Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 68, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 10-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-1-жолмен толықтырылсын:
"
23-1. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АҚДМ | Тамыз | Қыркүйек | Қараша |
М.А. |
";
ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
"ҚДМ – Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А.Мамин |