Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Таллинн қаласындағы (Эстония Республикасы) Консулдығын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
Қазақстан Республикасының Таллинн қаласындағы (Эстония Республикасы) Консулдығын қайта ұйымдастыру туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Таллинн қаласындағы (Эстония Республикасы) Консулдығы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |