"Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары бекітілсін";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 137 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 7 шілдедегі
№ 645 қаулысымен
бекiтiлген

Агроөнеркәсіптік кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мынадай:

      1) "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы;

      2) "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      3) "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы;

      4) "ҚазАгроӨнім" акционерлік қоғамы;

      5) "ҚазАгроКепіл" акционерлік қоғамы;

      6) "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы секілді агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау тәртібін айқындайды

2. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін ресурстарға қажеттілікті анықтайды;

      2) бюджеттік өтінім жасайды және республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты алады;

      3) республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Холдинг) және "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҰАҒББО" КеАҚ) жарғылық капиталын төлейді, оларға бюджеттік кредиттер берілуін ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      4) Холдингті және "ҰАҒББО" КеАҚ-ны корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.

      3. Агроөнеркәсіптік кешенді "ҰАҒББО" КеАҚ-ның қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу, оның ішінде перспективалы агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу (шеттен алып пайдалану) жолымен енгізу, инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, агроөнеркәсіптік кешендегі ғылым, инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;

      3) білімдерді тарату және беру, оның ішінде ғылыми-практикалық семинарлар өткізу, консультациялық қызметтер көрсету жолымен тарату және беру.

      4. Мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму жоспарына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады.

      Агроөнеркәсіптік кешенді "ҰАҒББО" КеАҚ-ның қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар аграрлық салада Қазақстан экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

      5. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын "ҰАҒББО" КеАҚ-ны қоспағанда, мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдары мен лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Мамандандырылған ұйымдар бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 "О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2019 года № 137.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 "О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 25, ст. 257) следующее изменение:

      в пункт 1 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      Правила поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 26 марта 2019 года № 137
  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 7 июля 2006 года № 645

Правила поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и определяют порядок поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций, таких как:

      1) акционерное общество "КазАгроФинанс";

      2) акционерное общество "Аграрная кредитная корпорация";

      3) акционерное общество "Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства";

      4) акционерное общество "Казагропродукт";

      5) акционерное общество "КазАгроГарант";

      6) некоммерческое акционерное общество "Национальный аграрный научно-образовательный центр".

2. Поддержка агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций

      2. Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан осуществляет поддержку агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан в следующем порядке:

      1) определяет потребность в ресурсах, выделяемых из средств республиканского бюджета на поддержку агропромышленного комплекса;

      2) составляет бюджетную заявку и получает средства, выделенные из республиканского бюджета;

      3) за счет средств, выделенных из республиканского бюджета, оплачивает уставной капитал акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "КазАгро" (далее - Холдинг) и некоммерческого акционерного общества "Национальный аграрный научно-образовательный центр" (далее - НАО "НАНОЦ"), организует предоставление им бюджетных кредитов, осуществляет государственные закупки у специализированных организаций;

      4) осуществляет корпоративное управление Холдингом и НАО "НАНОЦ".

      3. Поддержка агропромышленного комплекса с участием НАО "НАНОЦ" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке осуществляется посредством:

      1) выполнения научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ в агропромышленном комплексе;

      2) внедрения результатов научной и (или) научно-технической деятельности, в том числе путем коммерциализации и трансферта (заимствования) перспективных агротехнологий, содействия развитию инновационной инфраструктуры, развитию международного сотрудничества в области науки, инноваций в агропромышленном комплексе;

      3) распространения и передачи знаний, в том числе путем проведения научно-практических семинаров, предоставления консультационных услуг.

      4. Мероприятия по поддержке агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций, реализуются в соответствии с Государственной программой развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2017-2021 годы, Стратегией развития акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "КазАгро" на 2011-2020 годы, Планом развития некоммерческого акционерного общества "Национальный аграрный научно-образовательный центр" на 2017-2021 годы, утвержденных в установленном законодательством Республики Казахстан порядке, и иными стратегическими и программными документами Республики Казахстан.

      Мероприятия по поддержке агропромышленного комплекса с участием НАО "НАНОЦ" направлены на обеспечение ускоренного научно-технологического развития экономики Казахстана в аграрной сфере.

      5. Участие специализированных организаций в мероприятиях по поддержке агропромышленного комплекса осуществляется в соответствии с решениями их органов и должностных лиц, за исключением НАО "НАНОЦ", участие которого в мероприятиях по поддержке агропромышленного комплекса осуществляется в соответствии с пунктом 3 настоящих Правил.

      6. Специализированные организации обеспечивают эффективное, результативное и целевое использование выделенных бюджетных средств.