Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 86-2), 86-3), 86-4), 86-5), 86-6), 86-7), 86-8), 86-9), 86-10), 86-11), 86-12) және 86-13) тармақшалармен толықтырылсын:
"86-2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
86-3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы негізде ақпарат беру;
86-4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
86-5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
86-6) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
86-7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
86-8) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
86-9) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
86-10) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың қызметіне әдістемелік көмек беруді және үйлестіруді жүзеге асыру;
86-11) нарықтың дайын болуына орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың жүргізген талдауына сараптамалық қорытындылар дайындау және беру;
86-12) өз құзыреті шегінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар бәсекелес ортаға беру үшін ұсынатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іріктеу нәтижелеріне сараптама жүргізу;
86-13) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар жүргізген оңтайландыру тұрғысынан ұсынылған есептеме бойынша қорытынды әзірлеу және беру;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |