Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 284 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.02.2023 № 149 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі туралы ережеде:

      9 тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Ресей Федерациясының аумағындағы Қазақстан Республикасының сауда көрмелерін, жәрмеңкелерін, конференцияларын, форумдары мен өзге іс-шараларын өткізуге және осы іс-шараларға, оның ішінде Мәскеу қаласындағы халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі аумағындағы "Қазақстан" сауда-көрме орталығын салу мен реконструкциялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы өзге мамандандырылған іс-шараларға сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларын тартуға жәрдемдеседі;"

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2012 года № 1011 "Об утверждении Положения о Торговом представительстве Республики Казахстан в Российской Федерации, внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 784 "О некоторых вопросах совершенствования механизма решения кадровых вопросов по должностным лицам, назначаемым Правительством Республики Казахстан или по согласованию с ним" и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 мая 2019 года № 284. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 февраля 2023 года № 149.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 22.02.2023 № 149.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2012 года № 1011 "Об утверждении Положения о Торговом представительстве Республики Казахстан в Российской Федерации, внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 784 "О некоторых вопросах совершенствования механизма решения кадровых вопросов по должностным лицам, назначаемым Правительством Республики Казахстан или по согласованию с ним" и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" следующее изменение:

      в Положении о Торговом представительстве Республики Казахстан в Российской Федерации:

      подпункт 5) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "5) содействует проведению торговых выставок, ярмарок, конференций, форумов и иных мероприятий Республики Казахстан на территории Российской Федерации и привлечению казахстанских участников внешнеторговой деятельности к данным мероприятиям, в том числе осуществлению строительства и реконструкции торгово-выставочного центра "Казахстан" на территории выставки достижений народного хозяйства в городе Москве, а также иным специализированным мероприятиям в Российской Федерации;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин