"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Астана қаласындағы Қазақ драма театры" объектісінің құрылысын қаржыландыруды;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |