Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 68, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 3, 4-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:
"
16-1. | "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қаржымині | Қаңтар | Қаңтар | Тамыз | Б.Ш. Шолпанқұлов |
";
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
23. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы | ЭМ | Тамыз | Қыркүйек | Қараша | С.Қ. Есімханов |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-2-жолмен толықтырылсын:
"
127-2. |
Қазақстан Республикасының | ҰЭМ | Қазан | Қараша | Желтоқсан | А.Д. Жұмабеков |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |