Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Халықты қалыптасқан жағдай туралы құлақтандыруды және хабардар етуді ұйымдастыру* | ЖАО, ІІМ, АҚДМ, ЦДҚАӨМ | С + 1 | ақпаратты халыққа жеткізу |
4. | Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерін төтенше жағдай режиміне ауыстыру* | ІІМ, ДСМ, ҰЭМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, АҚДМ, ЦДҚАӨМ, ЖАО | С + 1 | орталық атқарушы органдардың бұйрықтары/ ЖАО шешімдері |
";
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Жедел штабты өрістетуді және қауырт желі телефонының жұмысын ұйымдастыру* | ІІМ, ДСМ, ҰЭМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, АҚДМ, ЦДҚАӨМ, Қорғанысмині, ЖАО | С + 1 | Жедел штабтың және қауырт желі телефонының жұмысы |
";
реттік нөмірлері 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
10. | Төтенше жағдай аймағында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу* | ІІМ, ЖАО, ДСМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, Қорғанысмині | С + 2 | авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар |
11. | Бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасқан ахуалды уақтылы және шынайы жария ету жөніндегі іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету* | АҚДМ, ЖАО | С + 2 | бұқаралық ақпарат құралдарын үйлестіру |
";
реттік нөмірі 17, 18 және 19-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
17. | Зардап шеккен халықты теміржол, әуе, өзен және автомобиль көлігімен тасымалдауды қамтамасыз ету* | ИИДМ, ЖАО, ІІМ | С + 3 | зардап шеккен халықты қауіпсіз аймаққа жеткізу |
18. | Химиялық, радиациялық және өртке қауіпті объектілердегі, сондай-ақ су айдындары мен бөгендердегі авариялардан болатын зиянға жол бермеу және азайту бойынша іс-шаралар өткізу** | ЖАО, ЭМ, ИИДМ, ІІМ, АШМ, Қорғанысмині | С + 4-6 | қауіпті объектілердегі алдын алу шаралары |
19. | Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу үшін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, сондай-ақ басқа да тартылатын күштерді төтенше жағдай аймағына көшіру** | ІІМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | С + 4-48 | төтенше жағдай аймағына көшіру |
";
реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
25. | Мемлекеттік материалдық резервтің және ІІМ жедел резервінің материалдық құндылықтарын броньнан шығару * | ІІМ, ЦДҚАӨМ, ЖАО | қажеттілік болғанда | ІІМ бұйрығы |
";
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі;
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
ВАМК – Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия;
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
ЖАО – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) (аумағында төтенше жағдай орын алған) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЦДҚАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
С+ – төтенше жағдайдың пайда болуы туралы сигнал келіп түскен сәттен басталған уақыт;
+0,30+1 – сигнал түскен сәттен бастап іс-қимылдың басталу уақыты (минут) және іс-қимылдың аяқталу уақыты (сағат).";
көрсетілген қаулымен бекітілген өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Халықты қалыптасқан жағдай туралы құлақтандыруды және хабардар етуді ұйымдастыру* | ЖАО, ІІМ, АҚДМ, ЦДҚАӨМ | С + 1 | ақпаратты халыққа жеткізу |
4. | Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерін төтенше жағдай режиміне ауыстыру* | ІІМ, ДСМ, ҰЭМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, АҚДМ, ЦДҚАӨМ, ЖАО | С + 1 | орталық атқарушы органдардың бұйрықтары/ ЖАО шешімдері |
";
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Жедел штабты өрістетуді және қауырт желі телефонының жұмысын ұйымдастыру* | ІІМ, ДСМ, ҰЭМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, АҚДМ, ЦДҚАӨМ, Қорғанысмині, ЖАО | С + 1 | Жедел штабтың және қауырт желі телефонының жұмысы |
";
реттік нөмірлері 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
10. | Төтенше жағдай аймағында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу* | ІІМ, ЖАО, ДСМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, Қорғанысмині | С + 2 | авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар |
11. |
Бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасқан ахуалды уақтылы және шынайы жария ету жөніндегі | АҚДМ, ЖАО | С + 2 | бұқаралық ақпарат құралдарын үйлестіру |
";
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
14. | Халықты және тартылатын күштердің жеке құрамын инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу бойынша хабардар етуді ұйымдастыру***** | ДСМ, ЖАО, АҚДМ | С + 2 | инфекциялық және паразиттік ауруларың алдын алу бойынша хабардар ету |
";
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
17. | Халықты және тартылатын күштердің жеке құрамын эпизоотияның алдын алу бойынша хабардар етуді ұйымдастыру****** | АШМ, ЖАО, АҚДМ | С + 2 | эпизоотияның алдын алу бойынша хабардар ету |
";
реттік нөмірлері 20 және 21-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
20. | Жол ұйымдарының көлік магистральдарындағы авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуін ұйымдастыру*** | ЖАО, ИИДМ, ІІМ | С + 2 | көлік магистральдарындағы авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар |
21. | Күшті әсер ететін улы және радиоактивті заттармен зақымдану көздерін оқшаулауды және залалсыздандыруды жүргізу**** | ЖАО, ИИДМ, Қорғанысмині, ЭМ | С + 2 | оқшаулауды және залалсыздандыруды қамтамасыз ету |
";
реттік нөмірлері 26, 27 және 28-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
26. | Зардап шеккен халықты теміржол, әуе, өзен және автомобиль көлігімен тасымалдауды қамтамасыз ету* | ИИДМ, ЖАО, ІІМ | С + 3 | зардап шеккен халықты қауіпсіз аймаққа жеткізу |
27. | Химиялық, радиациялық және өртке қауіпті объектілердегі, сондай-ақ су айдындары мен бөгендердегі авариялардан болатын зиянға жол бермеу және азайту бойынша іс-шаралар өткізу** | ЖАО, ЭМ, ИИДМ, АШМ, ІІМ, Қорғанысмині | С + 4-6 | қауіпті объектілердегі алдын алу іс-шаралары |
28. | Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, сондай-ақ басқа да тартылатын күштерді төтенше жағдай аймағына көшіру** | ІІМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | С + 4-48 | төтенше жағдай аймағына көшіру |
";
реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
32. | Мемлекеттік материалдық резервтің және ІІМ жедел резервінің материалдық құндылықтарын броньнан шығару * | ІІМ, ЦДҚАӨМ, ЖАО | қажеттілік болғанда | ІІМ бұйрығы |
";
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі;
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
ВАМК – Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия;
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
ЖАО – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) (аумағында төтенше жағдай орын алған) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЦДҚАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
С+ – төтенше жағдайдың пайда болуы туралы сигнал келіп түскен сәттен басталған уақыт;
+0,30+1–сигнал түскен сәттен бастап іс-қимылдың басталу уақыты (минут) және іс-қимылдың аяқталу уақыты (сағат).".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |