"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 448 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин


Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы

      Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту және жекеше секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:

      1) қызметін әлеуметтік салада және (немесе) елді мекендердің тыныс- тіршілігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (біріктіру немесе қайта құру) жолымен оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғалар;

      3) жарғылық капиталында дауыс беретін акцияларының елу және одан да аз проценті (қатысу үлесі) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі болатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер);

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы және (немесе) келісімі бойынша құрылатын заңды тұлғалар қосылмайды.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы органдармен және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар осы Жарлықты іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О введении моратория па создание субъектов квазигосударственного сектора"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2019 года № 448.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О введении моратория на создание субъектов квазигосударственного сектора".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

О введении моратория на создание
субъектов квазигосударственного сектора

      В целях сокращения участия государства в предпринимательской деятельности и создания условий для развития частного сектора ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Ввести до 31 декабря 2020 года мораторий на создание субъектов квазигосударственного сектора, за исключением:

      1) юридических лиц, осуществляющих деятельность в социальной сфере и (или) в области жизнеобеспечения населенных пунктов;

      2) юридических лиц, создаваемых в рамках оптимизации действующих юридических лиц путем их реорганизации (слияния или преобразования);

      3) акционерных обществ (товарищества с ограниченной ответственностью), в уставном капитале которых субъектам квазигосударственного сектора будет принадлежать пятьдесят и менее процентов голосующих акций (долей участия);

      4) юридических лиц, создаваемых по поручению и (или) согласованию с Президентом Республики Казахстан.

      2. Правительству Республики Казахстан совместно с местными исполнительными органами и субъектами квазигосударственного сектора, а также государственным органам, непосредственно подчиненным и подотчетным Президенту Республики Казахстан, принять необходимые меры по реализации настоящего Указа.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
К.Токаев