Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | МСМ | Ақпан | Наурыз | Мамыр | Е.Т. Қожағапанов |
";
реттік нөмірі 16-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-2-жолмен толықтырылсын:
"
23-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | МСМ | Наурыз | Қазан | Желтоқсан | Н.М. Дәуешов |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |