Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей олардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген |
Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспары
Қызылорда облысы индустриялық-аграрлық өңір, республикадағы негізгі күріш өндіруші болып табылады (90%).
Бұл ретте, 2017 жылы Қызылорда облысының жалпы өңірлік өнімінің (бұдан әрі – ЖӨӨ) үлес салмағы 2,7% құрады.
Соңғы үш жылда аталған көрсеткіштің 0,8 пайыздық тармаққа төмендегені байқалады. Аталған көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы үшінші топқа кіреді, ол топ ЖІӨ жалпы көлемінде үлесі 5 пайыздан аспайтын өңірлерді біріктіреді.
Мұнай-газ секторы өңір экономикасының негізгі саласы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісінің 82,7% астам мөлшері тау-кен өнеркәсібіне тиесілі, мұнда шикі мұнай мен табиғи газ өндіру үлесі басым (87,6%). Өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі аз ғана, бар болғаны 12,6%.
2018 жылы 930,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,9% кем. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеу себебі соңғы жылдары кейбір мұнай кен орындарында кен шоғырларының 90% сулануы (қабаттық қысымның төмендеуі), қорлардың сарқылуы салдарынан мұнай өндіру көлемінің азаюы болып табылады.
Дегенмен, облыста өңдеу өнеркәсібін дамытудың зор әлеуеті бар.
Облыс аумағы көмірсутекті шикізат, түсті металдар (мыс, мырыш, қорғасын және алтын), қара металдар (темір, титан және ванадий), уран, кварц және құрылыс құмдары, әк тас қорларына бай.
Сонымен қатар, жоғары экспорттық әлеуеті бар мал шаруашылығын, оның ішінде ет бағытындағы мал шаруашылығын перспективалы дамыту, балық шаруашылығы және балық өңдеу бойынша күшті жақтары да бар.
Соңғы жылдары мемлекеттің агроөнеркәсіп кешенін тұрақты қолдауы, оның ішінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыруда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жаңа өндірістер құруда елеулі нәтижелер беруде. 2017 жылы облыстың ЖӨӨ ауыл шаруашылығының үлес салмағы 3,8% құрады.
Бұл ретте қолданыстағы гидротехникалық құрылыстарды жақсарту бойынша шаралар қабылдау талап етіледі. Мәселен, жұмыс істеп тұрған Қызылорда су торабы өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған және қазіргі уақытта апатты жағдайда тұр. 2014 жылдан бастап су торабы арқылы автокөлік қозғалысына тыйым салынған. Су торабы бұзылған жағдайда шамамен 400 мың адам тұратын облыстың үш ауданы мен Қызылорда қаласы аумағында 250 мың гектар шабындықтар мен жайылымдар, сондай-ақ 110 мың гектар суармалы жерлерді сумен жабдықтау жүйесі бұзылады. Оған қоса, облыстың 38 елді мекенін су басу қаупі бар. Осыған байланысты Қызылорда су торабына реконструкциялау жүргізу қажет.
Өңір біршама көліктік әлеуетке ие. Өңірдің көліктік инфрақұрылымы жоғары деңгейде шоғырланумен ерекшеленеді: негізгі автомобиль, теміржол және су жолдары бір-бірімен іргелес орналасып барлық аудан орталықтарынан және облыс орталығынан өтеді, осылайша 85% елді мекен (өңір халқының 93%) орналасқан көлік магистралін қалыптастыруда.
Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы озық қарқынмен жүргізілуде. Соңғы жылдың өзінде-ақ 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жылу энергиясы көздеріне белгілі бір жүктеме алып келеді. Қолданыстағы Қызылорда жылу энергия орталығы 1964 жылы пайдалануға берілген, яғни 50 жылдан астам уақыт пайдаланылуда, соның салдарынан жабдықтардың тозуы (50%) орын алып отыр және қазіргі таңда 40%-дан аспайтын төмен ПІК-ке ие. Осы себепті жақын арада облыс орталығының 700-ге жуық көп қабатты үйі жылумен жабдықталмай қалуы мүмкін. Қазіргі таңда қуатты көп тұтыну кезінде "ЖЭО" қызмет көрсету аймағындағы жылу тапшылығы 100 ГКал/сағатты құрайды, бұл өз кезегінде берілетін жылудың сыртқы ауаның температуралық кестесіне сәйкес келмеуіне әкеледі. Бұл мәселені қолданыстағы энергия көзін реконструкциялау және кеңейту арқылы ғана шешуге болады.
Үдемелі жаңғырту және әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылықты арттыру мақсатында 119 ұйымдастырушылық және іске асырылатын іс-шарадан тұратын Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді.
Р/н № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі (жыл) | Болжамды шығыстар * (млн. теңге) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Өнеркәсіп | ||||||
1. | Байқоңыр кешенінде арнайы экономикалық аймақ құру мәселесін пысықтау | ИИДМ-ге ұсыныстар | әкімдік, ЦДҚАӨМ, СІМ | 2019 | талап етілмейді | - |
2. | Қызылорда облысының жер қойнауын пайдаланушыларына ішкі нарыққа мұнай жеткізу ауыртпалығын төмендету бойынша мәселені пысықтау | Үкіметке ұсыныстар | ЭМ, әкімдік, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | 2020 | талап етілмейді | - |
3. | "Байкен-U" ЖШС өндірістік қуаттарын реконструкциялау "Байкен-U" ЖШС жеке қаражаты)** | пайдалануға беру актісі | "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ (келісу бойынша) | 2021 | - | БК |
4. | Қызылорда облысының аумағында перспективалы мұнай-газ құрылымдарын айқындау мақсатында іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін шөгінді бассейндерінде (Шу–Сарысу, Оңтүстік-Торғай және Сырдария) өңірлік тірек бейіндер бойынша (геотраверстер) өңірлік геологиялық жер қойнауын зерделеу-геологиялық-геофизикалық кешенді зерттеу жүргізу | геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есеп | ИИДМ, Қаржымині | 2020 | 2 610 | РБ |
2021 | 5 220 | |||||
2022 | 3 190 | |||||
Жиыны: | 11 020 | |||||
Агроөнеркәсіп кешені | ||||||
5. | Майлы және мал азықтық дақылдар алқаптарын ұлғайту есебінен егіс алқаптарын әртараптандыру (2022 жылы майлы дақылдар алқаптарын 20,0 мың гектарға, мал азықтық дақылдар алқаптарын 78,0 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда) | АШМ-ге ақпарат | әкімдік | 2019 - 2022 | талап етілмейді | - |
6. | Қызанақ өсіру алаңын 3,0 мың га дейін ұлғайту, және қызанақ концентратын шығару бойынша өндірісін іске қосу** | АШМ-ге ақпарат | әкімдік | 2022 | - | БК |
7. | Қызылорда облысында көтерме сауда-тарату орталығын құру | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2022 | 3400 | БК |
8. | Қызылорда қаласында қуаты 5 мың тонналық ет комбинатын салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2020 | 834 | БК |
9. | Қызылорда облысында ет бағытындағы заманауи құс фабрикасын салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2020 | 1900 | БК |
10. | Қызылорда облысында суармалы жерлер алаңын 300 000 га дейін ұлғайту** | АШМ-ге ақпарат | әкімдік, АШМ | 2020-2022 | - | МЖӘ |
Жиыны: | 6 134 | |||||
Кәсіпкерлікті дамыту | ||||||
11. | Бизнес ортаны белсенділендіру мақсатында "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау | Үкіметке ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині, әкімдік | 2019 | 900,6 | ЖБ |
2020 | 1 825 | ЖБ*** | ||||
2021 | 2 033 | |||||
2022 | 2 211 | |||||
12. | Бизнес ортаны белсенділендіру мақсатында "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру | Үкіметке ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині, әкімдік | 2019 | 119 | ЖБ |
2020 | 375 | ЖБ*** | ||||
2021 | 470 | |||||
2022 | 585 | |||||
13. | "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру | Үкіметке ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині,әкімдік | 2019 | 10 | ЖБ |
2020 | 30 | ЖБ*** | ||||
2021 | 50 | |||||
2022 | 70 | |||||
14. | "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру | Үкіметке ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині, әкімдік | 2019 | 21 | РБ |
2020 | 70 | |||||
2021 | 70 | |||||
15. | Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласында микрокредит беруді кеңейту | Үкіметке ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині, Еңбекмині, әкімдік | 2019 | 278,5 | РБ |
21 | ЖБ | |||||
2020 | 278,5 | РБ | ||||
21 | ЖБ | |||||
2021 | 278,5 | РБ | ||||
21 | ЖБ | |||||
16. | Ауылдық кәсіпкерлерге микрокредит беру | АШМ-ге ақпарат | әкімдік | 2019 | 1 000 | ЖБ |
Жиыны: | 10 738,1 | |||||
Көлік инфрақұрылымы | ||||||
17. | 2022 жылдың қорытындылары бойынша жақсы және қанағаттанарлық күйдегі автожолдар желісін 72 %-ға дейін арттыру мақсатында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу және реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, әкімдік | 2019 | 4 151,5 | РБ |
6 334,2 | ЖБ | |||||
2020 | 5 224,7 | РБ | ||||
7 056,5 | ЖБ | |||||
2021 | 6 344,5 | РБ | ||||
6 466,6 | ЖБ | |||||
2022 | 4 813,2 | РБ | ||||
4 813,2 | ЖБ | |||||
Жиыны: | 45 204,4 | |||||
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы | ||||||
Газбен жабдықтау | ||||||
18. | Қармақшы ауданының Жосалы кентінде газ жеткізу құбырын және орамішілік желілерді салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, әкімдік | 2019 | 719 | РБ |
79,9 | ЖБ | |||||
2020 | 2 638,2 | РБ | ||||
293,1 | ЖБ | |||||
19. | Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде газ жеткізу құбырын және орамішілік желілерді салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, әкімдік | 2019 | 525,7 | РБ |
58,4 | ЖБ | |||||
2020 | 1 672,2 | РБ | ||||
185,8 | ЖБ | |||||
20. | Арал ауданының Жақсықылыш кентінде газ жеткізу құбырын және орамішілік желілерді салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, әкімдік | 2019 | 389,3 | РБ |
43,3 | ЖБ | |||||
2020 | 300 | РБ | ||||
33,3 | ЖБ | |||||
21. | Жалағаш ауданының Жалағаш кентінде АГБС-Тереңөзектен бастап БГРП-Жалағашқа дейін 1,2 МПа жоғары қысымды бұрма газ құбырын және газбен жабдықтау орамішілік желілерін салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, әкімдік | 2019 | 1 369,1 | РБ |
152,1 | ЖБ | |||||
2020 | 1 863,9 | РБ | ||||
95,9 | ЖБ | |||||
2021 | 1 000 | РБ | ||||
111,2 | ЖБ | |||||
22. | Қызылорда қаласында Шыны зауытынан бастап АГБС-1-БГРП-1 газ құбырына және БГРП-2-ГРП-Наурыз, Махамбетке дейін жоғары қысымды 1,2 МПа газ құбырын, Махамбет және Наурыз кенттерінде орамішілік газ құбырларын салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, әкімдік | 2021 | 1 307,2 | РБ |
145,3 | ЖБ | |||||
2022 | 2 807,2 | РБ | ||||
311,9 | ЖБ | |||||
23. | Арал ауданының Сексеуіл кентінде АГБС орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистральдық газ құбырынан бастап бұрма газ құбырын салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, әкімдік | 2021 | 1 350 | РБ |
150 | ЖБ | |||||
24. | Қазалы ауданының Қазалы қаласын газбен жабдықтау | пайдалануға беру актісі | ЭМ, әкімдік | 2021 | 900 | РБ |
100 | ЖБ | |||||
25. | Арал ауданының Сексеуіл кентінде газ жеткізу құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, әкімдік | 2022 | 1 350 | РБ |
150 | ЖБ | |||||
26. | Облыстың 6 спорт объектісін газдандыру | пайдалануға беру актісі | Әкімдік | 2019 | 29,1 | ЖБ |
2020 | 110 | |||||
27. | Қармақшы ауданының Төретам кентінде газ жеткізу құбырының және орамішілік газ тарату желілерінің ЖСҚ әзірлеу және оны салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, әкімдік | 2019 | 46,5 | ЖБ |
2021 | 1 350 | РБ | ||||
150 | ЖБ | |||||
28. | Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінің газ жеткізу құбырының және орамішілік газ тарату желілерінің ЖСҚ әзірлеу және оны салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, әкімдік | 2019 | 44,8 | ЖБ |
2021 | 900 | РБ | ||||
100 | ЖБ | |||||
Жиыны: | 22 832,3 | |||||
Жылумен жабдықтау | ||||||
29. | "Қызылорда қаласының ЖЭС жаңғырту және кеңейту" жобасының ТЭН және ЖСҚ әзірлеу | ТЭН және ЖСҚ | әкімдік | 2019 | 400 | ЖБ |
30. | Қызылорда қаласының ЖЭС жаңғырту және кеңейту | пайдалануға беру актісі | ЭМ, әкімдік | 2020 | 5000 | РБ |
2021 | 5000 | |||||
2022 | 5000 | |||||
31. | Қызылорда қаласының ЖТ-15А-дан бастап ЖТ-17А дейінгі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 1 445,5 | РБ |
32. | Қызылорда қаласының ЖК-17А-дан бастап ЖК-19-ға дейінгі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 274,6 | РБ |
33. | Қызылорда қаласының ЖК-22-ден бастап Әйтеке би № 5, Қазыбек би № 20, Тоқмағамбетов № 18 көшелерінің ж/К дейінгі орамаралық жылу желілерін реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 295,9 | РБ |
34. | Қызылорда қаласында ЖТ-16-дан бастап Шұғыла шағын ауданындағы № 49,50,51,52 тұрғын үйлерге дейін орамаралық жылу желілерін реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 392,9 | РБ |
35. | Қызылорда қаласының ЖТ-7-ден бастап ЖТ-13-ке дейінгі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 1 927,7 | РБ |
36. | Қызылорда қаласының Оңтүстік қазандықтан бастап ЖТ-7-ге дейінгі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 1 513,1 | РБ |
37. | Қызылорда қаласының ЖТ-13-тен бастап ЖТ-15А-ға дейінгі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 1 060,5 | РБ |
38. | Қызылорда қаласының Оңтүстік қазандықтан бастап ЖО-1 (Автобус паркі) дейінгі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 531,8 | РБ |
Жиыны: | 22 841 | |||||
Сумен жабдықтау және су бұру | ||||||
39. | Қазалы ауданының Жанқожа батыр елді мекенінде тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерін салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2019 | 114,5 | ЖБ |
40. | Арал ауданы Шөміш станциясының сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау және кеңейту | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 288,9 | РБ |
32,1 | ЖБ | |||||
41. | Қазалы ауданының Бекарыстан би елді мекенінде тұрғын үйлерге су құбыры сервистік желілерін салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2019 | 152,9 | ЖБ |
42. | Қызылорда қаласының Қорқыт Ата көшесіндегі 9К ІІД, Қорқыт ата көшесіндегі "Айтбай" мешіті, Қазыбек би көшесі, Әйтеке би көшесіндегі № 5, 8, 10 тұрғын үйлер, Сәтбаев көшесіндегі № 10 тұрғын үй, Аймауытов көшесінен бастап Қазантаев көшесіндегі "Жайна" № 2 КСС 10К дейін өздігінен ағатын кәріздерді реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2019 | 84,4 | ЖБ |
43. | Қызылорда қаласы "Қамқор" № 15 КСС-тен "КЭРМЗ" 2-нитки № 39 КСС-ке дейін қысымдық кәріздерді реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2019 | 88 | ЖБ |
44. | Қызылорда қаласында Скаткова көшесі бойындағы Панфилова көшесінен "Универсам" КК-61 КСС № 14 дейінгі өздігінен ағатын кәрізді реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2019 | 50,3 | ЖБ |
45. | Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі Қараөзек станциясының су құбыры желілерін салу | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 130,9 | РБ |
14,5 | ЖБ | |||||
46. | Арал-Сарыбұлақ Қосаман-Ақбасты топтық су құбырына қосылу тармағын салу және Арал ауданы Ақбасты елді мекенін сумен жабдықтау | пайдалануға беру актісі | АШМ, әкімдік | 2020 | 1 000 | РБ |
2021 | 1 000 | |||||
2022 | 1 001,4 | |||||
47. | Арал-Сарыбұлақ Арал-Тоқабай-Абай топтық су құбырына қосылу тармағын салу және Арал ауданының Тоқабай, Абай елді мекендерін сумен жабдықтау | пайдалануға беру актісі | АШМ, әкімдік | 2020 | 1 000 | РБ |
2021 | 1 500 | |||||
2022 | 1 353,7 | |||||
48. | Шиелі ауданында "Тақыркөл" басты су бөгетінен бастап № 3 сорғы станциясына дейін магистральдық суағардың екінші желісін салу | пайдалануға беру актісі | АШМ, әкімдік | 2020 | 300 | РБ |
2021 | 500 | |||||
2022 | 457,8 | |||||
49. | Байқоңыр қаласында сумен жабдықтау (81,4 км) және су бұру жүйелерінің (86,3 км) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, реконструкциялау және жаңғырту | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2019 | 121,8 | ЖБ |
2020 | 4 652,8 | РБ | ||||
2021 | 4 070 | |||||
2022 | 8 511,3 | |||||
50. | Қармақшы ауданының Төретам, Ақай елді мекендерін сумен жабдықтау үшін Байқожа топтық су құбырына қосылу тармағын салудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу | мемлекеттік сараптаманың қорытындысы | әкімдік | 2019 | 35,8 | ЖБ |
51. | Қармақшы ауданының Төретам, Ақай елді мекендерін сумен жабдықтау үшін Байқожа топтық су құбырына қосылу тармағын салу | пайдалануға беру актісі | АШМ, әкімдік | 2020 | 500 | РБ |
2021 | 1500 | |||||
52. | Қармақшы ауданының Төретам кентінде сумен жабдықтаудың магистральдық және сервистік желілерін салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2019 | 180 | ЖБ |
Жиыны: | 28 641,3 | |||||
Экология және табиғатты пайдалану | ||||||
53. | "Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру" жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін, жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оны іске асыру | пайдалануға беру актісі | АШМ, әкімдік | 2019 | 41,1 | ЖБ |
100,5 | РБ | |||||
2020 | 1 000 | РБ | ||||
2021 | 3 691 | |||||
54. | Қызылорда су торабының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оны реконструкциялау (БК "Қазсушар" РМК жеке қаражаты) | пайдалануға беру актісі | АШМ, әкімдік, "Қазсушар" РМК | 2019 | 198 | БК |
2019 | 200 | РБ | ||||
2020 | 1500 | |||||
2021 | 1500 | |||||
2022 | 1 000 | |||||
55. | Қызылорда облысы Шиелі ауданының суын шоғырландыру үшін Сырдария өзенінің Күміскеткен учаскесінде су қоймасын салудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оны салу | пайдалануға беру актісі | АШМ, әкімдік | 2019 | 115,6 | РБ |
2020 | 1 000 | |||||
2021 | 907,6 | |||||
56. | Караөзек ағысында суды шоғырландыру үшін су қоймасын салудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оны салу | пайдалануға беру актісі | АШМ, әкімдік | 2019 | 62,4 | РБ |
2020 | 1 910,9 | |||||
57. | Көкарал бөгетінде балық қорғау қондырғыларын орнату (Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының гранты (GIZ) | пайдалануға беру актісі | ХАҚҚ атқарушы дирекциясы (келісу бойынша), АШМ, әкімдік | 2020 | 120 | БК |
58. | 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауарлы балықтарды аулау көлемін 477 тоннаға дейін ұлғайту | АШМ-ге ақпарат | әкімдік | 2022 | талап етілмейді | - |
59. | Арал ауданының Арал қаласында қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2019 | 110,2 | ЖБ |
60. | Қызылорда қаласында қоқыс сұрыптайтын кешеннің қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын салу және сыртқы инженерлік желілерін МЖӘ шеңберінде жүргізу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2019 | 504,6 | ЖБ |
2020 | 652,9 | БК | ||||
61. | Шиелі ауданында қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын салудың ЖСҚ әзірлеу және оны салу** | ЖСҚ | әкімдік | 2020 | 10 | ЖБ |
62. | Жалағаш ауданында қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын салудың ЖСҚ әзірлеу және және оны салу** | ЖСҚ | әкімдік | 2020 | 10 | ЖБ |
63. | Жаңақорған ауданында қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын салудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оны салу ** | ЖСҚ | әкімдік | 2020 | 10 | ЖБ |
64. | Қызылорда облысы бойынша қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу және бекіту | мәслихат шешімі | әкімдік | 2022 | 15 | ЖБ |
65. | Арал теңізінің құрғап қалған түбіне фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу | орындалған жұмыстарды қабылдау актісі | әкімдік | 2019 | 88,1 | БК |
66. | Қызылорда қаласының маңында жасыл белдеу құру бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу | жұмыс жобасы | АШМ | 2019 | 4,4 | РБ |
67. | Қызылорда қаласының маңында жасыл белдеу құру** | орындалған жұмыстарды қабылдау актісі | әкімдік | 2020 - 2022 | - | ЖБ |
Жиыны: | 14 752,2 | |||||
Халықты әлеуметтік қорғау | ||||||
68. | Арал өңіріндегі экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймағында тұратын әйелдердің босануға дейінгі және босанудан кейінгі жүктілік демалысының мерзімін ұзарту бойынша зерттеу жүргізу | ғылыми зерттеу қорытынды сы | әкімдік | 2019 - 2020 | бөлінген қаражат шегінде | ЖБ |
69. | Арал өңіріндегі экологиялық қасіретке байланысты аурулардың тізбесін айқындау бойынша зерттеулер жүргізу | ғылыми зерттеу қорытындысы | әкімдік | 2019 - 2021 | бөлінген қаражат шегінде | ЖБ |
70. | Қызылорда облысының базасында арнаулы әлеуметтік қызметтер мен көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру | Еңбекминіне ақпарат | әкімдік, Еңбекмині | 2019 | талап етілмейді | - |
71. | Өмірде қиын жағдайда жүрген отбасылар үшін әлеуметтік қызмет құру мүмкіндігін зерделеу | Еңбекминіне, АҚДМ-ге ұсыныстар | әкімдік | 2019 | талап етілмейді | - |
72. | Халықтың қажеттілігін бағалау негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру | Еңбекминіне,АҚДМ-ге ақпарат | әкімдік | 2019 | 883,5 | ЖБ |
2020 | 910 | ЖБ | ||||
2021 | 937,3 | ЖБ | ||||
Жиыны: | 2 730,7 | |||||
Денсаулық сақтау | ||||||
73. | Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде Орталық аудандық аурухана жанындағы аудандық емхана салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ДСМ | 2019 | 50 | ЖБ |
2020 | 500 | РБ | ||||
2021 | 1 951,2 | РБ | ||||
222 | ЖБ | |||||
74. | МЖӘ шеңберінде "Қызылорда қаласында 500 төсектік көпбейінді облыстық аурухананы салу" жобасын іске асыру | конкурстық процедураларды жүргізу | әкімдік, ДСМ, Қаржымині, ҰЭМ | 2022 | МЖӘ | |
75. |
Қызылорда қаласында донация жоспары жылына 7000 облыстық қан орталығын салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ДСМ | 2021 | 250 | РБ |
25 | ЖБ | |||||
2022 | 2 450 | РБ | ||||
275 | ЖБ | |||||
Жиыны: | 5 723,2 | |||||
Спорт | ||||||
76. | Қызылорда қаласында байдарка және каноэ базасын салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2019 | 7 | ЖБ |
2020 | 250 | |||||
77. | Қызылорда қаласында көгалдағы хоккей алаңын салу | пайдалануға беру актісі | әкімдік | 2019 | 6 | ЖБ |
2020 | 200 | |||||
78. | Қармақшы ауданының Жосалы кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ЖСҚ әзірлеу және оны салу | пайдалануға беру актісі | МСМ, әкімдік | 2019 | 16 | ЖБ |
2021 | 245 | ЖБ | ||||
105 | РБ | |||||
79. | Қармақшы ауданының Ақай ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ЖСҚ әзірлеу және оны салу | пайдалануға беру актісі | МСМ, әкімдік | 2019 | 16 | ЖБ |
2020 | 245 | ЖБ | ||||
105 | РБ | |||||
80. | Жалағаш ауданының Жалағаш кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ЖСҚ әзірлеу және оны салу | пайдалануға беру актісі | МСМ, әкімдік | 2019 | 16 | ЖБ |
2020 | 245 | ЖБ | ||||
105 | РБ | |||||
81. | Шиелі ауданының Шиелі кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ЖСҚ әзірлеу және оны салу | пайдалануға беру актісі | МСМ, әкімдік | 2019 | 16 | ЖБ |
2021 | 245 | ЖБ | ||||
105 | РБ | |||||
82. | Қызылорда қаласының Тасбөгет кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ЖСҚ әзірлеу және оны салу | пайдалануға беру актісі | МСМ, әкімдік | 2019 | 16 | ЖБ |
2020 | 245 | ЖБ | ||||
105 | РБ | |||||
Жиыны: | 2 293 | |||||
Су тасқынына қарсы іс-шаралар | ||||||
83. | Қызылорда қаласының шегінде жер снарядын қолдану арқылы Сырдария өзенінің арнасын тазалау | орындалған жұмыстар актісі | ІІМ, әкімдік | 2020 | 803,2 | РБ |
2021 | 2 179,1 | |||||
2022 | 1 507,2 | |||||
2020 | 89,2 | ЖБ | ||||
2021 | 242,1 | |||||
2022 | 167,5 | |||||
84. | Қызылорда облысының халқын және басқару органдарын құлақтандырудың кешенді жүйесін құру | орындалған жұмыстар актісі | ІІМ, әкімдік | 2020 | 391,3 | РБ |
2021 | 391,3 | |||||
2022 | 391,3 | |||||
2020 | 43,5 | ЖБ | ||||
2021 | 43,5 | |||||
2022 | 43,5 | |||||
85. | Қазалы ауданында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін салу және оны қалпына келтіру | орындалған жұмыстар актісі | ІІМ, әкімдік | 2020 | 381,1 | РБ |
2021 | 381,1 | |||||
2022 | 381,1 | |||||
2020 | 42,3 | ЖБ | ||||
2021 | 42,3 | |||||
2022 | 42,3 | |||||
86. | Қармақшы ауданында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін салу және оны қалпына келтіру | орындалған жұмыстар актісі | ІІМ, әкімдік | 2020 | 181,6 | РБ |
2021 | 181,6 | |||||
2022 | 181,6 | |||||
2020 | 20,2 | ЖБ | ||||
2021 | 20,2 | |||||
2022 | 20,2 | |||||
87. | Жалағаш ауданында Тұрымбет және Қорғанша учаскесінде Сырдария өзенінің ағысын түзету | орындалған жұмыстар актісі | ІІМ, әкімдік | 2020 | 195,5 | РБ |
2021 | 195,5 | |||||
2022 | 195,5 | |||||
2020 | 21,7 | ЖБ | ||||
2021 | 21,7 | |||||
2022 | 21,7 | |||||
88. | Жалағаш ауданының аумағында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру және нығайту | орындалған жұмыстар актісі | ІІМ, әкімдік | 2020 | 265,7 | РБ |
2021 | 265,7 | |||||
2022 | 265,7 | |||||
2020 | 29,5 | ЖБ | ||||
2021 | 29,5 | |||||
2022 | 29,5 | |||||
89. | Сырдария ауданында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін салу және оны қалпына келтіру | орындалған жұмыстар актісі | ІІМ, әкімдік | 2020 | 182,4 | РБ |
2021 | 182,4 | |||||
2022 | 182,4 | |||||
2020 | 20,6 | ЖБ | ||||
2021 | 20,6 | |||||
2022 | 20,6 | |||||
90. | Арал ауданының Қызылжар елді мекені маңындағы Жүсіпәлі бұрылысының учаскесінде қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру және таспен нығайту | орындалған жұмыстар актісі | ІІМ, әкімдік | 2020 | 30,6 | РБ |
3,4 | ЖБ | |||||
91. | Арал ауданының Бекбауыл ауылдық округінің Құмбазар елді мекенінде Кеңесарық каналының арнасын тазалау | орындалған жұмыстар актісі | ІІМ, әкімдік | 2020 | 76,8 | РБ |
8,5 | ЖБ | |||||
92. | Қармақшы ауданының Абла елді мекені маңындағы Тойымбет каналында екі көзді гидротехникалық жүйелерінің құрылыс салу | орындалған жұмыстар актісі | ІІМ, әкімдік | 2020 | 18,7 | РБ |
2,1 | ЖБ | |||||
93. | Қармақшы ауданының Дүроңғар ауылдық округінің учаскесінде Сырдария арнасын түзету | орындалған жұмыстар актісі | ІІМ, әкімдік | 2020 | 178,2 | РБ |
19,8 | ЖБ | |||||
94. | Шиелі ауданының Жөлек ауылдық округіндегі "Жөлек-Жуантөбе" трассасы бойында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерінің жағалауын қалпына келтіру және нығайту | орындалған жұмыстар актісі | ІІМ, әкімдік | 2020 | 23,3 | РБ |
2,6 | ЖБ | |||||
95. | Өзгент көлінде бір көзді гидротехникалық құрылыс салу | орындалған жұмыстар актісі | ІІМ, әкімдік | 2020 | 13,6 | РБ |
1,5 | ЖБ | |||||
96. | Аумақтық азаматтық қорғау бөлімшесін авариялық-құтқару техникасымен және жабдықтармен жарақтандыру | орындалған жұмыстар актісі | әкімдік | 2020 | 343,9 | ЖБ |
2021 | 354,2 | |||||
Жиыны: | 11 392 | |||||
Тұрғын үй құрылысы | ||||||
Жалға берілетін тұрғын үй | ||||||
97. | Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салу, реконструкциялау және (немесе) сатып алу | пайдалануға беру актісі және (немесе) жалға берілетін тұрғын үй туралы шарт | ИИДМ, әкімдік, | 2019 | 2 363,8 | РБ |
262,7 | ЖБ | |||||
2020 | 1 929,4 | РБ | ||||
214,4 | ЖБ | |||||
2021 | 1 929,4 | РБ | ||||
214,4 | ЖБ | |||||
2022 | 1 929,4 | РБ | ||||
214,4 | ЖБ | |||||
98. | Аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салу, реконструкциялау және (немесе) сатып алу | пайдалануға беру актісі және (немесе) жалға берілетін тұрғын үй туралы шарт | ИИДМ, әкімдік, | 2019 | 3 600 | РБ |
400 | ЖБ | |||||
2020 | 3 600 | РБ | ||||
400 | ЖБ | |||||
2021 | 3 600 | РБ | ||||
400 | ЖБ | |||||
2022 | 3 600 | РБ | ||||
400 | ЖБ | |||||
Жиыны: | 25 057,9 | |||||
Кредиттік тұрғын үй | ||||||
99. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігіндегі № 3 тұрғын үй орамында 50 пәтерлі № 44 тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз) | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ИИДМ, Қаржымині | 2019 | 443,2 | БК |
176,4 | ЖБ | |||||
100. |
Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігіндегі № 3 тұрғын үй орамында | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ИИДМ, Қаржымині | 2019 | 352,9 | БК |
138,1 | ЖБ | |||||
101. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігіндегі № 3 тұрғын үй орамында 40 пәтерлі № 35 тұрғын үй құрылысы (бас жоспарсыз және сыртқы инженерлік желілерсіз) | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ИИДМ, Қаржымині | 2019 | 353,8 | БК |
154,6 | ЖБ | |||||
102. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігіндегі № 3 тұрғын үй орамында 40 пәтерлі № 39 тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз) | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ИИДМ, Қаржымині | 2019 | 351,1 | БК |
157,1 | ЖБ | |||||
103. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігіндегі № 3 тұрғын үй орамында 40 пәтерлі № 41 тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз) | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ИИДМ, Қаржымині | 2019 | 353,8 | БК |
154,6 | ЖБ | |||||
104. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігіндегі № 3 тұрғын үй орамында 40 пәтерлі № 37 тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз) | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ИИДМ, Қаржымині | 2019 | 351,1 | БК |
157,1 | ЖБ | |||||
105. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігіндегі № 3 тұрғын үй орамында 50 пәтерлі № 43 тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз) | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ИИДМ, Қаржымині | 2019 | 443,2 | БК |
176,3 | ЖБ | |||||
106. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде 60 пәтерлі № 48 тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз) | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ИИДМ, Қаржымині | 2019 | 526,9 | БК |
220,2 | ЖБ | |||||
107. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде 40 пәтерлі № 38 тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз) | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ИИДМ, Қаржымині | 2019 | 349,9 | БК |
154,7 |
ЖБ | |||||
108. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде 40 пәтерлі № 50 тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз) | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ИИДМ, Қаржымині | 2019 | 350,4 | БК |
167,7 | ЖБ | |||||
109. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде 50 пәтерлі № 42 тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз) | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ИИДМ, Қаржымині | 2019 | 443,2 | БК |
195,1 |
ЖБ | |||||
110. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде 60 пәтерлі № 45 тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз) | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ИИДМ, Қаржымині | 2019 | 546,7 | БК |
210,7 | ЖБ | |||||
111.. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде 40 пәтерлі № 36 тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз) | пайдалануға беру актісі | әкімдік, ИИДМ, Қаржымині | 2019 | 349,9 | БК |
154,8 | ЖБ | |||||
Жиыны: | 7 433,5 | |||||
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту | ||||||
112. | "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде "Арал Сода" ЖШС зауытына инфрақұрылым объектілерін (байланыс желілері, теміржол тұйығы) салу | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, әкімдік | 2020 | 1 538,1 | РБ |
170,9 | ЖБ | |||||
113. | "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде көлік-сауда логистикалық орталығын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (сумен жабдықтаудың сыртқы желілері, кәріз, телефон, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, әкімдік | 2020 | 178,6 | РБ |
19,8 | ЖБ | |||||
114. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігіндегі № 5 және № 6 учаскелерде № 3 тұрғын үй орамын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (газбен жабдықтау желілері) | пайдалануға беру актісі | ЭМ, әкімдік | 2020 | 54,7 | РБ |
6,1 | ЖБ | |||||
115. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігіндегі № 5 және № 6 учаскелерде № 3 тұрғын үй орамын инженерлік инфрақұрылымын әзірлеу (электр желілері) | пайдалануға беру актісі | ЭМ, әкімдік | 2020 | 202,1 | РБ |
22,4 | ЖБ | |||||
116. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігіндегі № 5 және № 6 учаскелерде № 3 тұрғын үй орамының инженерлік инфрақұрылымын әзірлеу (жылу желілері) | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 109,7 | РБ |
14,2 | ЖБ | |||||
117. | Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігіндегі № 5 және № 6 учаскелерде № 3 тұрғын үй орамының инженерлік инфрақұрылымын әзірлеу (су құбыры мен кәріздің ішкі алаңдарының желісі) | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 84,7 | РБ |
9,4 | ЖБ | |||||
118. | Сырдария ауданының Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданға инфрақұрылым (су құбыры желілерін салу) тарту (100 га) | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 359,6 | РБ |
40,3 | ЖБ | |||||
119. | Сырдария ауданының Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданға инфрақұрылым (су құбыры желілерін салу) тарту (35 га) | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, әкімдік | 2020 | 112,7 | РБ |
12,7 | ЖБ | |||||
Жиыны: | 2 936 | |||||
Барлығы: | 219 729,7 |
Қаржыландыру көздері | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | Барлығы |
Республикалық бюджет | 13 900,7 | 52 108,9 | 50 106,1 | 40 568,9 | 156 684,6 |
Жергілікті бюджет | 14 628,9 | 13 755,9 | 12 859,9 | 9 390,9 | 50 635,6 |
Жеке инвестициялар | 5 502,5 | 3 507 | 3 400 | 12 409,5 | |
ЖИЫНЫ: | 34 032,1 | 69 371,8 | 62 966 | 53 359,8 | 219 729,7 |
Кешенді жоспарды іске асырудан мынадай нәтижелер күтілуде:
Жалпы өңірлік өнім
Облыстың ЖӨӨ 2023 жылға қарай номиналды мәнде 2 062 млрд.теңгеге дейін ұлғаятын болады деп болжануда. Облыстың ЖӨӨ құрылымында 2023 жылы тау-кен өнеркәсібінің басым үлесі сақталатын болады. Сонымен бірге, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс үлесі ұлғаятын болады.
Өнеркәсіп
2022 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі өнеркәсіп үлесін 45,9%-ға дейін (2017 жылы – 36,3%) ұлғайтуға қол жеткізу жоспарлануда.
ЖӨӨ "Байкен-U" ЖШС өндірістік қуаттарын жаңғырту нәтижесінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 9,7% (2017 жылы – 4,7%) құрайды.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі 2,5 есеге, өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 2,5 есеге ұлғаятын болады.
Кәсіпкерлік
ЖӨӨ құрылымындағы шағын және орта бизнес үлесі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 20% құрайды.
Көліктік және инженерлік инфрақұрылым
Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жолдардың деңгейі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 72% жетеді;
Қызылорда облысының барлық 7 аудан орталығы газбен жабдықталатын болады.
Жалпы саны 91 мыңнан астам халқы бар 32 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі.
Қызылорда қаласында жұмыс істеп тұрған жылу электр станциясын жаңғырту сыртқы энергия көздерінен энергия тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді. Магистральдық жылу желілерін реконструкциялау бойынша жұмыстарды жүргізу нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 42%-дан 36,6%-ға дейін төмендейді.
Экология
Облыс бойынша ҚТҚ өңдеу және кәдеге жарату үлесі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 16%-ға жетеді (2018 жылы – 3,19%).
Әлеуметтік қорғау
Арал өңірі халқының арасында экологиялық тәуелді аурулардың тізбесін айқындау үшін себеп-салдарлық байланысты белгілеу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу оларды реттеу бойынша басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жүктілік пен босану бойынша демалыс ұзақтығын арттыруды негіздеу үшін бала туу жасындағы әйелдердің денсаулық жағдайына талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Пилоттық жобалар шеңберінде Қызылорда облысының базасында аз қамтылған азаматтар әлеуметтік сүйемелдеуге мұқтаж болған жағдайда уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылының егжей-тегжейлі регламенттері мен алгоритмдері әзірленетін болады. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде, өмірде қиын жағдайда жүрген адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізу жөніндегі үлгі көмек көрсету мерзімдерімен әзірленетін болады, бұл өмір сүру сапасын арттыруға және жақсартуға мүмкіндік береді.
Осы іс-шаралар кешенін іске асыру өңірдің дамуына сапалы жаңа серпін береді, 10 000 жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау
Заманауи көпбейінді аурухана, аудандық емхана және перзентхана бөлімшесін салу білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, тиімділігі мен сапасын арттыруға, халықтың денсаулығын жақсартуға, бала туудың ұлғаюын және өлім-жітімнің төмендеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте 2030 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 73,9 жылға артады.
Спорт
2022 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 32%-ға жетеді.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар
Облыстың жалпы контингенті шамамен 265 мың адамды құрайтын 38 елді мекенін тасқын судан қорғау және су көлемін қауіпсіз өткізуді жақсарту қамтамасыз етіледі.
Тұрғын үй
2023 жылға қарай барлық қаржыландыру көздері есебінен кем дегенде 800 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.
Ескертпе:
* республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі әкімдік бюджет заңнамасына сәйкес қажетті құжаттамалар ұсынған жағдайда тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау барысында белгіленетін болады.
** шығыстар көлемі ЖСҚ әзірленгеннен кейін ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.
*** жалпы сипаттағы трансферттер есебінен.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі; |
АШМ | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; |
ДСМ | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі; |
Еңбекмині | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; |
ИИДМ | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі; |
Қаржымині | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі; |
МСМ | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі; |
СІМ | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі; |
ҰЭМ | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі; |
ХАҚҚ | - | Халықаралық Аралды құтқару қоры; |
ЦДҚАӨМ | - | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі; |
ІІМ | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; |
ІІД | - | Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті; |
ЭМ | - | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі; |
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ | - | "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы; |
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАҚ" АҚ | - | "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы; |
"Қазсушар" РМК | - | "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорын; |
АГБС | - | автоматтандырылған газ бөлу станциясы; |
Әкімдік | - | Қызылорда облысының әкімдігі; |
БГРП | - | бас газ реттеуші пункт; |
БК | - | басқа көздер; |
ЖШС | - | жауапкершілігі шектеулі серіктестік; |
ЖБ | - | жергілікті бюджет; |
ЖСҚ | - | жобалау-сметалық құжаттама; |
ЖК | - | жылу камерасы; |
ЖТ | - | жылу торабы; |
ЖЭО | - | жылу электр орталығы; |
КК | - | кәріздік коллектор; |
КСС | - | кәріздік сорғы станциясы; |
ҚО | - | қазандық орталығы; |
МЖӘ | - | мемлекеттік-жекешелік әріптестік; |
МПа | - | мегапаскаль; |
ПІК | - | пайдалы іс-қимыл коэффициенті |
РБ | - | республикалық бюджет; |
РМК | - | республикалық мемлекеттік кәсіпорын; |
ТЭН | - | техникалық-экономикалық негіздеме. |