"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 534 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз!

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;";

      16-тармақта:

      42) тармақша алып тасталсын;

      96) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "96) аумақтық әділет органдарының қызметін қамтамасыз ету және оларға коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылық ету;";

      101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "101) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;";

      мынадай мазмұндағы 101-1), 101-2) және 101-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "101-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      101-2) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жіберу;

      101-3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы іске асыратын коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтердiң бағаларын келiсу;";

      103) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "103) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды орталықтан жүзеге асыру және тiркеушi органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелер өтiнiш жасаған кезден бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, оларға ақпарат беру;";

      мынадай мазмұндағы 140-10) тармақшамен толықтырылсын:

      "140-10) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімдер жобаларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізу;".

      2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 "Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2019 года № 534.

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.07.2019.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 "Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 41, ст. 532) следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве юстиции Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      подпункт 3) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "3) осуществление государственной регистрации юридических лиц, являющихся некоммерческими организациями, учетной регистрации их филиалов и представительств, государственной регистрации нормативных правовых актов центральных государственных органов и ведомств, местных представительных и исполнительных органов, а также акимов, обеспечение государственного учета нормативных правовых актов Республики Казахстан;";

      в пункте 16:

      подпункт 42) исключить;

      подпункт 96) изложить в следующей редакции:

      "96) обеспечение деятельности территориальных органов юстиции и оказание им методического руководства по вопросам государственной регистрации юридических лиц, являющихся некоммерческими организациями, учетной регистрации их филиалов и представительств;";

      подпункт 101) изложить в следующей редакции:

      "101) государственная регистрация юридических лиц, являющихся некоммерческими организациями, учетная регистрация их филиалов и представительств;";

      дополнить подпунктами 101-1), 101-2) и 101-3) следующего содержания:

      "101-1) осуществление государственного контроля за деятельностью Государственной корпорации "Правительство для граждан" в сфере государственной регистрации юридических лиц, являющихся коммерческими организациями, и учетной регистрации их филиалов и представительств в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан;

      101-2) направление в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" представления об устранении нарушений в случае выявления нарушения законодательства Республики Казахстан;

      101-3) согласование цен на услуги по государственной регистрации юридических лиц, являющихся коммерческими организациями, и учетной регистрации их филиалов и представительств, реализуемые Государственной корпорацией "Правительство для граждан;";

      подпункт 103) изложить в следующей редакции:

      "103) централизованное осуществление формирования бизнес-идентификационных номеров и представление информации регистрирующим органам и иным государственным учреждениям не позднее двух рабочих дней с момента их обращений;";

      дополнить подпунктом 140-10) следующего содержания:

      "140-10) проведение правовой экспертизы проектов соглашений о переработке твердых полезных ископаемых на предмет соответствия требованиям законодательства Республики Казахстан;".

      2) Настоящее постановление вводится в действие с 1 июля 2019 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин