____года
      3.Образование ______________________________________
      4.Специальность ____________________________________
      5.Занимаемая должность на момент внеочередной аттестации ___________
      6.Звание ______________________
      7.Решение внеочередной аттестационной комиссии _________________
      8.Иные сведения _________________
      Председатель внеочередной аттестационной комиссии _____________
                                                      (подпись)
      Секретарь внеочередной аттестационной комиссии _______________
                                                      (подпись)
      Дата проведения внеочередной аттестации "____"_____20___года
      С аттестационным листом ознакомлен _______________________
                                    (подпись сотрудника и дата)
      МП