"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің "№ 7 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бейімбет Майлиннің есімі берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |